Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім


Қарағанды ғалымдары Қос ғылымды тел емген



Pdf көрінісі
бет37/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
Қарағанды ғалымдары Қос ғылымды тел емген
Техникалық жоғары оқу орындары студенттердің арасында 
«сопроматты тапсырған соң үйлене беруге болады» деген сөз бар. 
Сопромат (сопротивление материалов), яғни материалдар кедергісі 
пәндер ішіндегі қиынның қиыны деп есептелетін және жоғары математика 
мен «термехтен» (теориялық механика) кейінгі базалық пән болып 
табылатын. Болашақ инженерлерге, әсіресе, конструкторлар мен 
жобалаушыларға аса қажет ілім. Бірақ түсініп оқыған адамға, мектептен 
жақсы дайындығы бар студентке одан қисынды пән жоқ. Екі-үш «этажды» 
формулаларын шешіп тастап, эпюрлары (материалдар деформациясының 
қағаз бетіндегі кескіні) үйлесіп жатса, талап қылушының жаны ләззат 
табады. Сүйіндік Баттақов сол кездегі Нұра ауданына қарасты Ынтымақ 
аулында туып-өсіп, мектепті бітіргеннен кейін Қарағандының тау-кен 
институтының құрылыс факультетіне түскенде жоғарыда аталған 
пәндердің бәрін «шемішкедей шағады». Таудай талабын таныған 
ұстаздары, ректор Ә.Сағынов оны сол кезде Одақтағы ғылым-білімнің ірі 
ордасы болып саналатын Ленинград қаласындағы Инженерлік-құрылыс 
институтына оқуға жіберуге ұсыныс жасағанда бас тартқан жоқ. Өйткені, 
өнер-білімге құштар бұл отбасында ағасы Дуантай сол кездің өзінде 
Мәскеудің ең беделді оқу 35 орындарының бірі – Бауман атындағы жоғары 
техникалық училищесінде оқып жүрген. Мұндай оқу орнын бітіріп келген 
қазақ жастары ол кезде саусақпен санарлық еді. Сондықтан оларды 
институт өздеріне алып қалып, бірден ғылыми-педагогикалық жұмыстарға 
баулитын. Сөйтіп, Сүйіндік 1962 жылы политехтің материалдар кедергісі 
кафедрасына оқытушы болып қабылданып, ұстаздық қызметін бастайды. 
Кейін Нева жағалауындағы қалада, өзі оқыған институттың 
аспиранты болып қабылданып, кандидаттық диссертациясын ойдағыдай 
қорғап шықты. Тақырыбы «сопромат» пен өзінің негізгі мамандығы – 
құрылыс материалдары технологиясын бірдей қамтыды, яғни цемент пен 
клинкердің беріктік, деформациялық қасиеттерін зерттеуге арналған еді. 
Осы екі ғылымды ол қос ананың емшегіндей тел емді, бүкіл саналы 
өміріне азық болды. Олай дейтініміз, Политехникалық институтта 1976-
1987 жылдары 11 жыл бойы «Материалдар кедергісі» кафедрасын, ал 
1990-1997 
жылдары 
«Құрылыс 
материалдары 
мен 
бұйымдары 
технологиясы» кафедрасын басқарды. 1993-1999 жылдары инженерлік-
құрылыс факультетінің деканы қызметін қоса атқарды, кейін соңғы 
кафедраның профессоры болды. Сүйекең институтта жоғары кәсіби 
инженер кадрларын даярлауға өлшеусіз үлес қосты. Қырық жылдан астам 
ұстаздық еткенде мыңдаған шәкірттер даярлап шығарды. Оның 


103 
жетекшілігімен үш жігіт кандидаттық диссертация қорғады. 100-ден астам 
ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. КСРО еңбек сіңірген 
өнертапқышы атағының иегері. – Құрылыс – адамзат баласының өмірлік 
серігі, - деп толғанады Сүйекеңмен қызметтес болған әріптесі, техника 
ғылымдарының докторы, «Құрылыс материалдары және бұйымдары 
технологиясы» кафедрасының профессоры Жұмагелді Байжанов. - Қай 
заманда болсын жаңа құрылыс салмай немесе ескіні жаңартпай отыра 
алмайды. Кейінгі жылдары құрылыс индустриясы саласында қаншама 
жаңалықтар жасалып жатыр. Сүйекең де бұған өз үлесін қоса білді. 
Портландцемент алудың жолдары туралы көлемді монографиясы 
жарық көрді. Бір әттеген-ай докторлық диссертациясын қорғауға ғұмыры 
жетпеді. 
Оны шәкірттері аса құрметтеп, «мэтр» деп атаушы еді. Мэтр 
(французша maitre) – мұғалім, ұстаз, яғни ғылым, өнер немесе әдебиет 
саласында аса зор дарын мен білімі бар адамның құрметті атауы, делінеді 
шетелдік сөздер анықтамалығында. Ендеше ұстаз үшін шәкірттерінің 
мұндай бағасынан артық қандай марапат болмақ?! Сүйекеңнің ғылымдағы 
екінші қыры туралы көп жылдар «Материалдар кедергісі» кафедрасында 
қызмет істеген, қазір «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі, 
техника ғылымдарының докторы Серікбай Тутанов былай әңгімелейді: – 
Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алып, біздің политехта да кадрларды 
қазақ тілінде даярлау қолға алынған сонау сексенінші жылдардың соңында 
Сүйекең де ана тілімізде оқулықтарды шығаруға белсене араласты. Ол өз 
кафедрасы бойынша «Құрылыс материалдары» оқулығын қазақшалаумен 
қатар біздің кафедра дайындап жатқан «Материалдар кедергісі» пәнінің 36 
оқулығын шығаруға да атсалысты. Осы кафедраның бұрынғы меңгерушісі, 
әрі ірі маман ретінде ол авторлар ұжымына (Е.Ақбасов, Т.Даникина, 
Т.Жетпісов, С.Тутанов) үлкен көмек көрсетіп, өзі де бір тарауын жазып 
берді. Рас, бұл салада алғашқы оқулық 1986 жылы «Мектеп» баспасынан 
жарық көрген еді, авторлары М.Үркімбаев пен С.Жүнісбеков. Оқуға 
қолайлы, тілі жатық болғанмен, ол жоғары оқу орнына қажетті 
«материалдар кедергісі» курсын толық қамти алмады және тиражы да аз 
болды. Жаңа оқулықта тақырып неғұрлым кеңірек, ауқымды қамтылды.
Материалдар кедергісі /қарсылығы туралы жоғары оқу орындарының 
бағдарламасы бойынша жан-жақты әңгіме қозғалды. Сөйтіп, Қарағанды 
политехникалық институтының ұстаздары осы уақытқа дейін ешкімнің тісі 
батпай жүрген «сопроматты» Республикада бірінші болып қазақ тілінде 
сайратты. Бүгінде созылу мен сығылу, бұралу мен иілу, ығысу 
деформациялары, кернеу мен тербеліс, серпімді деформация, күрделі 
қарсыласу сияқты сөздер ғылыми айналысқа берік еніп, қазақ студенттері 
арасында үйреншікті терминдеріне айналды. Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университеттіне А.Ғазалиев ректор болып келгелі бұрынғы 
басшылары, Социалистік Еңбек Ері Ә.Сағынов пен оның серіктестерінің 


104 
еңбегін елеп, есімдерін мәңгі есте қалдыру ісі жақсы үрдіске айналып 
отыр. Тұңғыш ректордың ескерткішін орнату қозғалысы өріс алды, 
университеттің белді 11 профессорына мемориалдық тақта орнатылды. 
Осы жұмысты үйлестіріп отыру үшін профессор Т.Ынтықов 
басқаратын ҚарМТУ түлектері мен оқытушылары қауымдастығының 
қоғамдық қоры құрылған. Қор дирекциясының университетте 40 жылдан 
астам еңбек еткен ұлағатты ұстаз, білікті ғалым, тамаша азамат Сүйіндік 
Баттақовтың (1939-2004) есімін мәңгі еске қалдыру жөніндегі ұсынысы 
бірауыздан қолдау тапты. Сонымен, ертең 11 желтоқсан күні С.Баттақов 
еңбек еткен, қазір біріктірілген «Механика» кафедрасының «Материалдар 
қарсылығы» зертханасында ғалымның мемориалдық тақтасы орнатылып, 
есімі зертханаға берілетін болады. 


105 
Н.Х. Шәріпов, 
профессор, т.ғ.к.
e-mail: nhsharipov@yandex.ru 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет