2. Шығыстар туралы не айтасыз?
3. Табыстар мен шығыстардың түрлері, нысандары бар?
4. Кезең шы,ындардың есебі қандай шоттарда жүргізіледі?
Лекция 13. Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну.
Лекцияның мақсаты: Ұйымдар мен кәсіпорындарда қаржылық есеп берушілікті даярлау кезеңдері. Қаржылық есептеменің ХҚЕС бойынша элементтердің құралу реттілігін қарастыру. Есеп берудің нысандарын қарастыру, табыстар мен шығыстар жөнінде есептеменің құрылымын жасап үйрену. Ақша қаражаттар туралы есептеме мен меншікті капитал өзгерісі туралы есептеменің құрылымын жасау.
Негізгі қарастырылатын сөздер.Есеп беру процесі, бухгалтерлік баланс, операциялық қызмет, қаржылық қызмет, инвестициялық қызмет, ақша ағымы, табыстар, шығыстар, меншікті капатал, тұсіндірме жазбахат.
1. Қаржылық есептілікқұрылымы:бухгалтерлік баланс, пайдамен залал туралы есеп беру, ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп беру. 2. Түсіндірме жазба хат.
1. Қаржылық есептілікқұрылымы:бухгалтерлік баланс, пайдамен залал туралы есеп беру, ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп беру. Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржы - шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау - есеп жұмысының соңғы сатысы. Оның деректері бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, күнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпарат көзі болады. Есеп берудің мемлекеттік маңызды мәні бар. Оның деректерін салықтардың және басқа бюджеттік төлемдердің дер кезінде әрі толық төленуіне бақылау жасау үшін пайдаланады.
Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы да дәл көрініс беруі, барлық көрсеткіштердің тығыз байланысты болуы, бухгалтерлік есеп беру мен статистикалық жедел есеп берудің бір-біріне сәйкес келуі, әдістемелік және басқа ережелердің сақталуы есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады. Есепті және баланс баптарының бағалауын бұрмалап беру, басқа да әдейі бұрмаланып көрсетілген есеп деректерін беру мемлекетке зиян келтіретін, мемлекетке қарсы әрекет ретінде қаралады, ал бұған жазықты басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып, жүрген заңдарға сәйкес жауапты болады.
Берілген есептің тазалығы, есеп деректерінің инвесторлар мен акционерлерге түсінікті болуы есеп беруге қойылатын маңызды талап болып табылады. Есеп белгіленген мерзімдерде беріліп отыруга тиіс.
Жоғарыдағы ұйымдарга (меншік иелеріне) және мемлекеттік статистика органдарына, салық органдарына кәсіпорыннан бекітілген (қосымша) есеп беруді талап етуге, ал кәсіпорындарға ондай есепі беруге тыйым салынады.
Кәсіпорындар құрылтайшылардың шешімі бойынша өзінің өндірістері мен шаруашылықтарын жеке балансқа бөлек қоюлары мүмкін. Бұл баланстардың активтері мен пассивтері кәсіпорындардың негізгі қызметі бойынша жасалған жалпы балансқа енгізіледі. Отау (еншілес) кәсіпорындар өз алдарына бөлек баланс жасайды.
Кәсіпорындардың беретін есебі жедел-статистикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша сипаттайды. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталған жинақтау және талдау еептерінің алып сипаттайды. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай, есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.
Баланста және басқа да берілетін есептерді уақытында әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелердің барлық құжаттарын, белгіленген материалдық және басқа есептерді кестеге сәйкес әрі толық көлемде беруін қамтамасыз етуге тиіс.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызды ролі бар. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдердегі есептік тізімдерде жинақталған бастапқы құжаттардың деректері бойынша жасалуға тиіс. Есептік тізімдерде талдау деректері болуға тиісті екендігін есте ұстау керек, оларда есеп беру үшін қажетті жыл басындағы және аяғындағы ақпарат жинақталады.
Бухгалтерлік баланс — кәсіпорынның жылдық есеп беруінің негізгі үлгісі. Баланс жасалғанға дейін есепке алу тізімдеріндегі барлық синтетикалық шоттары бойынша толтырылған айналымдар мен қалдықтарды талдау есебінің деректерімен салыстыру қажет. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы баланс үшін бекітілген номенклатурамен және бөлімдер мен баптардың топтамаларымен (егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.
Баланс Бас кітапта не «Бас кітап» машинажазбасында көрсетілген шоттар бойынша толтырылған қалдықтар негізінде жасалады.
Баланс екі бөлімнен тұрады: актив және пассив. Активте айналым қаражатының және айналымнан тыс активтердің синтетикалық шоттары бойынша толтырылған қалдықтарды; пассивте міндеттемелер мен меншікті капиталды көрсетеді.
Сонымен қатар, баланста баланстан тыс шоттарда есепке алынатын қолда бар құндылықтар туралы анықтама келтіріледі. Анықтама баланстан тыс шоттар бойынша жүргізілетін есеп жүйесінің деректері бойынша жасалады.
Есепті жылдың аяғында баланс баптарының деректері белгіленген тәртіп бойынша жүргізілген түгендеу арқылы расталуға тиіс.
БУХГАЛТЕРЛІК ТЕҢГЕРІМ
Бұл есеп берудің негізгі мақсаты ішкі және сыртқы ақша қозғалысы туралы ақпараты ұсыну болып табылады. Ұйымның ағымдағы инвестиция және қаржылық қызметі белгілі бір есеп беру кезеңіндегі оның жағдайына және оның ақшаларының қозғалысына әсер етеді және осы кезеңдегі қаржы құралдарының өзгерісін түсінуге мүмкіндік береді. Одан басқа, бұл есеп беруді әкімшілік ликвидтілікпен есеп айырысу кезінде дивидендтерді анықтау кезінде басқа ұйымдарға салынатын қосымша иевесициялардың ұйымның жалпы жағдайына әсер етуін бағалау кезінде және қандай да бір бағдарламаны қаржыландыру кезінде қолданады.
Есеп ақша қозғалысының есебі шоттары бойынша мәліметтер негізінде құрылады және есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы қалдықтар есебі мен ақша ағымы туралы мәліметтерді қамтиды. Ақша ағымы туралы мәліметтер есеп беруде операциялық, инвестициялық және қаржылық кесімдерде ұсынылады.