Байланысты: Курстық және дипломдық жұмыстарды әзірлеу
Кешенді дипломдық жұмыстың мақсаты болып психология, педагогика және кәсіптік оқытудың әдістемесі бойынша интеграциялық білімдерді негізінде кәсіптік педагогикалық ойдың қалыптасуы болып табылады. Мұндай интеграция құралы ретінде оған психология – педагогикалық зерттеулер кіреді, сонымен қатар дипломдық жұмыс орындау үрдісіне өзіндік өткізу қабілеті қалыптасады.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін студенттерге төмендегі қажеттіліктер қажет:
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау;
Тақырып бойынша әдебиеттерді оқу және таңдау;
Таңдалған кәсіби оқу - өндірістік саласының сипаттамасы мен танысу;
Дипломдық жұмыстың кеңейтілген жоспарын құру.
Психология – педагогикалық зерттеулердің аппаратын анықтау;
Қаралатын мәселелердің психологиялық аспектісін оқып үйрену;
Зерттеу пәнінің психологиялық сипаттамасын жасау үшін тәжірибеде диагностикалық әдістемелерді таңдау және нақтылау;
Қарастырылатын мәселелердің педагогикалық аспектілерін оқып үйрену;
Берілген жұмыста нақты педагогикалық тапсырмалардышешуде психологияның теориялық жағдайын қолданып, дипломдық жұмыстың педагогикалық және психологиялық бөлімдерін логикалық байланыстыру;
Алынған нәтижелерді толығымен сипаттай отырып, дипломдық жұмыс бойынша жалпы қорытынды жасау.