Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Алдағы кезеңдегі кірістер мен шығыстар есебі



бет77/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

3. Алдағы кезеңдегі кірістер мен шығыстар есебі. Өнім өндіруг кеткен шығыстардан бөлек кезеңдік шығындар болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылық жүргізуші субъект, еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.
Кезең шығыстарына мыналар жатады:

    • жалпы және әкімшілік шығыстар;

    • - пайыз бойынша шығыстар;

    • тауарлы-материалдық қорларды сату бойынша шығыстар (1-ші сұрақта қарастырылды).

Бұл шығыстар ТМҚ қалдығына жатқызылмайды, олар өзі орын алған есептік кезеңнің жиынтық табысын азайтып есептен шығарылады. Олар сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің қалдықтарына жатқызылмайды.
Әкімшілік шығысы.
Шығыстың бұл түріне бүкіл және өндірістік- шаруашылық қызметін басқаруға байланысты кезеңдік шығыстар жатады. Бұл шығыстардың есебі (7210) «Әкімшілік шығыстары» деп аталатын активтік шоттар жүргізіледі.
Жалпы және әкімшілік шығындарының талдамалы есебі келесі шығыс баптарының типтік номенклатурасы бойынша жүргізіледі.



Бап-
тар


Шығыс баптарының мазмұны

1

2

1

Әкімшілік персоналдарға жататын, қызметкерлердің еңбек ақысы

2

Шаруашылық және қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің еңбек ақысы

3

Басқару әкімшілік аппаратын, субъектінің қызмет көрсететін құрылымдық бөлімелерін, материалдық- техникалық және транспорттық қызмет көрсететіндерін ұстау. Оның ішінде қызмет бабында пайдаланатын жеңіл транспортын ұстаудың шығысы жне қызмет бабы үшін жеке жеңіл транспортын пайдалану шығысын компенсациялау

4

Байланыс торабы, дабыл қағу құралдар, есептеу орталықтары және басқа да өндіріске жатпайтын техникалық құралдары ( жалпы шаруашылыққа арналған негізгі құралдардың тозуы; ғимараттарды ағымдық жөндеуге және ұстауға кеткен шығыстары және жалпы шаруашылыққа арналған инвентарь)

5

Қазба саласындағы дайындық жұмыстары бойынша шығындары, егер олар күрделі шығындарға жатпайтын болса

6

Субъектінің салынып жатқан объектісін басқаруға кеткен шығыны, егер де олар болмаса, онда оның орнын техникалық қадағалаушылар атқарады, сондай-ақ жаңадан салынған объектіні пайдалануға кеткен шығындары

7

Жобаларда және ҚМЖ (СМР) бітпегендерді қалпына келтіру бойынша шығыстары, сондай-ақ бақылау жүргізумен байланысты шығыстары және басқа да шығындары

8

Әкімшілік басқару жүйесін және құраын жетілдірумен байланысты шығыстары

9

Банк көрсеткен қызметті төлеу

10

Басқа ұйымдардың жалпы шаруашылықты басқаруды жүзеге асыруға көрсеткен қызметі үшін төлем жасау, егер кәсіпорында ондай функционалдық қызметі болмаса

11

Әкісшілік басқару персоналдарына жұмсалған іссапар шығындары

12

Кеңселік, баспалық, пошта-телеграфтық және телефон шығыстары

13

Өкілеттік шығыстары

14

Қызмет көрсететін өндіріс пен шаруашылықтарды ұстау бойынша шығыстары

15

Жұмыс күшін қабылдауды ұйымдастыруға, мамандарды оқытуға, компенсацияға, комиссиондық шығыстарға кеткен шығындары

16

Жалпы шаруашылық арналымындағы негізгі құралдарды жалға беру бойынша шығыстары

17

Салықтар, алымдар

18

Коммуналдық қызмет, қызметкерлердің еңбегін қорғау, өртке қарсы қорғау шығыстары, директорлар кеңесіне кеткен шығыстар жән басқа да жалпы шаруашылық сипаттағы шығыстары

19

ТМҚ-ң қоймада кем шығуын қалпына келтіру шығындары, нормадан тыс жоғалтулар және басқа да өндірістік емес шығыстар

20

Орташа жалақы деңгейінде, уақытша еңбекке жарамсыздығына жәрдем ақы төлеу

21

Басқару аппаратының еңбек стажын төлеу, яғни бір жолғы марапаттау төлемдерін жасау

22

Ақпараттық және аудиторлық (кеңестік) қызметті төлеу

23

Денсаулық сақтау объектілерін, мектеп жасына дейінгі ұйымдарды, мәдениет, спорт, тұрғын үй қорларын ұстау шығыстары

24

Кәсіпорынды қайта құрудан босаған еңбеккерлерге, қысқарған қызметкерлерге, армия қатарына шақырылған азаматтарға төлем жасау

25

Сот шығындары

26

Табысты жасырғанда төленетін айыппұлдар мен өсімақылар

27

Ұрланған, жоғалған мүліктердің материалды жауапты тұлғалары табымаған немесе дәлелденбеген жағдайда, оларды қалпына келтіруге кеткен шығындары және т.б.

Қажет болған жағдайда кәсіпорын осы келтірілген типтік номенклатураны толықтыра алады немесе кәсіпорын оларды әрбір экономика саласының ерекшеліктеріне қарап қысқартуға да, біріктіруге де құқығы бар.


(7210)шот бойынша шоттар корреспонденциясы:
1.МЕА бойынша амортизация есептелді Дт (7210) Кт (2740)
2. Әкімшілік мақсатта пайдаланатын негізгі құралдар бойынша амортизация есептелді Дт (7210) Кт (2420)
3. Жалпы және әкімшілік қажеттілігі үшін шикізаттар мен материалдар шығындары Дт (7210)Кт (1310)
4. Жалпы мұқтаждықтар үшін пайдаланған дайын өнімдер Дт (7210) Кт (1320)
5. Күдікті қарыздар бойынша резерв жасалында Дт (7210) Кт (1290)
6. Есеп беруге тиісті адамдардың іс-сапарға және шаруашылық шығындарына берілген сомалары жұмсалды Дт (7210) Кт (1250)
7. Болашақ кезең шығындарының осы есепті кезеңге қатысты үлесі есептен шығарылды Дт (7210) Кт(2920)
8. Әкімшілік және жалпы шаруашылық қызметкерлеріне еңбек ақы есептелінді Дт (7210)Кт (3350)
9. Қызметкерлер болып табылатын басқа да мамандарға жалақы есептелінді Дт (7210) Кт (3350)
10. Бюджетке төлеуге жататын салықтар есептелді Дт (7210) Кт (3140,3110,3120,3150)
11. Айыппұл санкциялары, өсімдері есептелінді Дт (7210) Кт (3310,4110), (3210,3370,3390,3440,354042404430),441(1040)
12. Есепті кезеңнің аяғында жалпы және әкімшілік шығындарының сомасы қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесіне көшіріліп жазылады Дт 5610 Кт (7210)
Жалпы және әкімшілік шығыстары жиынттық табысқа есептен шығарылғаннан кейін 821(7210) шоты жабылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет