Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар есебі



бет67/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

4. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар есебі. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауарлық-материалдық қорларды жеткізушілер немесе әр түрлі қызметтер көрсететін және әр түрлі жұмыстар орындайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол ақшасыз жолмен жүргізіледі. Есеп айырысу түрі келісіммен немесе шартпен анықталады. Есеп айырысудың негізгі түрлері мыналар: акцепті, аккредитивті, төлемдік тапсырыс бойынша, чектермен, төлемдік тапсырыспен жоспарлық төлемдер ретінде, өзара талаптарды есепке жазу ретінде, вексельдермен.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар жөніндегі ақпараттарды көрсету үшін 3310 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарызы», 4110 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық қарызы» шоттары арналған. Бұл шоттың кредиті бойынша алынған тауарлық – материалдық қорлар, айналымнан тыс активтердің құны 1310, 1330, 2410, 2730, 7110, 7210, 8410 шоттарының дебетімен корреспонденциясында көрсетіледі. Алынған бағалықтар бойынша ҚҚС сомасы 3310, 4110 шоттардың кредиті және 1420 «ҚҚС» шотының дебеті корреспонденциясында бейнеленеді.
Жабдықтаушылармен және мердігерлер шотын төлеу 3310, 4110 шоттардың дебеті және ақша қаражаттарын есептеу бойынша шоттардың кредитімен (1010, 1030) көрсетіледі. 3310, 4110 шоттар бойынша операциялардың есебі үшін №6 журнал – ордер арналған. Шоттардың кредиті бойынша жазулар жабдықтаушылармен көрсетілген және төлемге қабылданған шот- фактуралар негізінде, жүкке ере жүретін құжаттар негізінде жүргізіледі.
Тауарларды жеткізуге не жұмыстарды орындауға алынған аванстар бойынша, сондай-ақ ішінара дайындығына қарай тапсырыс берушілер үшін өндірілген өніммен атқарылған жұмыстар өтемақысы бойынша есеп айырысулар үшін келесідей шоттар пайдаланады:
3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар»,
4110 «Ұзақ мерзімді алынған аванстар»
Алынған аванстар мен өнімді және жұмыстарды дайындау кезінде алынған төлемақы сомасына
Дебет шот 1030
Kредит шот 3510, 4410
Алынған аванстардың және толық дайын бұйымдарды, материалдарды жеткізгені және орындалған жұмыстар үшін, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шоттарды ұсынған кезде, есепке алынған ішінара дайын өнімдер мен жұмыстар бойынша төлем ақы сомасына
Дебет шот 3510, 4410
Kредит шот 1210
Егер алдағы уаққытта тауарлар жеткізуге, не жұмыстар мен қызметтерді орындауға, авансқа алынған төлемақы сомасын жабдықтаушы пайдаланбаған болса, бұл сома сатып алушыға қайтарылып берілуі тиіс, сонда шоттар корреспанденциясы
Дебет шот 3510, 4410
Kредит шот 1030
3510, 4410 шоттар бойынша операцияларды тіркеу №9 журнал –ордер кредиттік айналымдары үшін, №9 тізімдеме дебетттік айналымдары үшін қолданылады.
Дивидендтер дегеніміз акционерлер иелігінде болатын акциялардың саны мен түрлеріне сәйкес оларға тиесілі акцияларына табыс түрінде жыл сайын акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам табысының бір бөлігі.
Дивидендтер бойынша есеп айырысулар 3030 «Дивидендтер бойынша және қатысушылардың табысы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» шотында жүргізіледі.
Дивидендтерді есептеген кезде 3030 шоттар кредиттеледі және мына шоттар дебеттеледі:
5510, 5520 – есепті жылдың және бұрынғы жылдардың бөлінбеген табысы есебінен акция ұстаушыларға дивиденттер есептегенде;
5410, 5460 – артықшылығы бар акциялар бойынша есептелген дивидендтер сомасына, бөлінбеген табыстың болмауы немесе жетімсіздігі кезінде.
Акциялар бойынша дивидендтер төлемін көрсеткенде
Дm шот 3030
Km шот 1010, 1030 – дивидендтің заттай төлемінде.
Төлемнің қайнар көзінен ұсталынған табыс салығының сомасына 3030 шот дебеттеледі және 3120 «Жеке табыс салығы» шоты кредиттеледі. Дивидендтер салық салуға 15 пайыз ставкасы бойынша жатады және одан кейін салық салуға жатпайды. Жеке табыс салығын бдюжетке аударуда 3120 шот дебеттеліп, 1010, 1030 шоттар кредиттеледі.
3030 «Дивидендтер бойынша және қатысушылардың табысы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» шоты бойынша кредиттік айналымдар №9 журнал- ордерде бейнеленеді.
Кәсіпорынның есепті айда алған, бірақ кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары болашақ кезеңдерінің табыстары болып есептеледі (жал төлемі немесе пәтерақы төлемі; коммуналдық қызметтер үшін төлемдер; жол билеттерін сатудан алынған табыстар; баспалық жазылымдарға жазылу құны; байланыс қызметтерін пайдаланғаны үшін абоненттік төлемдер). Алдағы кезең табыстарының есебі 3520 және 4420 шоттарда жүргізіледі. Бұл шотта айлық және тоқсандық билеттер бойынша кәсіпорынға алдын-ала төленген ақылары, автомобиль тасымалдары және басқалары үшін күні бұрын төленгені ескеріледі. Осындай төлемдер түскенде
Дебет шот 1010, 1030, 1060
Kредит шот 3520, 4420
Алдағы кезеңнің кірістерін есептегенде 1210, 1220, 1230, 1230 шоттар дебеттеледі және 3520, 4420 шот кредиттеледі.
Есепті айға жататын ертеректе алынған табыстар тізімі
Дебет шот 3520, 4430
Kредит шот 6010, 6210, 6280 бойынша көрсетіледі.
Өткен жылдарда анықталған жетіспейтін ақша қарыздарының алдағы кездегі түсім қаражаттары сомасына: Дm шот 1250 Km шот 3520, 4420
Өткен жылдар ішінде анықталған жетпейтін ақша бойынша қарыздар үшін төлемдер түскенде: Дm шот 1010, 1030 Km шот 1250
Сонымен бір мезгілде тиісті сома 3520, 4420 шот дебетіне және 6010 шот кредиті бойынша жазылады. 3520, 4420 шоттарының кредиттік айналымдары №9 журнал –ордерде көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет