Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдарындағы материяның құрылымы мен қасиеті туралы түсінік.
Қозғалыс, кеңістік, уақыт олардың материямен бірлігі.
Әдістемелік ұсыныстар: Дүниені философиялық тұрғыдан түсіну. Болмыс категориясы, оның мән-мағынасы, ерекшелік сипаты. Болмыстың негізгі формалары және олардың диалектикасы. Дуализм мен монизм. Субстанция түсінігінің методологиялық маңызы.
Материя түсінігінің ғылыми-философиялық тұрғыдан қалыптасуы. Материя категориясының табиғат пен қоғамды танып-білудегі рөлі. Осы заманғы ғылым - материяның күрделі әрі жүйелі құрылымы. Дүниенің көп түрлілігі мен бірлігі туралы идеялар. Қозғалыс түсінігі, оның негізгі сипаттамалары. Қозғалыстың формалары және оларды жіктеудің осы заманғы мәселелері.
Кеңістік пен уақыт - материяның обьективті өмір сүру формалары. Кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материяның байланысы туралы философиялық түсініктерді дамытудағы салыстырмалылық теориясының маңызы. Биологиялық және әлеуметтік кеңістік пен уақыттың өзіндік ерекшеліктері.
Бақылау сұрақтары: Материяның негізгі атрибуттарын атаңыз?
Дүниенің материалдылығын сіз қалай түсінесіз?
Материя, қозғалыс, кеңістік бір-біріне өзара байланысты ма, болса қалай?
Материя категориясы және оның фундаментальдық маңызы неде?
Болмыстың негізгі формаларын көрсетіңіз.
Субстанция, дүние бірлігі мәселелері. Дуализм мен монизм түсініктерінің мәні
неде?
Қозғалыстың негізгі формалары, олардың қатынасы мен байланысын көрсет.