Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет70/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 ж.


2.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл.
3.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл.
4. Р.С.Әбдішүкіров., Б.С.Мырзалиев Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы.1-2 т.Алматы, 2009.
5.Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп теориясы мен тәжірибесі. Оқу құралы. 2008.
6.Сейдахметова Ф.С. Қазілгі заманғы бухгалтерлік есеп. Алматы: «LEM» баспасы, 2008, 500 бет.


Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1. Несиелердің есебі қандай шоттарда жүргізіледі?


2. Жабдықтаушылармен есеп айырысулардың есебі туралы не айтасыз?
3. Еңбек ақы қандай түрлері, нысандары бар?
4. Алынған аванстардың есебі қандай шоттарда жүргізіледі?
Лекция 11. Капитал мен резев


Лекцияның мақсаты: Кәсіпорында меншікті капитал мен резервтік капиталдың қаражаттарының сомасы мен акциялардың орналастырудың материалдық емес активтердің және басқа да мұліктердің есебінен құрастырылуын қарастыру.
Негізгі қарастырылатын сөздер: Меншікті капитал, резервтік капитал, жарғылық капитал, шығарылған акциялар, төленбеген капитал, есепті жылдың пайдасы ( зияны).
1. Капитал түсінігі және элементтері.
2. Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі мен оның есебі
3. Резервтік капиталдың есебі
4. Акционерлік капиталды есепке алу есебі
5. Төленбеген капиталдын есебі.
1. Капитал түсінігі және элементтері. Капитал – бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалатын үлес. Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құкьіктарының есебінен күрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған занды тұлғалар ез қызметін бастау үшін бастапкы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, катысушылардың) катысу үлесін және кепілдік сипатын аиыктайды.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына табиғи нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық кұрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың акшалай салымдары бухгалтерлік кұжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.
Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің кұрьштайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, кұрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Мүліктік құкы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет