Ұйым ақшасының жалпы ағымы
Инвестициялық қызметтен түскен ақша ағымы
Операциялық қызметтен түскен ақша ағымы
Қаржылық қызметтен түскен ақша ағымы
Қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендациясының (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің 14.02.2003 жылғы №61 бұйрығы) түсіндіруі бойынша, операциялық қызмет – табыс алу бойынша заңды тұлғаның қызметі және қаржылық, инвестициялық қызметтерге қатысы жоқ қызметтер.
Бізге белгілі, халықаралық практикада ақша қозғалысы туралы есеп беруді құрудың екі әдісі бар – тура және жанама. Құру әдісі ұсынылатын ақпараттың мазмұнынан білінеді. Екі әдістің бірде-біреуі қай елде болмасын жалғыз емес, әрі міндетті емес.
Қазақстан Республикасындағы ақша қозғалысы тура және жанама әдістерді қолданумен операциялық қызмет арқылы іске асады.
Тура әдіс кезінде ақша түсімдерінің және төлемдерінің негізгі түрлері ашылады.
Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесінде ағымдары пайда болған ақшалардың жалпы айналымы тура және жанама әдістермен құрылған ақша қозғалысы туралы есеп беруде өзгерістерді туғызады. Төмендегі кестеде ақша қозғалысы туралы есеп берудің формасы келтірілген.
Ақша қозғалысы туралы есеп
(тура әдіс)
теңге
Көрсеткіштердің атауы
|
Бет коды
|
Есептік кезең үшін
|
Өткен кезең үшін
|
I. Операциялық қызметтен ақша қаражаттарының қозғалысы
|
1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы
|
010
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
тауарларды сату
|
011
|
|
|
қызметтер көрсету
|
012
|
|
|
алынған аванстар
|
013
|
|
|
дивидендтер
|
014
|
|
|
өзге де түсімдер
|
015
|
|
|
2. Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы
|
020
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
тауарлар мен қызметтер үшін берушілердің төлемдері
|
021
|
|
|
берілген аванстар
|
022
|
|
|
жалақы бойынша төлемдер
|
023
|
|
|
қарыздар бойынша сыйақылар төлеу
|
024
|
|
|
корпоративтік табыс салығы
|
025
|
|
|
бюджетке төленетін басқа да төлемдер
|
026
|
|
|
өзге де төлемдер
|
027
|
|
|
3. Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы (бет 010 – бет 020)
|
030
|
|
|
II. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы
|
1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы
|
040
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
негізгі қаражатты сату
|
041
|
|
|
материалдық емес активтерді сату
|
042
|
|
|
басқа ұзақ мерзімді активтерді сату
|
043
|
|
|
қаржы активтерін сату
|
044
|
|
|
берілген қарыздарды өтеу
|
045
|
|
|
фьючерстік және форвардтық келісімшарттар, опциондар мен своптар
|
046
|
|
|
өзге де түсімдер
|
047
|
|
|
2. Ақша қаражаты мен олардың эквиваленттерінің істен шығуы, барлығы
|
050
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
негізгі қаражатты сатып алу
|
051
|
|
|
материалдық емес активтерді сатып алу
|
052
|
|
|
басқа ұзақ мерзімді активтерді сатып алу
|
053
|
|
|
қаржы активтерін сатып алу
|
054
|
|
|
басқа ұйымдарға қарыздар беру
|
055
|
|
|
фьючерстік және форвардтық келісімшарттар, опциондар мен своптар
|
056
|
|
|
өзге де төлемдер
|
057
|
|
|
3. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының таза сомасы (бет 040 – бет 050)
|
060
|
|
|
III. Қаржы қызметінен түскен ақша қаражаты мен олардың эквиваленттерінің қозғалысы
|
1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы
|
070
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
акциялардың және басқа да бағалы қағаздардың эмиссиясы
|
071
|
|
|
қарыздар алу
|
072
|
|
|
қаржыланатын жалгерлік бойынша сыйақы алу
|
073
|
|
|
өзге де түсімдер
|
074
|
|
|
2. Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы
|
080
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
қарыздарды өтеу
|
081
|
|
|
меншік акцияларды сатып алу
|
082
|
|
|
дивидендтерді төлеу
|
083
|
|
|
өзгелер
|
084
|
|
|
3. Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы (бет 070 – бет 080)
|
090
|
|
|
Жиыны: Ақша қаражаттарының көбеюі (+)/-азаюы
(бет 030 +/- бет 060 +/- бет 090)
|
|
|
|
Есептік кезең басындағы ақша қаражаты мен олардың эквиваленттері
|
|
|
|
Есептік кезең соңындағы ақша қаражаты мен олардың эквиваленттері
|
|
|
|
Ақша қоғалысы туралы есеп берудің әдісі де пайдаланушыларға қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Инвестициялық және қаржылық қызметтерден қызметтер туралы мәліметтер.
Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сату мен сатып алу, заимдар беру мен оларды жою. Инвестицялық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:
материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да құралдарды өткізу; қаржылық инвестицияларды өткізу; басқа заңды тұлғалар ұсынған заимдарды алу; басқа да түсімдер;
материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да ұзақ мерзімді сатып алу; қаржылық инвестицияларды сатып алу; басқа заңды тұлғаларға заимдар ұсыну; басқа да төлемдер;
Қаржылық қызмет – заимдық құралдар мен меншікті капиталдың құрамы мен көлемдерінің өзгерісі нәтиже болып табылатын ұйымның қызметі. Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:
ақшалардың түсімі:
акциялар және басқа да құнды қағаздар шығару; банк заимдарын алу; басқа да түсімдер;
ақшалардың шығыстары:
банк заимдарын жою; меншікті акцияларды сатып алу; дивидендтер төлеу; басқа да төлемдер;
Есеп айрысулардың, әртүрлі әдістерді қолданумен жұмыс кестелерінің көлемі мен құрылымы Қазақстан Республикасы Қаржы миинстрлігінің бухгалтерлік есеп саласына байланысты қабылдаған шешімдеріне сәйкес әрқашанда ауытқып отырады. Көпшілігінде, қазіргі уақытта қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендацияда талдамалық сипаттағы жұмыс кестелерінің әртүрлі варианттары бар.
2. Түсіндірме жазба хат. Жылдық қаржылық бухгалтерлік есептемеге түсіндірме жазба – бұл негізгі аналитиалық құжат, оны кәсіпорындар жасайды. Ережеге сай, ол шаруашылық жүргізуші субъект жайлы, оның қаржылық жағдайы туралы, берілген мәліметтерінің есеп беру кезең мен алдыңғы кезеңдермен салыстырмалығы туралы ақпараттарды жинақтайды. Бірінші кезекте ол түсіндірме жазбаларда есеп беру кезеңдерінде субъект қызметтеріне оң және теріс әсер еткен негзгі себептерді ашу арқылы бизнес жоспардың барлық бөлімдері бойынша орындалуына қысқаша бағалау жүргізізіледі. Одан басқа, онда жылдық бухгалтерлік есептемеде көрсетілмеген мәліметтер келтірілуі керек, яғни өткізудің географиялық нарықтары және қызмет түрлері бойынша өнімді (жұмысты, қызметті) көлемдері туралы қосымша мәліметтерді қамтиды.
Сонымен қатар, түсініктеме жазбаларында негізгі көрсеткіштерді сипаттайтын мәліметтер, нәтижеге әсер еткен факторларды, жылдық бухгалтерлік еептемені қарастырудың қорытындылары және субъектінің иелігінде қалатын кірістерді үлестіру жөніндегі шешімдер қамтылады. Басқаша айтқанда, түсініктеме жазбаларында келесі жылдағы жұмыстарды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары, мүліктік және қаржылық жағдайлар туралы объективті және неғұрлым толық шынайы ақпараттар көрініс табады.
Ұйымның қаржылық есептемесіне тіркелетін түсініктеме жазбалар төмендегілерді орындауы тиіс:
1. Маңызды операциялар және оқиғалар үшін қолданылатын және таңдалған есеп сасатын және қаржы еептемесін даярлау негіздері туралы ақпараттарды ұсыну;
2. Бұрын ешқандай қаржы есептемеде көрсетілмеген, ХҚЕС талап ететін ақпараттарды ашу;
Қаржы есептемеде көрсетілмеген, бірақ шынайы мәліметтер үшін қажетті қосымша ақпараттармен қамтамасыз ету.
1 «Қаржы есептемені ұсыну» ХҚЕС сәйкес қаржы еептеменің құрамындағы түсінікеме жазбалар келесі мәселелерді ашып көрсетеді:
1. Субъектінің есеп саясатына салынған есепті ұйымдастырудың негізгі ережелері:
материалдық емес активтер;
негізгі құралдар;
субъектінің инветициялық саясаты;
тауарлы-матеиалдық босалқылар,
тапсырыс берушілер мен сатып алушылармен есеп айырысу формасы;
еншілес кәсіпорынның дебиторлық қарыздары;
меншікті капитал;
міндеттемелер;
кірістер мен шығыстар.
2. Түсініктеме жазбаларында баланс бойынша мыналар ашып көрсетілу тиіс:
ұзақ мерзімді активтер;
меншікті капитал;
ұзақ мерзімді міндеттемелер;
ағымдағы активтер.
а) жер, негізгі құралдар, материалдық емес активтердің құрылымдары, инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар.
б) тауарлы-материалдық босалқылар, КДШ сомалары, болашақ кезең шығындары,
в) жарғылық капитал өзгерістері, акциялардың саны мен сапасы, олардың ағымдағы және номиналдық құны;
г) несиелер мен заимдар, қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген, кейінге қалдырылған салықтар, банктік несиелер бойынша пайыздың ставкалары;
д) қысқа мерзімді несиелердің сомасы және овердрафт (қысқа мерзімді несиенің сомасы, оның ұсынылуы өлшейтін шоты бойынша негізгі құралдарды еептен шығару арқылы іске асады.)
3.Кірістер мен шығыстар туралы есептеме бойынша:
кірістің өзгеруіне әсер еткен факторлар;
жалпы және әкімшілік шығындарының өзгерісі, пайыз бойынша төлемдер;
төтенше жағдайлардан болған пайда мен зиян.
ақша қозғалысы туралы есептеме бойынша:
операциялық қызметтен түскен қызметінің ақша құралдарының қозғалыстарын ашу үшін кәсіпорынның қолданған әдісі,
нетто негізінде ашылатын төлемдер және ақшалай түсімдердің қандай болғандығы;
ақша құралдарының қозғалыстары бойынша шектеулер.
Қызметтің негізгі қызметтерін баяндаған кезде қандай да құралдар мысалға келтірілуі мүмкін. Ол құралдар туралы ақпараттар қажетті аналитикалық кестелермен және толықтырылуы мүмкін. Қажетті жағдайларда аналитикалық көрсеткіштердің есеп айырысу қабылданған ретін көрсету керек. Мысалы, төмендегідей жағдайларды қамти отырып, кәсіпорынның қаржылық қызметін және қаржы жағдайын жалпы бағалау мәліметтерін келтіру:
кәсіпорынның иелігінде шаруашылық құралдарының бағалануы (баланс-брутто=баланс валютасы-реттеуші статьялар);
баланс валютасындағы негізгі құралдардың үлесі (негзгі құралдардың баланстық құнының баланс валютасына қатынасы);
негізгі құралдардың бастапқы құнының есеп беру кезеңінің аяғындағы негізгі құралдр омаларына қатынасы ретінде еептелетін негізгі құралдардың жаңару коэффициенті;
негізгі құралдардың шығыс етілуінің коэффициенттері;
бастапқы құнға бөлінген негізгі құралдардың баланстық құнына тең негізгі құралдардың жарамдылығын коэффициенті;
негізгі құралдардың тозу коэффициенті;
негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесі (машиналардың жабдықтардың және көлік құралдары бастапқы құнының барлық негізгі құралдардың бастапқы құнына қатынасы);
негізгі құралдардың төлем қабілеттілігін және өтімділігін бағалау;
жылдам өтімділік коэффициенті;
абсолюттік өтімділік коэффициенті;
іскер белсенділіктің бағалары;
активтердің айналымдлығы (өткізілген активтер құнының активтердің жалпы құнына қатынасы);
дебиторлық қарыздар айналымдылығы;
материалдық-өндірістік босалқылар айналымдылығы;
активтердің рентбельділгі;
өткізу рентабельдігі;
бір акцияға түсетін пайда;
дайын өнімді өткізуден түскен жалпы табыс;
операциялық қызметтен түскенпайда (зиян);
девидент нормасы;
Түсіндірме жазба көптеген көрсеткіштердің және оардың қатынастарының бейнесі болып табылады көп жағдайда , бұл жылдық бухгалтерлік есептемені құрғаннан кейін пайда болған крістер, шығыстар және міндеттемелер туралы және кірістерді үлестіру туралы шешімдермен бірге қаржылық және мүліктік жағдайларды бағалауға әсер ететін ақпараттар. Сонымен бірге, маңызды салық түрлері бойынша бөлімшедегі салықтық төлемдер туралы мәліметтердің көрініс табуы маңызды.
Ақша қаражаттар түсініктеме жазбаларда директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) мүшелерінің (фамилиясы мен лауазымы) атқарушы органдар мүшелерінің құрамын, барлық қызмет түрлері бойынша төленген сыйақылардың жлпы сомасын (еңбекақы, сыйлықтар, комиссиондық және басқа да мүліктік құндылықтар, жеңілдіктер).
Түсніктеме жазбасы реттелген күйде ұсынылуы керек. Бухгалтерлік баланстағы, кірістер мен шығыстар туралы есептемеде, ақша қозғалысы туралы есептемеде және меншкті капиталдағы өзгерістер туралы есептемеде әрбір статьяға түсіндірме жазбасына кез-келген ақпараттар бойынша сілтемелер жасалынады.
Басқаша сөзбен айтқанда, түсініктеме жазбасы бухгалтерлік баланста, крістер мен шығыстар туралы есептемеде, ақша қозғалысы туралы есептемеде және меншікті капитал өзгеру туралы есептемеде көрсетілген көрсеткіштердің сомаларының талдауын және сипатын неғұрлым толық қамтиды, сонымен бірге шартты және келісімді міндеттер сияқты пайдаланушыларға тиімді ақпараттарда қамтиды. Түсініктеме жазба БЕС ашылуын талап ететін ақпараттарды қамтиды.
Әдетте түсініктеме жазбасы мынадай ретте ұсынылады:
1. БЕС сәйкестігі туралы өтініш;
2. Бағалаудың және есеп саясатының қолданыстағы негіздер туралы ақпарат;
3. Қаржы есептеменің әрбір формасының және әрбір статьясы ұсынылған күйде қаржы есептеменің әрбір формасында келтірілген статьяларға арналған көмекші ақпарат;
4. Басқа да ашулар, соның ішінде:
Келісімді міндеттемелер және басқа да қаржы ашулар;
Қаржылық емес сипаттағы ашулар.
Кейбір жағдайларда түсініктеме жазбаларындағы белгілі бір статьялардың арналау реттеуін өзгерту қажет немесе өзгерткен дұрыс. Мысалы, сыйақы ставкасы туралы ақпарат пен әділетті құндағы өзгертулер туралы ақпараттар бірігуі мүмкін, бірақ олардың біріншісі кірістер мен шығыстар туралы есептемеге жатады, екіншісі – бухгалтерлк баланста жатады. Дегенмен түсініктеме жазбалардың жүйеленген құрылымы мүмкіндігінше сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |