Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Негізгі және негізгі емес қызметтің кірісі мен шығыстары есебі



бет84/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   103
2. Негізгі және негізгі емес қызметтің кірісі мен шығыстары есебі. Кез келген тауарды өндіру үшін белгіленген мөлшерде қаржы жұмсалуы тиіс. Өндірістік шығын дегеніміз – тауар өндірушінің белгілі бір тауар өндіру үшін материалдық – заттай және ақшалай жұмсалған қаржысы. Қоғам тұрғысынан қарағанда тауарларды өндіруге кеткен шығындар (тірі және затталған, қажетті және қосымша) еңбектің толық шығындарына тең болады. Жұмсалған шығындардың иесіне қарай, өндірістік шығындар мынадай екі түрге бөлінеді:

  1. Қоғамдық өндіріс шығындары

  2. Жеке кәсіп (фирма) шығындары

Қоғамдық өндіріс шығындары үш элементтен тұрады:

  • жаңа өндірілген өнімнің құнына көшірілген өндіріс құрал-жабдықтар құнының бөлігі;

  • қажетті еңбек арқылы жасалынған қосымша құнның бір бөлігі;

  • қосымша еңбек арқылы жасалынған қосымша құнның екінші бөлігі Т+Ө+ҚҚ (Т-тұрақты капитал; Ө-өзгермелі капитал; ҚҚ-қосымша құн).

Қоғамдық өндіріс шығындары осы үш элементтен тұрады, оны тауардың құны деп атайды. Ал, кәсіп шығындарын анықтағанда көзқарас басқаша болады. Рынок кезінде әрбір кәсіпорын еркіндік алып, ерекшеленген өз еркі бойынша өмір сүреді. Осыған байланысты өнеркәсіп шығыны қоғамдық өндіріс шығынынан оқшауланған, яғни, бөлініп шыққан. Сондықтан, кәсіпорын шығыны бірінші элементтен тұрады (Т+Ө).
Негізгі өндірістік шығындарын есептеу үшін 8110 – «Негізгі өндіріс» бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау үшін 8110 – «Негізгі өндіріс» шоты арналған. Керек жағдайда ұйым осы шоттың субшоттарын ашады, олар 8111 «Материалдар», 8112 «Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы», 8113 «Еңбекақы қорынан аударымдар», 8114 «Үстеме шығыстар» субшоттарында жинақталады, содан соң жыл соңында 8110 «Негізгі өндіріс» шотында қорытындылады.
Негізгі өндіріске ұйымның шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және өндіріс ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу – машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Шикізат пен материалдар - өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Материалдар мен шикізаттардың құны арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін лдардың сапсын арттырудың шаралары көрсетіледі.
Жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды лимидтік-алу қарталары және талап-накладнойы бойынша, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады.
Ол құжат өнімдерді дайындау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүйелі түрде тұтынылатын материалдардың босатылуын рәсімдеу үшін қолданылады.
Осы аталмыш құжатта материалдардың бір немесе бірнеше түріне екі данада толтырылады. Бір данасы ай басында құрылыс жұмыстарын орындап жатқан учаскеге (шеберге), екіншісі учаскенің қоймашысына беріледі. Өндіріске материалдарды босату учаске өкілінің лимиттік – заборлық картаның өзіндегі данасын қоймашыға көрсеткен жағдайда ғана жүзеге асады. Қоймашы екі данасына да босатылған материалдардың күні мен санын қояды, содан кейін материалдардың әрбір түрі бойынша лимиттің қалдығын шығарады. Учаскенің лимиттік – заборлық картасына қоймашы, ал қоймашыдағы құжатқа учаске өкілі қолын қояды.
Құрылыс ұйымының аумағынан тысқары жерде орналасқан шаруашылықтарға материалдарды босату «Материалдарды босату (ішкі орын ауыстыру) накладной – талаптамасы» құжатымен рәсімделеді.
Ашық жерде сақталатын материалдар (тас, құм, шебін тастар және басқадай сусыма материалдар) тікелей құрылыс орнына әкелініп, ашық алаңқайларда сақталынады, олар материалды – жауапты тұлғаның (прораб)есебінде болады.
Кейбір қалдықтар құрылыста майда тетіктер ретінде одан әрі пайдалануға жарауы мүмкін. Олар өндіріске толық жарамды материалдардың құны бойынша кірістеледі. Ағаш қалдықтары (ұнтақтар, кесінділер,қиықтар) ағаш тақтайшаларды дайындауға, металл қалдықтары метал ломдары ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Материалдардың босатылуы келесі бухгалтерлік жазумен көрсетіледі:
Дебет 8110 «Негізгі өндіріс»
Кредит 1310 «Шикізат және материалдар»
Көмекші материалдар – тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны. Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорционалды түрде таратылады.
Көмекші материалдар шығындарының алғашқы құжаттардың мазмұның келесі бухгалтерлік жазу түрінде көрсетуге болады.
Дебет 8111 «Материалдар»
Кредит 1310 «Шикізат пен материалдар»
Қайтарылған қалдықтар – бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердің қалдығы.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына қайтарылған өндіріс қалдықтарының құны қосылмайды. Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикаттар, жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстары – саналады, бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жлғаотуына байланысты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Сатып алынған бұйымдар, шалафабрикаттар және тараптық ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсететін қызметтеріне өнімді іріктеп жинақтауға пайдаланатын шалафабрикаттар мен сатып алынған бұйымдарға немесе дайын өнім алу үшін ұйымның өзінде қосымша өңдеуге түсетіндерге кеткен шығындар; басқа жақтың ұйымдарының көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар сол өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылуы мүмкін, сондай-ақ материалдар мен шикізатты өңдеуге, өнімді дайындау бойынша жеклеген операцияларды лрындауға және белгіленген технологиялық процестерді сақтау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға дейін запстарды жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметіне жұмсалатын шығындар жатады.
Басқа жақтың ұйымдардың өндірістік қызметтері келесі түрлері бойынша жіктеледі: суды, электрқұатын беру, дезинфекциялық жұмыстарды өткізу бойынша шығындар.
Дебет 8111 «Материалдар»
Кредит 1314 «Қосалқы бөлшектер»
Технологиялық мақсатқа арланған энергия мен отындар өндіріс процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар мен отындардаң шығындары жатады. Олардың шығысы ұйымның есепте шикізат пен материалдары сияқты көрініс табады.
Технологиялық мақсатқа отын шығындарына ұйымның өзінің өндірген отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да енгізіледі.
Дебет 8110 «Негізгі өндіріс»
Кредит 8111 «Материалдар»
Сонымен қатар, есепті айда 48820,00 теңге сомасына машиналар мен құрал жабдықтарды өңдеу үшін негізгі өндіріске қосалқы бөлшектер жөнелтілді:
Дебет 8110 «Негізгі өндіріс»
Кредит 1314 «Қосалқы бөлшектер»
«Еңбек ақы» бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметшілердің сыйлықақыларынан қоса алғанда, ұйымның негізгі өндірістік қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және өтемділік төлемдері, сондай-ақ ұйымның штатында тұратын, негізгі қызметке жататын қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындардаң құрамына мыналар енгізіледі:
- ұйымда қабылданған еңбек ақы төлеу жүйесімен және нысанымен, сондай-ақ жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымды айлық ақысы және тарифтік мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы арқылы нақты орындалған жұмысқа есептелінген жалақысы;
- ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйлықақылар, кәсіптік шеберлігі, еңбектегі жоғары табыстары және т.б. көрсеткіштері үшін төленетін тарифтік ставкалары мен айлықақыларға қосылатын үстемақылары;
- жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік сипаттағы төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс, көп ауысымда режимдегі жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін, мамандықты қосып атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені үшін, ауыр зиянды, ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және т.б. жұмыстары үшін зағдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставклар мен айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымша ақылар;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеклеген салалардағы қызметкерлеріне тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтың, азы-түліктің құны, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге тегін берілетін тұрғын үйге ақы төлеу жөніндегі шығындар;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кезекті және қосымша демалыстарға ақы төлеу, сондай-ақ мемлекеттік міндеттемелерді орындаумен, медициналық тексерулерден өтумен байланысты уақыттар;
- заңдарда белгіленген жағдайларда ұйымдардың қайта құрылуына, қызметкерлер мен штаттағылардың қысқаруына байланысты жұмыстан босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу және т.б.
Еңбек ақы шығындарының есебі құрылыс – монтаж жұмыстарының технологиялық үрдісінің жекелеген сатыларындағы жұмыс құрамының ерекшелігіне негізделген, бұл осы шығындардың құрылыс – монтаж жұмыстарының көлемі және сапасына тікелей байланыстылығымен көрсетіледі. Еңбек ақы шығындары өндірістік шығындардың 10-12 пайызын құрайды. Сондықтан өндіріс процесінде еңбекке ақы төлеу есебін дәл ұйымдастыру үлкен маңызға ие.
Еңбек ақы шығындары негізгі еңбек ақы шығындары мен қосымша жалақы шығындарынан құралады. Бухгалтерлік есептің әдістемелік нұсқауына сәйкес учаскеде құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын жұмысшылардың еңбекақы шығындары, жұмыстарды тікелей қадағалау және осы тұлғалардың еңбекақыларынан аударымдар тіке шығындардың қатарына, ал құрылыс – монтаж жұмыстарының негізгі өндіріс жұмысшыларының қосымша жалақылары, құрылыс машиналарын пайдалану және қызмет көрсетумен айналысатын, күрделі емес жұмыстармен айналысатын жұмысшылардың қосымша жалақылары үстеме шығындарға жатқызылады.
Жұмысшылардың негізгі еңбек ақысына құрылыс, монтаж және де өзгедей мердігерлік жұмыстармен тікелей айналысатын жұмысшылардың (штатта тұрмайтын жұмысшыларды қоса), сонымен бірге материалдарды бір орыннан екінші орынға қолымен тасымалдайтын немесе қалауға дайындайтын жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы жатқызылады.
Құралдарды монтаждау кезінде негізгі еңбекақы шығындары бойынша тек монтаждаушылардың ғана емес, монтаждау алаңында құрылғылардың желілері мен бөліктерін сырлаумен, оларды сыртқы орамаларынан ажырату, әрі босаған орам қаптарын жинаумен, және де құрылғыларды сынақтан өткізумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақылары да есептелінеді.
Жұмысшылардың негізгі еңбек ақысына нақты орындалған жұмыстар үшін төлемдер, мерзімінен тыс жұмыстар үшін қосымша төлемдер, жұмысшылардың кінәсіне жатпайтын ақаулар үшін төлемдер, жұмыстың күрделілігіне сәйкес төленетін үстеме ақы жатқызылады.
Бұл шығындардың құрамына құрылыс машиналары мен механизмдерін басқарумен және оған қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың, қосалқы және көмекші өндіріс жұмысшыларының, уақытша ғимараттардың, құрылғылар мен жабдықтардың құрылысымен айналысатын, құрылыс алаңын көріктендірумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақысы енгізілмейді.
Дебет 8112 «Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы»
Кредит 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
Өндірістік өзіндік құнына жұмысшылардың еңбекақы бойынша шығындары негізгі өндіріске жатқызылды:
Дебет 8110 «Негізгі өндіріс»
Кредит 8112 «Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы»
Еңбек ақыдан ұсталынатын аударымдар Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңына сәйкес, жалақыдан аударылатын аударым бабында есептелген әлеуметтік салығы, зейнетақы қорына міндетті аударымдар көрініс табады.
Әлеуметтік салықтың салық салу объекті болып, жұмыс ьерушілердің еңбеккерлерге ақшалай немесе заттай нысанында төлеген шығысы жатады, оған салық салуға жатпайтын төлемдердің басқасы түгел кіреді.
Ай соңында барлық бірэлементті шығындардың сомасы 8110 «Негізгі өндіріс» шотына жатқызылады
Дебет 8110 «Негізгі өндіріс»
Кредит 8111 «Материалдар»
8112 «Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы»
8113 «Еңбекақы қорынан аударымдар»
8114 «Үстеме шығындар»
Үстеме шығыстарға өндірісте қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші бөлімдердің жұмыс ұйымдастырумен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болады.
Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:

  • кешендік сипаты – шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады;

  • екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығындарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызуға қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.

Үстеме шығындар келсі баптар түрлері бойынша жіктеледі, оны мынадай түрінде көрсетуге болады:
А. Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау бойынша
1. Өндіріс жабдықтары мен көлік құралдарының амортизациясы
2. Жөндеу қорына қаржы бөлу немесе өндіріс жабдықтары мен көлік құралдарын жөндеу жөніндегі шығындары
3. Жабдықтар мен көлік құралдарын пайдалану жөніндегі шығындары
4. Аспаптар мен ыңғайластырылған құрылғыларды жөндеу және қалпына келтіру
5. Құрал-жабдықтармен байланысты басқа да шығыстары
Б. Үстеме шығыстары
1. Өндірісті шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен қамтамасыз ету бойынша шығындары
2. Цех аппараттарын ұстау, еңбек ақыдан аударылатын аударымды қоса алғанда
3. Ғимараттардың, қондырғылардың жөндеу қорына аударымдар жасау немесе оларды жөндеу бойынша шығындары
4. Ғимараттардың, қондырғылардың, және басқа да мүліктердің амортизациясы
5. Ғимараттардың, қондырғыларды, инвентарларды күтіп ұстау шығындары
6. Сынақтар, тәжірибелер, зерттеу жүргізу жөніндегі шығындары
7. Рационализаторлық пен өнертапқыштық жөніндегі шығындар
8. Цехтар қызметкерлерінің еңбегін қорғау
9.Басқа да үстеме шығындары (өндіріс құралдары үшін жалға ақы төлеу, іс сапар шығыстары, берілген кепілдіктер үшін қызмет көрсету шығындары және өнім өндіру бойынша құрал-жабдықтарды жөндеу)
10. өнімсіз шығындардың барлығы, оның ішінде: ішкі өндірістік себептері бойынша тоқтап қалудан болған шығындары, цехтарда сақтау кезінде материалдық игіліктердің бүлінуінен болған шығындары; табиғи кему нормаларының шегінде материалдық игіліктердің жетіспеуінен және аяқталмаған өндірістен болған шығындары; басқа да өнімсіз шығындары
Үстеме шығындар бұл мердігер келісім – шарты бойынша бөлінуі және осы келісім – шарттың құнына енуі мүмкін жалпы құрылыс қызметімен байланысты шығындар.
Үстеме шығындарға қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар, сондай- ақ құрылыс – монтаж ұйымдарының жұмысшыларын қажетті өндірістік және тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету мен байланысты шығындар жатқызылады.
Үстеме шығындар, тура шығындар секілді, құрылыс өнімінің өндірісімен байланысты жұмыстардың өзіндік құнына енеді. Мұнымен бірге үстеме шығындар кешенді болып табылады, олар құрылыстың нақты объектісіне тікелей апарыла алмайды. Яғни үстеме шығындар жұмыстардың бүкіл кешенін орындаумен байланысты, сондықтан бұл шығындарды тура жолмен анықтау мүмкін емес.
Жалпы құрылыстық үстеме шығындар есеп объектілері бойынша бөлінуі мүмкін:
- тікелей шығындарға пропорциональды;
- орындалған құрылыс–монтаж жұмыстарының келісімді (сметадағы) құнына пропорциональды;
- негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақы шығындарына;
-орындалған машина – ауысымның санына пропорциональды (құрылыс техникасын пайдалану шығындары үшін);
- басқадай әдістермен.
Үстеме шығыстары тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылық есеп саясатына сәйкес көрініс табады:

  • өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп таратылады;

  • тікелей материал шығыстарына пара-пар етіп таратылады;

  • өндірілген өнім санына немесе өнделген шикізаттың салмағына пара-пар етіп таратылады;

  • цех құнына пара-пар етіп таратылады;

  • алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффициенттері бойынша таратылады;

  • басқа да тарату базалары бойынша таратылады.

8410 «Үстеме шығыстар» төмендегідей шоттар жатады:
8411 «Материалдар», онда үстеме шығындардағы материалдардың барлық түрлерін есепке алу үшін арналған;
8412 «Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы» - жабдықтарға қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметкерлеріне есептелген жалақыны есепке алуға арналған;
8413 «Еңбекақы қорынан аударымдар» - есептелген еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке алуға арналған;
8414 «Негізгі құралдарды жөндеу» - өндіріс қызметінде пайдаланатын негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін арналған;
8415 «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозуы» - өндіріс қызметінде пайдаланатын материалдық емес активтердің амортизациясы мен негізгі құралдардың тозуының есептелген сомасын көрсету үшін арналған;
8416 «Коммуналдық қызметтер» - тұрғын-үй қызметі барысында тұтынылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе сыртқы ұйымдардан да көрсетілуі мүмкін;
8417 «Жалдау ақысы» - өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;
8418 «Өзге үстеме шығыстар» - әлеуметтік аясына негізгі және көмекші өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.
8410 «Үстеме шығыстар» шоты бойынша есепті айдағы шоттар корреспонденциясы қарастырайық:

8410 «Үстеме шығыстар» шоты бойынша есепті айдағы шоттар корреспонденциясы







Шаруашылық операциялардың мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

Қызметкерлерге еңбекақысы төленді

8412

3350

2

Өндірістік сипаттағы негізгі құралдардың тозуы есептелінді

8415

2420

3

Мүліктерді сақтандыру бойынша шығындар кірістелді

8418

2150

4

Сақтандыру аясындағы әлеуметтік төлемдер кірістелді

8418

3210

5

Нақты ұйымдардың көрсеткен қызметтердің құны

8418

4110

6

Бірэлементтік шоттар 8410 «Үстеме шығыстар» шотына жатқызылады







-

Еңбек ақы төлеу шығындары

8410

8412

-

Негізгі құралдардың тозуы

8410

8415

-

Сақтандыру бойынша шығыстар

8410

8418

-

Сақтандыру бойынша шығыстар

8410

8418

-

Жақты ұйымдардың көрсеткен қызметтердің құны

8410

8418




Жиыны:










Негізгі өндіріске

8110

8410




Көмекші өндіріске

8130

8410




Аяқталмаған құрылысқа

2930

8410

Жыл соңында 8410 «Үстеме шығындары» 8110 «Негізгі өндіріс» шотына аударылады.


Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл – қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және т.б.
Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге халықаралық стандартқа сай 8310 «Қосалқы өндіріс» деп аталатын шоты арналған және ол «Цехтардың шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс үшін жеке талдамалық шот ашылады.
Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:
8311 «Материалдар»
8312 «Өндіріс жұмысшылардың еңбекақысы»
8313 «Еңбекақы қорынан аударымдар»
8314 «Үстеме шығыстар»
Көмекші өндірістің әрбір бөлемшелері бойынша шығындарды алу «бөлімшелердің шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжыттардын алып жазылады.
Көмекші өндірістің талдамалық есебі әрбәр бөлімшеде, өнім түрлері және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келді. Әдетте ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдырды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдары, үстеме шығыстарды қосады.
Есепті мерзім ішінде көмекші өндіріске мынадай шығындар жатқызады:
1. Көмекші өндіріске босатылған материалдық құндылықтар:
Дебет 8311 «Материалдар»
Кредит 1310 «Қорлар»
2. Көмекші өндірісте істейтін, еңбеккерлерге жалақысы есептелінді:
Дебет 8312 «Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы»
Кредит 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
3. Көмекші өндіріске жататын үстеме шығыстары есептен шығарылды:
Дебет 8314 «Үстеме шығыстар»
Кредит 8410 «Үстеме шығыстар»
4. Көмекші өндірістің шолушы шотына жинақталды:
- Материалдық шығындар:
Дебет 8310 «Қосалқы өндірістер»
Кредит 8311 «Материалдар»
- Еңбекақы шығындары:
Дебет 8310 «Қосалқы өндірістер»
Кредит 8312 «Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы»
- Еңбек ақыдан аударылатын аударымдары:
Дебет 8310 «Қосалқы өндірістер»
Кредит 8313 «Еңбекақы қорынан аударымдар»
- үстеме шығыстары
Дебет 8310 «Қосалқы өндірістер»
Кредит 8314 «Үстеме шығыстар»
5. Көмекші өндіріс бөлімшелері бойынша шығарылған дайын өнім кірістелді.
Дебет 1310 «Дайын өнім»
Кредит 8030 «Қосалқы өндірістер»
6. Негізгі өндіріске көрсеткен қызметі мен атқарған жұмыстары:
Дебет 8114 «Үстеме шығыстар»
Кредит 8310 «Қосалқы өндірістер»
7. Жалпы және әкімшілік қажеттіліктері үшін орындалған жұмыстар мен қызметтер
Дебет 7210 «Әкімшілік шығыстар»
Кредит 8310 «Қосалқы өндірістер»
8. Өнімді сатумен байланысты, жұмыстер мен қызметтер шығыстары:
Дебет 7110 «Өнімді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар»
Кредит 8310 «Қосалқы өндірістер»
9. Тыс жақта орындалған жұмыстар мен қызметтерді есептен шығару
Дебет 7010 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны»
Кредит 8310 «Қосалқы өндірістер»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет