Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарның қауымдастығы


Жүйе – реттелген қатынастағы элементтердің жиынтығы. Заттану



бет87/94
Дата21.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#51508
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94
Байланысты:
1093 k L

Жүйереттелген қатынастағы элементтердің жиынтығы.

  • Заттану – адам мүмкіндіктерінің затқа көшірілуі, әлеуметтік-мәдени мәнге ие болуы. Бұған кері процесте заттың мәні, адамның игілігіне айналып, адам мәдени жан ретінде қалыптасады.

  • Заң – нақтылы дүние мен қажетте қайталанып отыратын құбылыстардың байланысын бейнелейтін категория.

  • Құбылыстардың жүйелі түрде өзгеруіне себепші болатын, ішкі, тұрақты мәнді.

  • Идеализм – (гр. idea- дәлме діл, көрініп тұрған нәрсе, бейне) рухты негіз деп санайтын философиялық ілім.

  • Индукция – ойлаудың жекеден жалпыға көшіп, қорытындылар шығаратын ойлау әдісі.

  • Иррационализм – (лат. irrationalis – ақылсыз, санасы, ақыл жетпейтін) философиядағы ағым, танымда ақыл күшін мойындамайды, оған тіпті шек қояды, сонымен болмыстың мәніне ақылдың жетпейтінін уағыздайды.

  • Идеалдық - обьективтік әлемнің субьективтік бейнесі. «Идеалдық дегеніміз – адам санасына енгізілген және онда қайта қорытылған материалдықтан басқа ешнәрсе де емес» (К. Маркс).

  • Имманенттік – (лат. Immanens) бір дененің ішінде орналасқан) заттың, құбылыстың немесе процестің іштей өзіне тән қасиеті.

  • Кеңістік – материя болмысының жалпы формасы, барлық материалдық жүйелердің ұзындығының, құрылымының, қатар өмір сүруі мен әрекеттігінің сипаты.

  • Категориялар – (гр. Kategoria – пікір айту, куәгерлік) обьективтік нақты құбылыстардың заңдылығы мен олардың негізгі қасиеттерін бейнелейтін ең жалпы түсінік.

  • Комплекс – көптеген элементтерді жинақтайтын кіші жүйелерден тұратын күрделі жүйе.

  • Концепция – негіз болатын ой, мазмұнын топтастыру, негізгі көзқарас.

  • Креационизм – (лат. creation - жасау) – құдайдың әлемді жоқтан жасауы туралы діни ілім.

  • Қажеттілік пен еркіндік – адам әрекеті, табиғат пен қоғамның обьективтік заңдары арасындағы қатынастарды білдіретін философиялық категория.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет