Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарның қауымдастығы



бет57/94
Дата21.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#51508
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94
2.2. Даму. Диалектика ілімі
Диалектика – сөзі ертедегі гректің екі - диа (екеу), лог (ұғым, мағына) сөзiнен тұрады. Диалог екеудің әңгімесі. Диалектиканың пайда болуы пiкiрталастық іс-әрекетке байланысты болды. Себебі, ертедегі гректің ақылды, шешен кісілері сенатта, сотта сөз сөйлеп жұртты өз пікіріне қарататын, диалог арқылы өз мақсатына жететiн, өзіне жақтастар таба алатын. Шындықты табудың көзі - айтыс, қарама-қарсылық пікір және сөз таластыру арқылы ақиқатқа жету. Диалектика белгілі бір процесс, ақыл-оймен дүние мәңгі қозғалыста, қимылда деп түсіндіру әдісі.
Гераклит (грецияда, б.з.б. V ғ.), дүние мәңгілік қозғалыста, қозғалмайтын нәрсе жоқ деді. Болмыс пен болмау - өзара байланыста, біріне-бірі тәуелді және біріне-бірі өтіп отырады. Бұның диалектикалық ойдың тарихына қосылған зор үлес екендігінде дау жоқ. Кратил ұдайы өзгеріп отыратын, қозғаушы күштің үзілмейтінін көрсетсе, Зенон, оның қарсы жағын, үзілетінін атап көрсетеді. Мұны Гегель: тезис - антитезис - синтез дейді.
Қайта өрлеу дәуірінде қарама-қарсылықтардың үйлесімділігі туралы диалектикалық идеяларды Николай Кузанский мен Джордано Бруно ұсынды. Жаңа дәуірде метафизиканың үстемдігіне қарамастан, Декарт өз космогониясында, Спиноза өзіне-өзі себеп болатын субстанция ілімінде диалектикалық ой үлгілерін жасады. Декарт: «Құдай дүниені жарата отырып, оған импульс немесе түркі болады, яғни сағат жөндеуші, сағаттың механизмін бұрай отырып, қозғалысты хабарлайды. Бұл пікір қоғамдық құбылыстарды талдауға қолданылмайды»7, - деген.
XVIII ғасырда француз ағартушылары Вольтер мен Руссо тарихтың даму идеясын ұсынды. Қоғамды дамытушы рухани күш немесе рухани фактор - мораль, дін және идеялар болады деп есептеді. ХІХ ғ Маркс пен Энгельс: «Идеяны тудыратын данышпандар, қозғаушы күш – халық», – деп түсіндірді.
Диалектикалық әдіске қарама-қарсы метафизикалық ойлау әдісі бар. Бұл әдісті Софистика (софизм) мен эклектика ағымдары қолданды. Софизм бір нәрсені дәлелдеп, пікір айтуға логика қағидасын бұзатын теріс тәсілдер қолданады және бұл дәлелі дұрыс секілді болып көрінетін әртүрлі айла-шараны пайдаланды. Әрине, бұл кезде объектінің ішкі болмысын, табиғатын шынайы ашпай, сыңаржақтылыққа ұрынады. Ал, эклектика (гр. Eklego- таңдаймын) - әртүрлі бағыттар немесе шындықтардың негізгі шешуші жағын айқындап алмай, түрліше қарау жолдарын принципсіз, қалай болса солай біріктіре салу.
Софистика мен эклектика метафизиканың ерекше бір түрлері болып табылады. Өйткені, екеуіне тән нәрсе: сыңаржақтылық, құбылыстардың арасындағы нақты байланыстарды елемеушілік, негізгінi ажырата білмеушілік. Оларға төменгiлер де жақын.
Релятивизм (лат. Relativus - қатынастылық) танымның дайын жауаптарын интерпретациялау (түсіндіру, талдап беру). Релятивизм адам танымының шарттылығы мен субъектілігі туралы ілім. Релятивизм білімінің салыстырмалылығын мойындап, танымның объективтілігін жоққа шығарады, біздің білімімізде объективті дүние бейнеленбейдi деп есептейді.
Догматизм - ойлаудағы икемсіздікке сүйеніп, қабылданған қағиданы дәлелсіз, абсолюттік ақиқат деп санайды. Теориялық және саяси мәселелерді зерттеп шешуде нақтылы жағдайларды ескермейтін абстрактілік әдіс.
Диалектика - ойлаудың ең икемдісі, дүниені жан-жақты зерттеудің, яғни әртүрлі байланыстардың әрқайсысын ашып, қарама-қарсы күштердің даму барысындағы өзгерістер мен процестердің негізін табу. Диалектика - ойлаудың объективтілігі, софистика - ойлаудың субъективтiлiгi.
Диалектика ұғымы үнемі тарихи дамуда болып, мазмұны тереңдей береді. Сондықтан оның тарихи формаларын ажырата білу керек: стихиялық немесе қарапайым диалектика - дүниенің сезімде берілетін сырт бөлгінің мәңгі өзгерісіне сүйенеді; идеалистік диалектика - ақыл-ойдың жалпы ұғымдарының бір-біріне ауысып отыратынына негізделген; идеалистік-тарихи диалектика - ұрпақтар санасындағы қайшылықтардың болуына жүгінеді; материалистік диалектика - қайшылық пен даму санада ғана емес, дүниенің өзінде де барын дәлелдейді. Осыны нақтылау үшін объективтік диалектика (санадан тыс дүниенің дамуы) және субъективтік диалектика (сана-сезімнің дамуы) деп бөлеміз. Жалпылай келгенде, диалектика бүкіл болмыстың (материя мен сананың) дамуы туралы ілім. Содықтан оны табиғаттың, қоғамның, адам санасының жалпы заңдылықтарын ашатын ілім деп санаймыз.
Жүйелік принцип және осымен байланысты жүйелік әдіс - қазіргі заманда, өзіне көптеген диалектика теориясының идеяларын енгізіп, ғылым мен практикадағы өте маңызды әдістемелік бағыт болды. Әрбір жүйелік зерттеудің негізі - зерттеу жүйесінің тұтастығы, туралы түсінік, жүйелік принцип. Жүйелік зерттеуде объектінің сыртқы ортамен арақатынасы мен өзінің ішкі құрылымын жіктеуі арқылы элементтерін, қасиетін, қызметін, олардың тұтастықтағы орнын бөлуде көп қолданылады. Жүйе тұтастығы байланыс түсінігі арқылы түсіндіріледі. Заттар арасындағы байланыс түрлі сипатта болады: бір-бірімен тікелей байланысты, бірқатар жанама буындар арқылы байланысы, әрдайым өзара тәуелдік, өзара әрекеттестік түрінде көрінеді.
Дүние бірқалыпты емес, сан қилы. Заттар қалай орналасса да, дүниеде барлық заттар бір-бірімен байланысты. Оның түрлері: күрделі - жай, тұрақты - кездейсоқ, уақытша - қайталанған, негізгі (мәнді, маңызды, елеулі) - ішкі - қосалқы, сыртқы, қажеттi - қажетсіз. Дүниедегі шексіз байланыстардың ішінде, нақты әлемде философиялық тұрғыда тануда, жалпылық әмбебептық байланыстар қарастырылады, олар мынадай тарихи типке бөлінеді: жекелік-жалпылық, көптік-бірлік, ұқасастық-ерекшілік, сапа-сан, жай-күрделі, бөлік-бүтін, шекті-шексіз, түр-мазмұн, т.б. осындай байланыс түрлері болмыстың құрылымдық категориялары тобына кіреді.
Танымның тарихында басқа да категориялар катары - әмбебаптық детерминациялық байланыстарды білдіреді: құбылыс-мән, себеп-салдар, қажеттілік - кездейсоқтық, мүмкіндік- шындық.
Әмбебаптық байланыстың алғашқы талдау тәсілін шартты түрде «горизонтальдық», екіншісі – «вертикальдық» деп атайды.
Детерминизм (лат determinio - анықтау) - табиғат пен қоғамда кездесетін оқиғаны, құбылыстарды және адамның еркі мен мiнезiнiң өзара байланысының себептерін, себептілігінің заңдылығын зерттейтін ілім.
Философиялық танымда детерминизм принципінің орны бөлек. Дүниені материалистік түсіну және ғылыми таным негізінде себептілікті мойындау және құбылыстардың заңдылығын iздеу жатыр. Детерминизмдегі себептілікті түсінбеу, адамды басқа жағдайлар «ғажап» құбылыстарды мойындауға алып келеді. Қазіргі кезде детерминизм ұғымы, ұзақ тарихи даму арқылы себептілік - салдар және заңдылық принципi болып қалыптасады. Себептілік (каузальдық - лат caus - себеп деген сөз) құбылыстардың жалпылама заңды байланысының түрі.
Себеп - құбылыстың тууы, оның күйінің өзгеруіне, жойылуына жағдай туғызады. Себептің нәтижесі - салдар. Басқа оқиғаның алдында болатын, оның пайда болуына мүмкіндік жасайтын, бірақ тудырмайтын және анықтап бере алмайтын оқиға - сылтау саналады, ол сыртқы болмашы байланыс. Себеп пен салдардың әрекеті, айналысындағы құбылыстарға әсер етеді. Бұл құбылыстардың жиынтығын – жағдайлар деп атайды. Жағдайлар тиісті оқиғаның болуы үшін қажет.
Дүниені ғылыми тану ұғымдар арқылы іске асады, олардың күнделікті сөздер мен терминдерден айырмашылығы, жалпылығы (көп зат, құбылысқа ортақ қасиеттердi, сапаны, т.б. белгіленуі) мен бір мәнділiгінде. Философия өте жалпы байланыстарды, заңдылықтарды қарастыратындықтан, өте жалпы ұғымдарды қолданады. Оларды –категориялар деп атайды. Диалектика категориялары дүниенің дамуын көрсете білуі үшін, дамудың көзі қарама-қайшылық екенін ескертіп, әрқашан қосалқы қарама-қайшы ұғымдар ретінде беріледі. Мұндағы негізгі мақсат: қарама-қайшы ойлар, зат, құбылыстар бір-біріне өтіп отыратынын көрсету, дүниенің шынайы үзіліссіз байланысын үзілістен тұратын логикалық ойлауда бейнелей білу. Осы себепті категориялардың байланысын, заңдылықтар деп қарастыру орынды. Диалектика заңдары да қос категориялар арқылы жасалады, бiрақ категорияларға қарағанда тұрақты, қайталана беретін, негізгі қасиеттердің байланысын білдіреді.
Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес Заңы. Бұл заң дамудың түп негізі құбылыстар мен процестердің қайшылығында, оларға тән iшкi қарама-қарсылықта, әсіресе олардың күресінде болатынын көрсетіп, дамудың өзiндiк себебін ашып береді. Қарама-қарсылықтың бірілігі мен күресі – қозғалыстың және барлық болмыстың дамуының бастауы, көзi. Гегель қайшылықтар туралы ілімді диалектика тұрғысынан талдап жасады, бірақ ол идеализмге толы. Тек, марксизмде ғана Гегель философиясының шектелгенi жойылып, диалектика ғылыми ілімге айналды. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңының мазмұнын түсіндіру үшін, ең алдымен оның жақтары мен элементтерін анықтап алу керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет