Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет74/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.
2.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл.
3.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл.
4. Р.С.Әбдішүкіров., Б.С.Мырзалиев Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы.1-2 томдар.Алматы, 2009.
5.Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп теориясы мен тәжірибесі. Оқу құралы. 2008.


Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1.Жарғылық капитал деген не, есебінің жүргізілуі туралы не айтасыз?


2.Резервтік капитал есебі қандай шоттарда жүргізіледі?
3. Бөлінбеген табыс (зиян) есебінің жүргізілуін айтыңыз.


Лекция 12. Кірістер мен шығыстар есебі.
Лекцияның мақсаты: Ұйымдар мен кәсіпорындарда табыстар мен шығыстардың пайда болу көздері. ХҚЕС бойынша бағалануы мен танылуы. Табыстардың түрлері мен табыстардың белгілерін ашу. Кезең шығыстардың бөлінуі мен табысқа әсері. Шығыстардың жіктелуі.
Негізгі қарастырылатын сөздер: табыстар, шығыстар, кезең шығыстары, әкімшілік шығыстар, сату бойынша шығыстар, негізгі қызметтен түскен табыстар, негізгі емес қызметтен түскен табыстар, жалпы табыс, қорытынды пайда мен залал.


1. Кірістер мен шығыстар түсінігі және жіктелінуі.
2. Негізгі және негізгі емес қызметтің кірістер мен шығыстары есебі.
3. Алдағы кезеңдегі кірістер мен шығыстар есебі.
4. Өзге кірістер мен шығыстар есебі.


1. Кірістер мен шығыстар түсінігі және жіктелінуі. Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру – шаруашылық қызметтен түскен пайда мен зиянға қамтылуы тиіс есептік бағалаудағы өзгерістер. Сыртқы пайдаланушылар үшін кірістер мен шығыстар туралы есеп беру қысқа формада жасалады.
Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру есептеу жүйесінен шыға отырып жасалады, сондықтан ағымдағы қызметтің ақша құралдарына және олардың ликвидтілігіне әсер етуі есеп беруде көрсетіледі. Кірістер мен шығыстар ақша құралдарының кемуімен немесе көбеюімен ілесіп отырмайды. Ақша құралдары сомаларының кемуі немесе көбеюі активтердің бухгалтерлік шоттарының өзгеруіне әкеледі.
Кірістерді мойындау өнімді (қызметті) өткізуден түскен кірістерді бухгалтерлік есепке алуды тіркеудегі тиянақтылықты анықтайтын есептеу қағидасына сәйкес іске асырылады. Мойындау, сонымен қатар, тауардың сатылған күні заң күші бар төлем міндеттемелерін сатып алушының жеткізушіге ұсынған кезде орын алады. Мойындау мүмкігдігі тауаоға немесе қызметке айырбастау кезінде алынған қаржылық емес активтердің сатушарттарына сәйкес белгілі бір ақшалай көлемге айналуы кезінде пайда болады.
Кіріс алынған кезде көрініс табады, яғни келісім-шартқа сәйкес ұйым кіріс алуға құқық беретін жұмыс көлемін орындаған кезде көрініс табады.
Сонымен, пайда – ұйымның капиталы мен пайдасының көбеюі негізін құрайтын қаржылық нәтиженің маңызды факторы. Қаржылық есеп беруді құру жөніндегі әдістемелік рекомендацияда кіріс деп сальдоланған қаржылық нәтиже мойындалады және кезеңнің жалпы кіріс және жалпы шығыстарының арасындағы әртүрлілік ретінде анықталады.
Кірістерді жіктеудің бірнеше түрі бар. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелері Департементінің анықтамасы бойынша, ұйымның кірістері негізі қызмет және негізгі емес қызмет нәтижелерінде пайда болуы мүмкін.
Негізгі қызметтен түскен кіріс – дайын өнімдерді өткізуден қосымша құн салығын, акциздерді және басқа салық түрлерін, міндетті төлемдерді және қайтарылған тауарлар сомасын, сатудағы жеңілдіктер сомасын, бағадағы жеңілдіктер сомасын шегеріп тастағандағы ақша сомасы немесе құралдар.
Негізгі емес қызметтен түскен кіріс – бұл айналымнан тыс активтерді өткізу, құнды қағаздарды асыра бағалау және т.б.
Салық салуға дейінгі негзгі қызметін сальдоланған қаржылық нәтижесі көрсеткіштерді есептеу жолымен анықталады: негізгі қызметтен түскен кіріс (залал) және негізгі емес қызметтен кіріс (зиян).
Салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен түскен кіріс табыс салығы мен негізг қызметтен түскен кіріс арасындағы айырмашылық түріндегі есептеу жолымен анықталады.
Төтенше жағдайлардан түскен кіріс (залал) табыс салығын шегеріп тастағандағы төтенше жағдайлар нәтижесінің сальдолануымен анықталады.
Төтенше өзгерістер деп мыналар саналады:

  • алдын ала болжанбаған жағдайлар (апатты жағдайлар, өрт, т.б.) салдарынан түскен түсімдер;

  • сақтындыру өтемақылары;

  • қалпына келтіруге жарамсыз материалдық құндылықтар бағасы және т.б.;

Таза пайда - есеп беру кезеңіндегі заңды тұлғаның алатын сальдоланған нәтижесі.
Қазақстанның әдістемелік рекомендацияға сәйкес, егер ағымдағы есеп беру кезеңінде қаржылық есеп беруді құру кезінде өткен кезеңнің қателері табылса, онда бұл қателерді түзеу ағымдағы кезеңнің таза пайдасы намасе зиянын анықтауға қамтылады; егер қателер өткен кезеңнің қаржылқ есеп берулеріне айтарлықтай әсер етсе және бұл кезеңдердің қаржылық есеп берулері щынайы емес болса, онда мұндай қателер маңызды деп саналады; маңызды қателерді түзету сомасы үлестірілмеген пайданың бастапқы сальдосын өзгерту жолмен есеп беруде көрінс табады және есеп беру кезеңінің таза пайдасы мен залалдарын анықтау кезінде қамтылады.
Аталған есеп беру формасының негізгі статьяларын қосымша сипаттай кетсек.
“Дайын өнімді өткізуден түскен кіріс” статьясы бойынша “Кірістер” бөлімінің шоттарында ескерілетін дайын өнімді өткізуден кірістер көрініс табады. Кірістің көлемі ұйым мен сатып алушы (тапсырыс беруші) немесе ұйым активтерін пайдаланушылар арасында жасалған келісіммен бекітілген бағадн шыға отырып анықталады.
Бухгалтерлік баланс сияқты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қабылдаған “Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру” қаржылық есеп беруді ұсыну үшін аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет