Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарның қауымдастығы



бет52/94
Дата21.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#51508
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   94
Өлі табиғатта: бұл физикалық вакуум (ауасыз кеңістік), элементарлық бөлшектер, өрістер, атомдар, молекулалар, макроскопиялық денелер, ғаламшар, жұлдыздар, галактика, метагалактика немесе тұтас әлем.
Тірі табиғатта: тірі табиғаттың құрылымдық деңгейлері, нуклеиндік қышқылдар, ақуыздар, жасушалар, көпжасушалық ағзалар, популяцалар (биологиялық түрдің деңгейі), биоценоз- (био және гр. koinos –жалпы ценоз). Белгілі бір аймақта (құрғақ жер немесе су қойнауы) өмір сүретін және өз ара қалыптасқан қатынасы бар, қоршаған орта жағдайына бейімделген өсiмдiктердiң жиынтығы. Биосфераның жалпы дәрежесі.
Социумның (қоғам) дәрежесі: қоғамдағы өмiрдi ұйымдастыруда адам iс-әрекетiнiң (материалдық өндiрiс, рухани өндiрiс, ретушi жүйелер: саясат, құқық және мораль, әлеуметтiк саладағы iшкi жүйелер ретiнде өндiрiс және адамның өзiн өңдеуi) жүйесi мен iшкi психологиялық жүйесi анық көрiнедi. Бұдан басқа, қоғамның құрылымдық дәрежесi және әлеуметтiк қауымның табиғи-тарихи тайпа, отбасы, этностар, тұтас адамзаттың пайда болып қалыптасуы.
Қозғалыс материяның ең негізгі қасиеті ретінде- кез келген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгеріс. Материя қозғалыстың арқасында өзін білдіреді, көрсетеді, т. б., бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Қозғалыссыз материя жоқ, даму жоқ, сондықтан оны материяның өмір сүру формасы дейміз. Дамудың нәтижесінде жансыз -жандыға, жанды-жансыз материяға айналады. Осының бәрінде тыныштық сәті бар. Қозғалыс абсолютті, ал тыныштық оның бір сәттік тепе-теңдігі болады, ол салыстырмалы, себебі оның өзі де бір сапа деңгейіндегі қозғалыс. Материя қозғалысының өмір сүруі мен сапалық көп түрлері болады. Ф. Энгельс материя қозғалысының бес түрін көрсетті.

  1. Механикалық қозғалыс дегеніміз - кеңістіктегi қозғалыс, орын ауыстыру.

  2. Физикалық қозғалыс - электромагнитизм, гравитация, жылу.

  3. Химиялық қозғалыс - атомдар мен молекуланың затқа айналуы, т.б.

  4. Биологиялық қозғалыс - тірі организмдердің зат алмасуы.

  5. Әлеуметтік – қоғамдық өмірдегі өзгерістер және ақыл-ой.

Қозғалыстың осы түрлерін анықтау, ғылымның соңғы ғасырда ерекше тез қарқынмен дамыуына қарамай, өзінің философиялық маңызын жоғалтпай отыр. Микроәлемдегі қозғалыстар - элементарлық бөлшектер. Метаәлемдегі қозғалыстар - әлемдік механиканың классикалық заңға «бағынбаушылығының» ашылуы.
Қозғалыстың геологиялық түрлері, т. б. нақты ғылымдағы жаңалықтар, жәй және күрделі қозғалыстағы заттар мен құбылыстардың өзара байланысын бұрынғыдан да терең түсінуге мүмкіндікті көбейтіп отыр. Мысалы, әлеуметтік қозғалыс өз құрамында биологиялық, химиялық, физикалық, механикалық қозғалыстарды қамтиды. Олардың заңдылықтарының әсерін қабылдайды, бірақ өзі жаңа заңдылықтар туғызып «төмендегілерді» өзіне бағындырып отырды. Осыны дұрыс түсіну ғана бізді механистицизм, идеализм, және волютаризмнен сақтандырады.
Кеңістік пен уақыт та қозғалыс секілді материяның ішкі ажырамас қасиеттері, өмір сүру формалары болып табылады. Кеңістік пен уақыт санадан тыс, объективті өмір сүреді.
Субъективтік идеализм (Беркли, Юм, Кант, Маркс) пен уақыты жеке сананың мазмұнына тәуелді деп қарады. Кант: «Кеңістік пен уақыт санадан тыс объект ретінде өмір сүре алмайды» десе, Э. Мах «Кеңістік пен уақыты ретімен түзілген түйсіктердің жүйесі» -деп есептейді.
Материалистік философияда кеңістік пен уақытты адамдардың ойынан тыс, материяның объективтік түрлері деп қараған. Ғылым мен материализмде материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. Ол ешқашанда пайда болмайды және ешуақытта жоғалып кетпейді, ол әрқашанда болады, бар және бола береді. Кеңістіктің үш өлшемі бар: ұзындық, ені, биіктік. Бұл заттық түрлерге ғана емес, процестерге де тән. Уақыт қосылған соң дүниенің өлшемі төртеу болады. Уақыт бір өлшемді, ол заттық емес, өзгеру процесінiң сипаты.
Материя қандай түрде және қандай күйде болсын, оның уақыттық қасиеттері бар. Материяның өзгеруі мен даму түрінде білінетін уақыттың айнымайтын белгілі бағыты болады. Ол өткеннен болашаққа қарай жылжиды. Өткенді өзгертуге болмайды және оған қайта оралуға да болмайды.
Қозғалыстың жоғарғы биологиялық және әлеуметтік түрлерінде кеңістік пен уақыттың сипаттары мәнді түрде өзгеше болады. Кеңістік пен уақыттың әлеуметтік түрлері, адамзаттың қоршаған ортаны өз іс-әрекетінде игеруде, одан ары дамыту барысында қалыптасады да, қоғамдық даму процесінде тарихи тұрғыдан өзгеріп отырады.
ХХ ғасырдың бас кезінде А. Эйнштейннің салыстырмалық теориялары философиялық болжамды - материя, қозғалыс, кеңістік, уақыттың үзілместей бірлігін - ғылыми түрде дәлелдеді. Осы төрт фактордың бірі өзгерсе, қалған үшеуі де сәйкес өзгеретінін көрсетті. Бұл күнделікті өмірде қалыптасқан, классикалық механика ілімінен дәстүр болып келе жатқан көзқарас: кеңістік - абсолютті өзгермейтін орта, онда қозғалыстағы, өзгерістегі материя өздігімен өмір сүре береді, уақыт та сондай абсолютті, процестердің өзгермейтін жиілік интервалының көрсеткіші - дегенді жоққа шығарады. Олардың өлшемі материалдық жүйелердің өзіндік ерекшеліктеріне, процестерінің желісіне тәуелді өзгеріп отыратыны бүгінгi ғарыштық ғылымдарда, микроәлемде күмән келтірмейтін факт есебінде қаралады.
Философия өз негізінде үш мәселені қамтыды. Олар: Онтология (тіршілік, тұрмыстық жағдай), гносеология (таным туралы ілім), логика (ойлау жүйесі туралы ілім).
Онтология дегеніміз – болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер, ойлар және анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс – кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «тіршілік ету» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», «өмір сүру» терминдеріне сәйкес келеді.
Философияда «болмыс» терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам қоғамда ғана өмір сүрмейді, сонымен бірге индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т.б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б.
Болудың мазмұны абстрактылық: 1. психикалық климат; 2. әлеуметтік материалдық қатынас; 3. адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі - осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды, бәрі де болмыс. Антика заманында алғашқы рет «болмыс» деген терминді философ Парменид (Эгей қаласынан) енгiздi. Парменидтің пікірінше, болмыс дегеніміз – Шар немесе Сфера секілді шекарасы жоқ, бос кеңістік (болмысты сферамен ұқсастырудың себебі, антикалық замандағы Сфера ұғымы - өте әдемі, мүлтіксіз, геометриялық фигура болып есептелінген). Болмыс субъективтік ақыл-ой емес, әлемдік ақыл-ой - логос ретінде, адамға тікелей әлемнің жасырын сырын ашады, яғни ақиқат болады. Болмыс сезімнің арғы жағындағы құбылыс, ой. Ол бірлік, өзгермейтін абсолют, өзінің негізінде субъект және объектіге бөлінбейді. Бұл мүлтіксіз ортадағы ақиқат-жақсылық, игілік және жарық. Ол пайда болмайтын, жоғалмайтын, қозғалмайтын, жалғыз, уақыты бойынша шексіз болады. Болмысқа ештеңенің қажеті жоқ, сезімдік сападан айырылғандықтан, тек ақыл-оймен игеруге болады. «Болмыс - бар, биболмыс - жоқ» - деді Парменид.
Антикадағы Парменидтің қарсыластары биболмысты жоққа шығарумен келіспеді. Биболмыссыз әлем толық емес, әрі жетілмеген дейді. Демокрит әлем негізі – атом, олай болса, болмыс бар, , биболмыс та бар, ол қуыстар, онда атомдар қозғалыста болады. Осы жерде алғашқы ең терең және эврика – материалистік болмыс концепциясы туды.
Платон өзiнiң көптеген iзбасарлары секiлдi болмыс пен беиболмыс мәселесiн шешуге ұмтылады. Ол бойынша болмыс – бұл идеялар (эйдостар), ал беиболмыс – материя. Болмыс – эйдос: идеалдық санадағы объект, таза мән, ол материалдық заттарға қатысты төрт қызмет атқарады: заттарға себеп, үлгi, түсiнiк және мақсат болады. Платон бiздiң кәдiмгi түсiнiгiмiзге қарамай, неге болмысты идея деп, ал беиболмысты – материя деп санайды? Материалдық заттардың бүлiнуi мен жойылуы мүмкiн, ал идеяға (эйдос) еш уақытта зақым келмейдi. Материалдық заттар кейде iрi немесе кiшкене, жаман немесе жақсы болуы мүмкiн, ал идеялар болса керiсiнше- азаймайды және көбеймейдi, жақсармайды да, нашарланбайды, өзiнiң толық жағдайында өмiр сүредi. Идея мәңгi, тұрақты, өзгермейтiн бiрлiкте, т.б. Бұл Парменидтiң болмысқа берген сипаттамаларына сәйкес, ол - әлемнiң негiзi бiр абсолют. Ол – абсолют, дүниенің бастамасы.
Болмыс іліміне Аристотельдің қосқан маңызды идеясы: нақты болмысты – форманы, бейне арқылы тануға болады және осылайша ол адамға көрінеді, әрі қалыптасады. Орта ғасырлық философияда шынайы болмыс Құдай деп саналды. Әлем мен Адам Құдайға қарағанда екінші, оның туындысы. Адам Құдайға ұқсас. Сондықтан ол өзіне болмыстың бір бөлігін алады. Қайта өрлеу дәуірінде болмыс ең алдымен материалдық табиғат болмысымен ара қатынаста болады. Осы кезде болмыста табиғат пен Құдай теңестіріледі, осыдан пантеистік көзқарас пайда болады.
Жаңа Заман философиясында болмыс субстанциямен теңестіріледі. Декарт екі субстанцияны - материалдық және руханиды көрсетті. Олар бір-бірімен тең және тәуелсіз. Бірақ болмыстың өлшемі ойлау деді. Спиноза өзінің пантеистік сипатындағы философиясында Құдай, табиғат, субстанцияны теңестірді. Ол субстанцияны (causa sui) өзіндік себеп ретінде түсіндіреді.
Гегель мен Гераклит секілді ойшылдар өтпелі ауыспалы заттар болмысының диалектикасын ашып берген болатын. Гегель қалыптасу процесін сараптай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп көрсеткен. Ал философиядағы дәстүрлі болмыстың түрлері қалай бөлінеді? Олар қазіргі философия мен ғылымда қалай сипатталады? Болмыс түрлерінен «болмыс» категориясына материалистік, идеалистік, иррационалдық мән берілгені анықталады. Әдетте оларды талдау мақсатында бірнеше түрлерге бөледі, яғни «нақты» өзіндік «қабаттың» ерекше өмір сүруін ескереді.

  1. Табиғат болмысы (материалдық құбылыстардың, заттардың процестері).

  2. Әлеуметтік болмыс (тұтас қоғамдық болмыс және жеке топтардың, адамның болмысы).

  3. Рухани болмыс: 1. субъективтік - жеке адам өмірінен бөліп алуға болмайтын болмысты дербестенген дейміз; 2. объективтік - адамнан тыс өмір сүретін жасанды болмысты объективтендірілген дейміз.

Болмыстың түрлерін тек тану мақсатында, талдауға оңтайлы болу үшін жіктейді. Олар тек абстракцияда, теорияда дербес болады, нақты жағдайда бір-бірінен бөлінбейді. Адам болмысы табиғи болмыспен де, рухани болмыспен де өзара қиылысады. ХХ ғасыр философиясы мен ғылымы дәстүрлі сипаттамаға, негізгі болмыс түрлеріне төмендегідей жаңалықтарды енгізді. Табиғат болмысы. Қазіргі замандағы дүниеге көзқарас үш негізгі табиғат сипаттамасына сүйенеді: жүйелік, әмбебаптық эволюционизм, өзінен-өзі ұйымдасуы.
Табиғат болмысы бүгінгі философиялық ойлауда табиғаттағы жеке заттарды, субстракттарды емес, жүйелердің мәні, элементтерінің өзара әрекеті - тәсілдері талданады, яғни құрылымын зерттейді. Әлемнің «архитектурасын» бастапқы материал емес, жүйелік-құрылымдық ұйымдсуы анықтайды деп санайды. Атап айтқанда, бұл - әлемнің, оның бірлігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Табиғат болмысының қазіргі кездегі маңызды сипаттамасы, оның эволюциялық мүмкіндігінің мойындалуы. Ғылымдағы барлық белгілі табиғи жүйелер (ХІХ ғ. тек қана тіршілік иелері деп санаған) өзінің нәтижесінде эволюцияны көрсетеді. Бұл қорытындының бүкіл әлемге, біртұтас дүниеге қатысы бар. Эволюция феномені жергілікті емес, әмбебаптық. Қазіргі кезде ең басты мәселе, өзін-өзі ұйымдастыру құбылысы ретінде қаралады, яғни, спонтанды ретсіз жүйеден аса жоғары ұйымдасқан түрге өтуін зерттейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет