6. Лекция. Ақша қаражаттары және инвестициялар есебі
Лекцияның мақсаты: Кәсіпорында ақша қаражаттардың маңызы мен түрлері, кәсіпорынға ақшалардың кірістелуі мен кассадан шығуы, ағымдағы банкттік шоттардағы ақшалардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы.
1. "Ақша қаражаттары" туралы түсінік 2. Кассадағы қолма-қол ақша. 3 Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау жүйесі. 4. Инвестиция түсінігі және түрлері. 5. Қаржылық инвестицияның есебі. 1. "Ақша қаражаттары" туралы түсінік. Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау; субъектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.
Ақшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынадай функцияларды орындауы тиіс:
ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;
қолма-қол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығын есептеу;
Кассадағы ақшалай қаражаттыкассада деп, саналатын ақшалай қаражаттың бар-жоғын айқындау және қатаң есептегі бланкілерді парақтап санап шығу жолымен түгендейді. Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындалған Ережелерге сәйкес өткізіледі.
Түгендеу қорытындыларын «Ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен» жеке рәсімдейді.
Акт ұйым кассасында тұрған ақшалай құжаттардың, ақшаның бар-жоғын түгендеу нәтижелерін көрсету үшін қоданылады.Акт екі дана болып жасалады және түгендеу комиссиясы мен материалды жауапты тұлға қол қояды. Бір данасы ұйым бухгалтериясына, екіншісі материалды жауапты адамда қалады.