Семинар сабағының жоспары: Қайта өрлеу дәуіріндегі антропоцентризм және гуманизм.
Ғылыми революция және таным тәсілдері: эмпипризм мен рационализм.
Жаңа заман философиясындағы материализм мен идеализмнің ерекшеліктері.
Ағартушылық дәуір философиясы және оның идеологиясы.
Әдістемелік ұсыныстар: Қайта өрлеу дәуірінде антропоцентризм және пантеизм жетілді, бұлар ғылыми танымға жол ашты. Жаңа заманда жаңа ғылыми жаңалықтарды философиялық тұрғыдан талдау қажеттілігі туып, танымның жалпы әдістемесі қарастырыла бастады. Сондықтан екі негізгі бағытты толық талдаған жөн. Олар: эмпиризм және рационализм.
Бақылау сұрақтары:
Жаңа заман философиясында таным методологиясы неге өзекті болды?
Танымның индуктивті және дедуктивті әдістерінің ерекшелігін ашыңыз.
Жаңа замандағы философияның негізгі бағыттарын атаңыз.
Қайта өрлеу дәуірінің өзіндік белгілері, олардың философиялық ойларда
бейнеленуі.
Қайта өрлеу философиясының антропоцентризмі және гуманизмі. Пантеизм
және натурализм.
ХVІІ-ХVІІІ ғасыр философия ( Ф. Бэкон, Р. Декарт, Т. Гобс, Б. Спиноза, Дж.
Локк, Г. Лейбниц).
ХVІІІ ғ. ағартушылық кезеңдегі философиясы (Ж. Ламерти, Д. Дидро,
К. А. Гельвеций, П. Гольбах, Вольтер).
Француз материалистерінің діни көзқарастары.
Қайта өрлеудегі натурфилософия мен диалектика (Дж. Бруно, Н. Кузанский).
Жаңа заман философиясындағы негізгі субьективтік идеализм өкілдері (Д. Юм,
Д. Беркли).
Баяндамалар мен рефераттар:
Қайта өрлеудегі антропоцентризм және гумманизм.
Адам идеалы: адам өзін-өзі жасаушы бастапқы тұлға.
Құдай, әлем және адам туралы Ренессанс философиясының гуманистік мәні.
Философия және өнер: индивидуалдылықты игеру (Данте, Петрарка, Леонардо да
Винчи, т.б.)
Ғылыми револиция және ХVІІ ғ философиясының ерекшелігі.
Діни догматизмді, орта ғасырлық схоластиканы сынау.
Бэконның индуктивтік әдісінің мәні.
Бэкон Ф. мен Р. Декарт. ілімдерінің қайшылықтары.
Метафизикалық онтология: субстанция мәселесі ( Декарт, Спиноза, Лейбниц).