ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ «Экономика және құқық факультеті»
«Құқықтану кафедрасы»
ЖОБА Тақырыбы:Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығың қалыптасуы, түрлері мен типтері.
Орындаған:Марат Диляра Тексерген:Оразаева Жазира Ақтөбе-2023 МАЗМҰНЫ Кіріспе.............................................................................................3 Негізгі бөлім.................................................................................... 1.1 Жабайы жануарларды қолға үйрету.................................................................4 1.2 Көшпелі шаруашылық түрлері..........................................................................5 1.3 Көшпелілердің өсірген түліктері.......................................................................7 Қортынды.......................................................................................7 Дереккөздер....................................................................................8
Кіріспе Мал шаруашылығы – көшпенді қазақ халқының негізгі кәсібі саналды. Сондай-ақ азық-түлік және ішіп-жеммен қамтамасыз ететін негізгі тіршілік көзіне айналды десек те болады.
Қазақстанның тым континентті климаты, жыл мезгілдеріндегі жауын-шашынның әрқилылығы, ауа-райының аумалы-төкпелілігі, яғни, табиғи-климаттық ерекшеліктері қазақ халқының шаруашылық құрылымы мен материалдық өндіріс жүйесінің негізгі бағыттары мен сипатын анықтап берді. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қазақ халқының үш мың жыл ішіндегі табиғатты пайдалану мен шаруашылық әрекеті көшпелі мал шаруашылығы болып келді. Тіршілік ортасына бейімделу мен өмір сүрудің ерекше әлеуметтік-мәдени типіне жататын мұндай ортада көшпелі мал шаруашылығы қарқынды дамыды, халықтың басым көпшілігі жыл мезгілдеріне қарай ауысып отыратын көшпелі өмір салтын ұстанды.
Көшпелі мал шаруашылығы қазақ халқының басым көпшілігінің материалдық тіршілік көзі болып есептелді. Тарихшылар дерегінде кездесетін Ресей империясының 1897 жылы жүргізген жалпыға бірдей санақ материалдарына қарағанда қазақтардың 80%-ға жуығы негізгі азық-түліктерін мал шаруашылығының өнімдерінен алып отырса, 18%-ы мал шаруашылығына қоса егіншілікпен де шұғылданған.
Төрт түлік малды жыл бойына өрісте, жайылымда бағу көшпелі мал шаруашылығының басты ерекшелігі болды. Бұл бір жағынан су қоры мен жем-шөптің аздығына байланысты қалыптасты. Сол себепті мал басын сақтау мен көбейту үшін қазақтар жыл мезгілдеріне қарай көшіп-қонуға мәжбүр еді.
Орта есеппен алғанда көшпенділердің бір жылдағы көш жолы елу-жүз шақырымды құрады, алайда, кейбір ру-тайпалар мың-екі мың бес жүз шақырымға дейін ұзап шыққан екен
Табиғи қорларды мейлінше тиімді пайдалану тәсілдеріне қарай жыл мезгілдеріне байланысты мекендейтін жерлер өз атауымен белгіленді. Қысты қыстауда өткізсе, көктемді көктеуде, жазды жайлауда, күзді күзеуде өткізді. Сонымен қатар өзен-көлдердің жағалаулары мен тау аңғарлары, жел мен қарлы бораннан сақтайтын орман тасалары, таулы қыраттардың күнгей беткейлері қысқы жайылымдар үшін таңдалған. Ал ерте көктемгі жайылымдар қыстауға жақын, қар кетіп, қыстың тоңы жіби бастаған төңіректен қарастырылса, жазда суы мол, шөбі шүйгін алысқа қарай көшіп, жайлауға шықты. Осылайша қазақ малшылары төрт түліктің ыңғайына қарай қоршаған орта мен жыл мезгілдерін тиімді пайдаланудың шарттарын жақсы меңгерген.