Абсолюттік рух – Гегельдің философиялық жүйесінің бөлігі, онда еркін рухтың өмірін суреттейді, кеңістік және уақытпен шектелмейді ол өнерде, дінде әрі философияда көрінеді.
Абсолюттік идея– философиясының негізгі категориясы, дүниенің негізін көрсетеді, дүниенің шығармалық бастамасы, болмыстың өзгермейтін, мәңгі, аяқталған бастамасы.
Абсолюттік ақиқат – (лат. absolutus – сөзсіз) «өзінен-өзі жеткілікті», бұл шындықтың дәл, түгел бейнелеуі, ол обьективтік ақиқат.
Аверроизм – Авероэс Ибн-Рушд ақиқаттың екіжақтығы туралы ілімі бойынша адамға философиялық ақиқат пен діни ақиқаттың бір-біріне қарсылықтың жоғын, дінді ұғынуға ұмтылады.
Агностицизм – ( гр. А теріске шығару және gnosis – білім ) обьективтік дүниені, обьективтік ақиқатты білу мүмкіндігін толық емес, ішінара теріске шығаратын ілім.
Адаптация – (кейінгі лат. adaptatio - бейімделу) орта, тұлға мен әлеуметтік топтың арақатынасының түрі. Организмді ағза құрылымы мен қызметінің бейімделу сипатының өмір сүру жағдайына дағдылануы – әлеуметтік адаптация айырмашылығы адам, түр ретінде өзінің құрылымы мен қызметін өзгертпейді, тек орта түрін өзгертеді.
Аксиология– (гр. Axia – құндылық және Iogos –ілім, сөз). Құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан зерттейтін ілім.
Антропоцентризм – дүниені адам арқылы бағалайтын дүниенің тетігі, адам деп білетін идеалистік ілім, көзқарас.
Атрибут – (лат. Attriduo – заттық, құбылыстың өзінен бөлінбейтін қасиет). Обьективтік қажеттік, бөлінбейтін (ажырамайтын) өзіндік қасиеті.
Антиномия – санадағы қайшылық, дұрыс саналатын екі ереженің ара қайшылығы.
Аналитикалықфилософия – ХІХ ғ философиясының обьективтік дүниені тілді талдайтын пәнге балайды. Ол философияның обьективтік дүниені бейнелейтінін жоққа шығарады, неопозитивизмнің бір түріне айналады.