Н.Т Мырзазияев — Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай
академиясының ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1-курс магистранты, әділет
капитаны;
Ғылыми жетекшісі — Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай
академиясының заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттандыру
академиясының академигі Р.А Назмышев.
ЕЛІМІЗДЕГІ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ НЕГІЗІ МЕН
КӨРІНІСІ
Еліміздің қоғамы үшін ұйымдасқан қылмыстылық ұғымы — салыстырмалы түрде жаңа
пайда болған түсінік, бұрын бұл ұғым тек мамандырылған криминологтарға белгілі болған және
мәліметтер құпия сақталған. Қазіргі таңда ұйымдасқан қылмыстылықпен күресуге және оның
алдын алуға мүмкіндіктер бар. Бұл құбылыстың қоғамымызға ашық енуі қоғамдық сана үшін
мән-жайсыз қалмады. Зерттеу нәтижесінде көрсетілгендей, қазіргі таңда ұйымдасқан қылмыстар
ауқымды орын алуда және қоғамымызда өз орнына ие екені айқын, себебі қоғамымызда
ұйымдасқан қылмыстылықты заңдастыруға талпынған үрдістер де жүріп жатыр және қоғам мен
мемлекеттік барлық салаларында бақылауға алынған. Еліміздегі ұйымдасқан қылмыстар мемле-
кеттік билікті шайқалтып, қоғамымыздың қауіпсіздігіне қол сұғу қаупін төндіріп отыр. Қоға-
мызға ұйымдасқан қылмыстарға қарсы тұру және алдын алу шаралары бойынша қатаң жаза
қолдану қажет, себебі қоғамымызда ұйымдасқан қылмыстар өршіп бара жатыр
1
.
Бүгінгі таңдағы заңдарға сәйкес ұйымдасқан қылмыстылықтың екi нысаны бар: ұйымдасқан
топ және қылмыстық қауымдастық (ұйым).
Егер қылмысты ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық
ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, банда
немесе заңсыз әскерилендірілген құралым жасаса, ол қылмыстық топ жасаған қылмыс Қыл-
мыстық Кодексіміздің 31-бабының 3-бөлiгiне сәйкес қылмыс ұйымдасқан топпен жасалған
болып саналады.
Қылмыстық топ құрған не оған басшылық еткен адам осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiс-
тi баптарында көзделген жағдайларда қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған басшылық
еткені үшін, сондай-ақ егер қылмыстар оның пиғылында болған болса, қылмыстық топ жасаған
барлық қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылық, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 31-бабының
4-бөлiгiне сәйкес қылмыс ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, тран-
сұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық,
террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген жасалған болып
табылады
2
.
Ұйымдасқан қылмыстық топ және қылмыстық қауымдастық жайлы (ұйымға) Ресей
Федерациясы Қылмыстық кодексiнiң 35-бабының 3-4 бөлiктерiнде сәйкес дәл осындай анықтама
берiлген
3
.
Дегенмен ТМД елдерiнiң балық қылмыстық заңнамаларында ұйымдасқан қылмыстылықтың
анықтау жолдары нақ осындай емес.
Мәселен: Украина мемлекетінің қылмыстық кодексіне сәйкес ұйымдасқан қылмыстылық-
тарға өзгедей түсінік берілген. Егер ұйымдасқан қылмысқа дайындалу немесе жасаудың белгi-
лері, қылмысты жоспармен топтың барлық мүшелеріне мәлім сол қылмысты жүзеге асыру үш
және одан көп адамдармен жасалған қылмыс Украина қылмыстық кодексінің 28-бабының 3-
бөлігіне сәйкес ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалған болып саналады.
Еліміздің қылмыстық заңнамасына сәйкес ұйымдасқан қылмыстық топ екi және одан да көп
тұлғадан тұра алады және оны жалпы қылмыстық iстер бойынша сот тәжiрибесi растайды
4
.
Криминалист мамандар ұсынған ақпаратқа байланысты ұйымдасқан қылмыстылық түсі-
ніктері iшiнде Б.Нұрғалиев және В.Татарян берген түсініктер толықтай болып табылады. Бұл
маман криманилистердің пікірі бойынша, ұйымдасқан қылмыстылықты еліміздің Қылмыстық
Кодексіне байланысты мынандай қылмыстарды жатқызуға болады, олар:
- жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдардың
лауазымды тұлғалары өз өкілеттерін асыра пайдала отырып,
- жасалса;
237
- оқ-қаруы мен оқ-дәрiлердi адамдарға зиян келтiруге мақсатында немесе өз пайдасына
пайдалану үшін жасалса;
- шетелдегi ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланыстарды пайдалану арқылы жасаса;
- ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қауымдастықтырға қылмыстық табыстарын
заңдастыру және көбейтумен ұштасса;
- ұйымдасқан қылмыстық топтар мен ұйымдасқан қауымдастықтар қызмет фактiлерi
бойынша анықтама немесе тергеу жүргiзетiн лауазымды тұлғаларға қарсылық көрсетiлген
жағдайда
5
.
Еліміздің Қылмыстық Кодексінің 262-бабы бойынша қылмыс құрамы қоғамға қауіптілігіне
байланысты қылмыстық жауапкершілік ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық
қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық
қылмыстық қоғамдастық, банда немесе заңсыз әскерилендірілген құрылған уакыттан бастап
аяқталған болып саналады. Сол себепті қылмыс жасаған тұлғалардың әрекеттері қылмыстық
кодекстің баптарына сәйкес жеке саралану қажет.
Бандамен және қылмыстық қауымдастықпен жасалған қылмыстарға қатысу, ұйымдастыру
немесе банда, немесе ұйымдасқан топ жетекшiлерiнiң әрекеттерi Қазақстан Республикасы ҚК-
нің 263 және 268-баптарына сәйкес қосымша саралануға жатпайды. Қылмыстық қауымдастық
пен банда мүшелерiнің әрекеттерiн Қазақстан Республикасы ҚК-нің 263 және 268-баптарына
бойынша, сонымен қатар жасауына немесе дайындалуына қатысқан қылмыстар Ерекше
бөлiмнiң сәйкес баптары бойынша сараланады.
Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ,
трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық қатысу өздiгiнен жауап-
кершiлiкке алып келмейтiн болғандықтан, бұл қылмыстық топ мүшелерiнiң әрекеттерi жасауына
немесе дайындалуына қатысқты қылмыстар Ерекше бөлiмінің баптары бойынша сараланады.
Сонымен, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық
ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық
құрамында қылмыс жасау Қазақстан Республикасы ҚК-нің 262, 263, 264, 265, 268-баптары
бойынша және нақты жасаған қылмысы үшiн жауапкершiлiк көздейтiн Ерекше бөлiмнiң бабы,
қылмыстар жиынтығы бойынша саралану белгiленеді.
Еліміздің ҚК-нің 262-бабының 1, 2, 3 бөлiктермен қылмыс субъектiлерi ретiнде 16 жасқа
толған, есi дұрыс жеке тұлға қарастырылады. Сөйтiп, заң шығарушы ұйымдасқан қылмыс
мүддесiнде қызметтiк жағдайын пайдаланатын тұлғалар үшiн қатаң жауапкершiлiк көзделген.
Криминологиялық тұрғыдан алғанда ұйымдасқан қылмыстардың бірнеше нысандары бар:
Белгiленген аумақта әрекет жасайтын ұйымдасқан қылмыстық топтар. Бұл ұйымдасқан топ,
қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қыл-
мыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтар қылмыстық ітермен айналысады және
өз ортасында беделге ие, басшылары сотталған немесе сотталмаған болуы мүмкін.
Белгiленген аумақта орналасқан ұйымдасқан қылмыстық топтар, қылмыстық iстермен қа-
тар экономикалықы қылмыстарды жасайды және шенеунiктермен жемқор байланыстары бар.
Бұл ұйымдасқан қылмыстық топтар коммерциялық ұйымдардың басшыларына пайдақорлық
және экономикалық мүдделерiне негiзделе, аймақаралық байланыстарға ие болады.
Түзету мекемелерінде әрекет ететiн ұйымдасқан қылмыстық топтар. Ұйымдасқан қылмыс-
тық топтар түзету мекемелерінде ұры заңдарын енгізу жұмыстарын мен мекеме қызметкерлеріне
қарсы жазасын өтеп жүрген сотталғандарды қорқыту және шабуыл жасау үшін пайдаланады.
Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ,
трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құрылымдар әрбір
аумақпен байланыста болу мақсатында әрбір аумақтың мекен тұрғындарынан тұрады.
Бандылық бағытындағы ұйымдасқан топтарға келсек, бұлар қаруланған, көлiктерi, байла-
ныс құралдары бар, аса қатыгездігімен белгілі. Сондықтан бандылық құрылым қоғамызға аса
қауiптi.
Халықаралық байланыста болатын ұйымдасқан топтар. Бұлар Қазақстанда орналасса да
өзге шет мемлекеттермен байланыста болады. Бiрлескен ұйымдасқан топтар үшiн тән белгiлер:
отандық және шет мемлекеттік көлiктерді ұрлау, есiрткi саудасымен айналысу, қару саудасы,
пәтер тонаулар мен қарақшылықтан тұрады
6
.
238
Сондықтан Ауғанстанда, Солтүстiк Кавказда әскери операцияларға байланысты еліміздің
шекараларының жақын орналасу аймақтардағы шиеленiстердiң болу нәтижесінде Қазақстанды
Еуропа елдеріне заңсыз түрде адам өткізу аймағы етуге талпынысы орын алып жатыр.
Адамдарды тасымалдаудың заңсызсыздығына және қатыгездiгiне қарамастан, ұйымдасқан
ұйымдарға, халықаралық байланыста болатын қылмыскерлерге және қылмыстық синдикаттарға
үлкен табыс беретін бизнеске айналып кетуде. Еліміз Орта азиялық құрлықта аумағы бойынша
үлкен мемлекет болғандықтан, бес Орта азия мемлекеттерімен шекаралас болып табылады. Сол
себепті Азия елдерінен есiрткiнi, Еуропа елдеріне және әрi қарай бүкiл дүниеге таратудың тран-
зиттiк коридорына айналуда. Сарапшылардың мәліметіне сәйкес елімізде қолданылатын есiрткi
заттарының 80 пайызы шет мемлекеттерге тиесілі. Мамандардың есебі бойынша, Қазақстан
арқылы есiрткi тасымалдау масштабы жылына 100-150 тоннаны құрайды
7
.
Құқық қорғау жүйесін реформалау Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының негізгі
факторларының бірі Елбасшымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық
өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында келтірілген
реформаның мақсаты ішкі істер органдарының, соның ішінде есірткімен күрес және оның
алдын алу бойынша маманданған мекемелердің қызметін бағалау өлшемдерінің түбегейлі өзге-
руін талап етеді және олардың жұмыстарының нәтижесін қоғам өзі бағалайтындығы айтылып
өткен.
Ұйымдасқан халықаралық қылмыстық топтардың Қазақстанға қызығушылық тудыру
себептерін, еліміздің ерекше геосаяси орналасуын, шекара қызметін ұйымдастыруда туындай-
тын мәселелердiң жетілмегендігі, елімізге кіру режим ерекшелiктерiне, құқыққорғау орган-
дарының өзара әрекеттестiгiнiң қалыптасқан механизмiнiң болмауына байланысты болып отыр.
Ұйымдасқан қылмыстың қылмыстық саласына келетін болсақ, ол бүгінгі күні қоғамдық
қызметтің барлық салаларына түсіп, белгілі бір пайда әкеле алады. Криминалдық әрекеттердің
барысында бұл мемлекет пен қоғамның мүдделеріне зиян тигізеді.
Ұйымдасқан қылмыс саласында кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде банктер, қор бир-
жалары, мемлекеттік сектордағы кәсіпорындар орналасқан. Барлық аудандар, қалалар, базарлар,
автокөлік импорттаушылар, дүңгіршектер, дүкендер, мейрамханалар, кафелер меншікке ие және
белгілі бір ұйымдастырылған топтарға салық төлейді. Көптеген жерлерде кәсіпкерлер азық-түлік
дүкеніне немесе киоскке қылмыстық топқа кірудің жазылмаған тәртіп орнатылған.
Еліміздің экономикалық саласында да ұйымдасқан қылмыстар көбеюде. Физикалық күш
қолданып және қорқыту бойынша ұйымдасқан қылмыскерлер тобы еліміздегі кәсiпкерлердi
ақша төлеуге мәжбүрлейді.
Трансұлттық операциялар қылмыстық ұйымдар үшін қауіпсіз аумақтарда жұмыс істейді,
тиімді нарығына қол жеткізу мүмкіндіктерін табуға және алуға мүмкіндік береді. Қылмыстық
қызметтен түскен табыс салық төлеуден жалтару үшін қолайлы болып табылатын бағыттарын
таңдайды, жаһандық қаржы жүйесінің арналары арқылы өтеді
8
.
Ұйымдасқан қылмыскерлердің қылмыстық қызметiнің жүзеге асырылуы мемлекет пен
қоғам мүдделерiне үлкен зиян келтiредi. Ұйымдасқан қылмыстың салдары енді белгілі бір пайда
әкелуі мақсатында әлеуметтік қызметтердің барлық салаларында еніп отыр.
Ұйымдасқан қылмыстық ұйымдардың еліміздің шекараларынан шығуы тек нарық құры-
лымының өзгеруiмен ғана емес, құқық қорғау органдары бақылауының әлсіздік себебіне де
байланысты. Әртүрлі елдердегі қылмыстық сот төрелігі жүйесінің және құқық қорғау жүйесінің
әртүрлілігі кез-келген қылмыстық элемент үшін қауіпсіз аймақта болу мүмкіндігіне ие болады.
Сондықтан қылмыстық ұйымдар өздерінің қауіпсіздігі үшін қауіпсіз жерді табуға тырысады.
Ұйымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдас-
қан қылмыстық топтар, трансұлттық қылмыстық ұйымдар, бандалар немесе заңсыз әскериле-
ндірілген ұйымдар секілді ұйымдар олардың ықпал ету салаларын кеңейтуге тырысады.
Қорыта келгенде, қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттiк билiктерде сыбайлас жемқорлықпен
шатыс мемлекеттiк шенеунiктердің ұйымдасқан қылмыстылықпен бiрге әрекет ете отырып,
оларға белгiлi бiр қызметтер көрсететiндiктерiн айтуға да болады.
Сондықтан еліміздегі мемлекеттік билік жүйелерінде ұйымдасқан қылмыстармен күресу
жолдарын күшейтіп, алдын алу жолдарын тағы да қарастырып және оларға қатысты қолданатын
жазалау шараларын күшейту қажет.
239
1
Белгібеков Е .С. «Ұйымдасқан қылмыстылықтың қазіргі таңдағы көрінісі» мақаласы https: //
articlekz.com/kk/article/16826 .
2
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi. — Алматы: ЖШС "Издательство "Норма-К", 2014. — 236 б.
3
Уголовный Кодекс Россиский Федарации // http://ukodeksrf.ru/ch-1/rzd-2/gl-7/st-35-uk-rf.
4
Уголовный Кодекс Республики Украины //http://yurist-online.com/uslugi/yuristam/kodeks/013/28.php.
5
Ұйымдасқан топтармен жасалатын қылмыстарды тергеу (тергеушiлерге арналған Әдiстемелiк ұсыныстар) ҚР
ҚПА. – Астана 2002.
6
Белгібеков Е .С. Көрсет.еңбек.
7
Ерин В. Глобальный план ООН по борьбе с организованной транснациональной преступностью. // Междуна-
родная жизнь. — 1995. — №3.
8
Ұйымдасқан топтармен жасалатын қылмыстарды тергеу (тергеушiлерге арналған Әдiстемелiк ұсыныстар) ҚР
ҚПА. – Астана 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |