Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі



бет64/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103
2. Несиелер есебі. Несие –бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғағаәдетте келісілген мөлшерде пайыз алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді.
Коммерциялық несие- бір субъектінің екінші бір субъектіге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.
Банк несиесі- субъектіге ақша қаражаты түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтерге байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Берілетін уақыт аралығына байланысты банк несиесі қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақыт) және ұзақ мерзімді (бір жылдан артық уақыт) болып екіге бөлінеді.
Несиенің объективті қажеттілігі- бұл, субъектінің өндірістік және сауда айналымы капиталының жетіспеушілігінен туындайды.
Банкке несие алу үшін бірінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмесін, ережелерді, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттін кредит алу құқығының барлығын растайтын құжаттар ұсынады.
Қарыз алушыға несие жасалынған несие шартына сай беріледі. Бұл келісімде кредиттің мақсаты, мөлшері және мерзімі, құжаттар тізімі және олардың банкке ұсынылу мерзімділігі, кредиттің мақсатты пайдаланылуын және қамсыздандырылуын тексеру нысандары, несие бойынша қарыздарды өтеудің есебіне кепілге салынған мүліктерді өткізудің рәсімдері, қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттардың мазмұны көзделді.
Қысқа мерзімді кредит әдетте 12 айдан аспайтын мерзімге кредиттелетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі.
Банктер несиені кәсіпорындарға қаржы бөлу үшін құрылыс, қалпына келтіру және өнеркәсіптік және әлеуметтік жәене тұрмыстық бағыттағы объектілерді техникамен қайта жабдықтауы техника, жабдық, көлік саймандарын, ғимараттар мен құрылыстар алуға; бірлескен кәсіпорындар құруға; ғылыми-техникалық өнімдер және басқа да (кәсіпорын) меншіктік объектілер бойынша шығындар жасауға береді.
Несие бойынша қарыздарды өтеудің әдістері және нақты мерзімдері, тәртібі несие шартында қарастырылады.
Несиелеу қарыз капиталының қозғалысы болып табылады – ол пайыз түрінде үстеме төлем қайтару шартымен қарызға берілген капиталдың қозғалысы.
Алынған несиелерді есепке алу 3010 «Қысқа мерзімді банк займдары», 3020 «Алынған қысқа мерзімді займдар», 4010 «Ұзақ мерзімді банктік займдар», 4020 «Ұзақ мерзімді алынған займдар» пассивті шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттардың кредиті бойынша банк және басқа мекемелер алдындағы несиелер бойынша қарыздардың қалдығы және алынған несиелер сомалары, ал дебеті бойынша несиелердің қайтарылуы, яғни қарыздардың азайтылуы көрсетіледі.

Несиелер есебі бойынша шоттар корреспонденциясның кестесі





Шаруашылық операция мазмұны



Дебет


Кредит


1.

Несиелер ағымдағы банктік шотқа түсті

1030

3010, 3020, 4010, 4020

2.

Несиелер есебінен жабдықтаушы шоты төленді

3310

3010, 3020, 4010, 4020

3.

Ағымдағы банктік шоттан несие қайтарылды

3010, 3020, 4010, 4020

1030

4.

Займдарды пайдаланғаны үшін пайыздарды есептеу

7310

3380, 4160

5.

Пайыздарды төлеу

3380, 4160

1030

Есепті кезеңнің соңында 7310 «Пайыздар бойынша шығындар» 5610 «Қорытынды пайда (зиян)» шотымен жабылады.


Займдар шотының кредиті бойынша операциялар есебі үшін №4 журнал –ордер арналған. Оған бухгалтерлік жазбалар банк көшірмелері және басқадай ақша құжаттары негізнде жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет