Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім


Н.Ф. ГРАЩЕНКОВ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ



Pdf көрінісі
бет38/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
Н.Ф. ГРАЩЕНКОВ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ 
ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ 
Н.Ф. Гращенков – ғалым, әрі педагог, тау-кен 
ісі саласындағы ірі маман – техника ғылымдарының 
докторы, профессор. Ғылыми жетістіктер саласы – 
көмір 
шахталарында 
тұйықтық 
қазбаларды 
желдетудің қауіпсіз параметрлерін негіздеу және 
үңгілеу бойынша жаңа технологиялық тәсімдер 
жасау.
Н.Ф. Гращенков 1929 жылы 4 ақпанда 
Смоленск облысының Духовщинск ауданында 
Сущево ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 
Балалық шағы адамзат үшін ең қатерлі сынақ – 
соғыстың ызғарына шалынады. 1941 жылы оның әкесі майданға аттанады. 
Шешесі бес кішкене баласымен 1941 жылдан бастап 1943 жылға дейін 
басқыншылықта қалады. 1943 жылы 14 жасында фашистер жұмыс күші 
ретінде батысқа айдауға жібереді. Николай Отанына – Смоленск облысы 
Духовщина қаласына тек 1945 жылы ғана қайтуға мүмкіндік алады. Туған 
ауылы түгелдей өртеніп кеткен. Бақытына қарай, сұрапыл жылдары әкесі 
де, шешесі де аман қалды, ата-анасы оны астан-кестен уақытқа қарамастан, 
одан әрі оқуға көндірді.
1950 жылы Николай Гращенков мектепті алтын медальмен бітіреді
бұл – мақсаттылықтың, мақсатқа бағыттылықтың және білім мен 
дүниетануға үлкен талпыныстың куәсі.
Мектепте оқып жүрген кездің өзінде, әрі қарай қайда оқуға түсу керек
екендігін ойлайтын. Құжаттарын Жоғары теңіз байланысы 
училищесіне, Рига теңіз училищесіне жібереді [1, 7-9 б.]. Училищеге оны 
денсаулығына байланысты (соғыс жылдарындағы аштық және басқындық 
аймақта болуы әсер етеді) оқуға алмайды.
Мәскеу тау-кен институтына медалист ретінде кеңесуден кейін түседі. 
Студенттік өмір басталады. Жеңіл атлетикамен және волейболмен 
айналысады. Бірақ үнемі ақшаны қайда жұмсау керектігін – жатақханаға 
төлеуге ме, бәтеңке сатып алып, бірақ кешкі тамақты күнара ішемін бе 
немесе тәпішкемен жүремін бе деп ойлау керек болды. 2-курстан кейін 
Бобруйскіде жазғы әскери жиындар болды, одан әрі – практика, Сталин 
облысы «Красноармейскуголь» тресінің №17-18 шахтасында кен қазушы 
болып жұмыс істеді, екі аптада 462 сом тауып, отбасы қажетіне жаратты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет