Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім


МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ОТАНДЫҚ



Pdf көрінісі
бет20/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ОТАНДЫҚ 
ПРОФЕССОРЫ Ә.Ә. ЕРМЕКОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ 
Ә. Ермеков Томскінің технологиялық институтын 
бітіріп жоғары білім алған және жоғары математикадан 
алғашқы оқулықтың авторы болған қазақтың бірінші 
математигі еді. Әлімхан Әбеуұлы Ермеков Қарағанды 
облысы Ақтоғай ауданының Бөріктас елді мекенінде 
1891 жылы дүниеге келген. 
Ол 1920 жылы Халық Комиссарлары кеңесінің 
төрағасы 
В.И.Лениннің 
қабылдауында 
болып, 
кеңейтілген мәжілісте – Қырғыз (Қазақ) өлкесіндегі 
жағдай, әсіресе, шекара мәселесі туралы мазмұнды 
баяндама жасаған. Ә.Ермеков өз баяндамасында 
патшалық билік кезінде жергілікті халық – қазақтардың ең шұрайлы деген 
жерлерінен айрылғанын, әсіресе Столыпин реформасы кезінде орасан зор 
зорлық-зомбылықты бастан кешкенін нақты деректермен мәлімдеп береді. 
Каспий теңізінің жағалауларындағы жетпіс шақырымдай жердің патшалық 
Ресейдің Астрахань губерниясының қарамағына өтіп кеткенін баяндайды. 
Ақыры, қарсылық білдіргендерге басу айтып, дауысқа салғанда аталған 
территория Қазақстан автономиясына беріледі. В. Ленин сияқты билік 
иесін Әлімхан Ермековтің асқан білімдарлығы қарсыластарын сендіре алар 
дәлелді тұжырымы, ой-сананың айрықша асқақтығы тәнті еткен болса 
керек. 
1920 жылдың 26 тамызында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық 
Социалистік Республикасын құру туралы декрет қабылданады, 12 қазанда 
Орынборда Бүкілқазақстандық кеңестердің бірінші съезі өтеді де, 1921 
жылдың сәуірінде партияның Орталық Комитеті мен РСФСР Халық 
Комиссарлары кеңесінің жоғарыда аттары аталған жерлерді (Коростылев 
даласын, Семей, Ақмола облыстарын және Каспий жағалауындағы өңірді) 
Қазақстан құрамына беру туралы қаулысы шығады [1, 21 б.]. 
Осынау саяси әрі ауқымды да маңызды оқиғалардан кейін 1921 жылы 
ол оқуын тәмамдау ниетімен Томксіге оралады. Сол жылдары өкпе 
ауруына шалдыққан профессор М. Усовты белгілі дәрігер С.Адамовтың 
ақылымен профессордың үздік шәкірті Әлімхан Ермеков қазақ даласына 
шақырады, сапар барысында сырқатты қарап, ем қолдануды Әлекеңнің 
жары – Рахия Шагабетдинова өз мойнына алады. Оларды Ермековтің досы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет