Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Практикалық сабақтың тақырыбы №3



бет91/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

Практикалық сабақтың тақырыбы №3
Активтер құрамы және сипаттамасы. Меншікті капитал құрамы және сипаттамасы
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
Тәжірибелік сабақ жоспары:
1. Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен құрылысы.
2. Бухгалтерлік баланстағы өзгерістердің төрт типі.
Есептер
№1.Келесі шоттардың соңғы қалдықтары бойынша мамыр айына баланс құрыңыздар:1.Негізгі құралдар (ғимараттар)-1400000 тенге; 2.Жарғылық капитал-1829000 теңге; З.Бөлінбеген табыс-250000 теңге; 4.Шикізат пен материалдар-62000 теңге; 5.Кассадағы акшалай қаржылар-400 теңге; б.Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар-90000 теңге; 7. Есеп айырысу шотындағы акшалар-840000 теңге; 8.Банк несиелері-60000 теңге; 9.Жабдықтаушылармен есеп айырысулар-73400 теңге.
№2.Кәсіпорынның активтері жыл басында 300000 теңге, меншікті капиталы 80000 теңге болды. Жыл ішінде активтері 25000 теңгеге көбейді, ал міндеттемелері 10000 теңгеге азайды. Жыл соңындағы меншікті капитал сомасын анықтаныздар.
№З.Келесі шаруашылық операциялар баланстағы өзгерістердің қай типіне жататынын анықтаңыздар:
а)банк несиесі есебінен мердігерлер шоты төленді;
б)алынған материалдар үшін жабдықтаушы шоты төлемге қабылданды;
в)кассадан еңбек ақы берілді;
г)көмекші өндірістен өнім қабылданды.
Әдебиеттер
1.Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.
2.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл
3.Сейдахметова Ф.С. Қазілгі заманғы бухгалтерлік есеп. Алматы: «LEM» баспасы, 2008.
4.Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп теориясы мен тәжірибесі. Оқу құралы. 2008.
Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар №3

1 A

Дайын өнім қолда бар ақшаға сатылады деген операция баланстағы өзгерістің қай типіне жатады?

A. бірінші

B. екінші

C. үшінші

D. төртінші

Е.бесінші

2 A

Валюталық шоттағы ақша қаражаттары қайда жатады

A. ағымдағы активтер

B. ұзақ мерзімді активтер

C. ағымдағы міндеттемелер

D. ұзақ мерзімді міндеттемелер

Е. Меншікті капитал

3 B

Баланс ненің негізінде құралады ?

A. бөлімшелердің қортынды есебі бойынша

B бухгалтерлік есеп шоттары бойынше

C. кассалық есеп бойынша

D. көмекші кестелер бойынша

Е.алғашқы құжаттар бойынша

4 B

Банк несиесі есебінен мердігерлер шоты төленеді деген шаруашылық операция өзгерістің қай типіне жатады ?

A. бірінші

B. екінші

C. үшінші

D. төртінші

Е.бесінші

5 B

Кәсіпорынның барлық қызымет жасайтын уақытында құрылатын баланс қалай аталады ?

A. баланс Нетто

B. ағымдағы баланс

C. бастапқы баланс

D. баланс Брутто

Е.ішкі баланс

6 E

Еңбек ақы бойынша қарыз баланстың қай тарауында көрсетіледі

A. пассивтің бірінші тарауында

B. активтің бірінші тарауында

C. активтің екінші тарауында

D. пассивтің екінші тарауында

Е.пассивтің үшінші тарауында

7 B

Бастапқы баланс деген не?

A. есепті кезеңнің соңғы күніне жасалатын баланс

B. есепті кезеңнің бірінші күніне жасалатын баланс

C. реттеуші баптары бар баланс

D. реттеуші баптары жоқ баланс

E. шаруашылықтың жайылуы сәтінде жасалатын баланс

8 E

Операциялардың төртінші типі баланс валютасын

A. көбейтеді

B. өзгертпейді

C. өзгертеді

D. бірдей сомаға көбейеді

Е. азайтады

9 A

Баланс пассивінде не көрсетіледі ?

A. болашақ кезеңдердің табыстары

B. негізгі құралдар

C. материалдық қорлар

D. материалдық емес активтер

Е.алдағы кезең шығындары

10 B

Операциялардың бірінші типі баланс валютасын

A. азайтады

B. өзгертпейді

C. көбейтеді

D. бір бап көбейеді,екіншісі азаяады

Е.өзгертеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет