Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім


БАТТАҚОВ СҮЙІНДІК БАТТАҚҰЛЫ – ҒАЛЫМ, ПЕДАГОГ



Pdf көрінісі
бет35/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
БАТТАҚОВ СҮЙІНДІК БАТТАҚҰЛЫ – ҒАЛЫМ, ПЕДАГОГ 
Баттақов Сүйіндік Баттақұлы, 1939 жылдың 1 қаңтарында Қарағанды 
облысы Нұра ауданының Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Орта 
мектепті бітіргеннен кейін 1957 жылы Қарағанды тау-кен институтына 
«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығына оқуға түсті. 1960 
жылы Қарағанды политехникалық институтының (ҚПТИ) ең үздік 
студенттерінің қатарында оқуын жалғастыру үшін Ленинград инженерлік – 
құрылыс институтына (ЛИҚИ) жолдама алды. ЛИҚИ бітірген соң 1962 
жылдан бастап 1964 жылға дейін ҚПТИ материалдар кедергісі 
кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді. 1964 жылдан бастап 1968 
жылға дейін ЛИҚИ мақсатты аспирантурасында оқыды. 1968-1970 жж. 
машықтанушы-зерттеуші. 
1971 
жылы 
Баттақов 
С.Б. 
техника 
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуге диссертацияны 
сәтті қорғап шықты. 1970 жылдан 1972 жылға дейін материалдар кедергісі 
кафедрасының аға оқытушысы, ал 1972 жылдан 1976 жылға дейін доценті 
болып қызмет етті. 1976 жылдан бастап 1987 жылға дейін осы кафедраны 
басқарды. 1987 жылдан бастап 1990 жылға дейін докторантурада оқыды. 
1990-1997 жж. аралығында құрылыс материалдарымен бұйымдары 
технологиясы кафедрасын басқарды. 1990 жылдан бастап 1997 жылға 
дейін институттың Ғылыми кеңесі Баттақовты С.Б. инженерлік-құрылыс 
факультетінің деканы етіп сайлады. Факультет деканы лауазымында 1990 
жылға дейін қызмет атқарды. 1993 жылдан 2003 жылға дейін ЦМБТ 
кафедрасының профессоры. С.Б. Баттақов жоғары білікті инженерлік 
кадрларды даярлау бойынша үлкен мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізді. 
Ұзақ уақыт бойы кафедралармен ИҚФ деканатын басқарды, оқулық, 
материалдық және ғылыми базаны нығайтуға оқытушылардың біліктілігін 
жоғарылату, оқу процесін жетілдіру бойынша көп еңбек етті. С.Б. Баттақов 
– елімізде тұтас орталар механикасы және теориялық материалтану 
саласының жетекші ғалымдарының бірі болды, 100-ден астам ғылыми, 
ғылыми-әдістемелік еңбектердің, соның ішінде «Материалдар кедергісі», 
«Құрылыс 
материалдары» 
оқулықтардың 
мемлекеттік 
тілде 
«Высокоалитовый 
портландцемент 
из 
нетрадиционного 
сырья» 
монографиясының авторы. Оның ғылыми жетекшілігімен төрт 
кандидаттық диссертация сәтті қорғалды. Ұзақ және жемісті ғылыми-
педагогикалық және қоғамдық қызметі үшін С.Б. Баттақов бірнеше рет 
құрмет грамоталарымен, үздік белгілерімен және алғыс хаттармен 
марапатталды. 8 Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 
Ғылыми кеңесінің шешімімен «Механика» кафедрасының «Материалдар 
кедергісі» зертханасына профессор С.Б. Баттаковтың аты берілді. 


100 
Арыстан И. Д., профессор, Халықаралық 
Ақпараттандыру академиясының академигі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет