Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарның қауымдастығы


Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу



бет28/94
Дата21.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#51508
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94
Байланысты:
1093 k L

Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу

  1. Антология мировой философии в 4-х т. М.: 1969-1972.

  2. Гобсс Т. Левиафан или материя, форма и власть государства церковного и

гражданского. Гоббс. Сочинения. в 2-х т. М.: 1989 Т 2.

  1. Декарт Р. Правила для руководства ума. Соч. В 2-х томах. М.:

  2. Кузанский Н. Соч. В 2-х томах. М.: 1979-1980.

  3. Лейбниц Г.В. Монадология. Соч. В 2-х томах. М.:

  4. Локк Дж. Опыт в человеческом разуме Локк Дж. Изб. Философские

произведения. В 2 т. М.: 1986 Т 1.

  1. Мир философии: Хрестоматия в 2-х частях. М.: 1991 Т 1.



Әдебиеттер тізімі

  1. Алтаев Ж., Касабек А., Мухамбетәли Қ. Философия тарихы.Алматы, 2000.

  2. Асмус В. Ф. Декарт М.: 1956.

  3. Әбішев Қ. Философия.Алматы. Ақыл кітабы, 2001.

  4. Гайденко П.П. Эволюция понятие науки (ХҮІІ-ХҮІІІ вв.) М.: 1987.

  5. Зайченко Г.А. Джон Локк. М.: 1973.

  6. Есім Ғ. Фәлсафа тарихы. Алматы. Раритет, 2004.

  7. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2003.

  8. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Оқу құралы. Алматы, ҚазГЗУ. 2002.

  9. Мырзалы С. Қ. Философия әлеміне саяхат.-Қостанай, 2000.

  10. Нарский И. С. Готфрид Лейбниц. М.: 1973.

  11. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. Алматы, 1999.

  12. Соколов В.В. Спиноза М.:1977.

  13. Соколов В. В. Европейская философия ХҮ-ХҮІІ веков.- М.: 2003.

  14. Философия Ғабитов. Т. Алматы. Раритет. 2003.

  15. Философиялық сөздік. Алматы. 1996.


1.5 Немістің классикалық философиясы
Немістің классикалық философиясы ─ адамзат мәдениеті мен философиялық ойлау дамуының маңызды сәті. Бұл философияның негізін салған Иммануил Кант (1724─ 1804 ж.), Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814 жж.), Фридрих Вигельм Иозеф Шеллинг (1775-1854 жж.), Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831жж.) және Людвиг Андреас Фейербах (1804-1872 жж.). Аты аталған философтар өз жүйелерін жасады, олардың идеялары мен тұжырымдары аралығындағы ерекшеліктердiң болғанына қарамай, бір рухани ортаны қалыптастырды.
XVIII ғасырдың аяғымен XIX ғасырдың басында Германия экономикалық, саяси жағынан артта қалған бытыраңқы жартылай феодалдық ел болды. Ұлт буржуазиясы әлсіз болғандықтан, өкіметке қарсы ашық күресе алмады және революциядан қорықты, сондықтан феодалдармен ымыраға келді. Неміс классикалық философиясының өкілдері де, жай қала халқынан (бюргер) шыққандықтан, тек жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар өз заманының білімді адамдары болды, университеттерде сабақ беріп, ғылыммен шұғылданды; сол кездегі Англияда болған өнеркәсіп төңкерісi, оның негізінде табиғаттану ғылымының дамуы, 1748-1794 жылдары Францияда болған буржуазиялық революцияның прогресшіл идеяларының Герман буржуазиясына тигізген әсеріне көп көңіл қойып, ой қозғады.
«Неміс классикалық философиясы» деген атауды Энгельс беріп, оны былай деп түсіндіреді:

  1. Сана, сезім, ақыл-ой, таным мәселелерін зерттеу;

  2. Ертедегі көне диалектиканы жаңа негізде көтеру;

  3. Субъективтік идеализмнен объективтік идеализмге революция жолымен көшу.

Иммануил Кант 1724 жылы қарапайым қолөнерші семьясында Кенигсберг қаласында дүниеге келді. Әкесі тері илеуші, құрал - сайман шебері болып жұмыс істеді. Отбасындағы 9 баладан 3 қызбен інісі екеуі ғана тірі қалды, бала кезінде өте көп ауырды. Өмір бойы бойдақ болып өттi. 1745 жылы Кенигсберг университетінің теологиялық факультетін бітірді. Сонымен бірге, университетте бірқатар жаратылыстану және философиялық пәндерді зерттеп таныды. Университеттен кейін 9 жыл үйде сабақ беретiн мұғалім болып және өзі білімін жетілдірумен айналысты. 1755 жылы приват-доцент болып орналасқан соң логика, метафизика, математика, табиғи құқық, философия, механика, минерология, теология, этика, география, антропология, дін және физикадан дәріс берді. Философия мамандығымен 47 жыл бойы шұғылданды. Өзінің жеке басында философиялық әңгімелерге көңіл бөлмеген. Оның ойынша ол тыңдай білмейді, оқыта біледі. Бүкіл өмірі есептеліп, өзіне ыңғайлы өтіп жатты. Кешкі сағат 1000-да ұйықтап, таңғы 500-те тұратын болған. Ол 1900 сағатта қыдыруға шыққанда, қала тұрғындары онымен сағатын туралайтын деген аңыз бар. Бұл әдет соңғы 30 жыл бойы бұзылмаған.
«Пролегомендер» деген еңбегінде Кант өз философиясының жай-жапсарын қысқаша баяндап береді. Ол еңбегі алғаш рет 1783 жылы басылып шықты. Канттың ғылыми еңбектерi екi кезеңге бөлiнедi: «Сыни кезеңге дейінгі» және «Сыни кезеңдегі».
Сыни кезеңге дейінгі кезеңінің мәні ─ «Жалпы бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» деген еңбегі бойынша талданады. Бұл еңбекте:

  1. Материяның бірлігі, қозғалысы және оның заңдары туралы жаңа ойлар айтты.

  2. Жаратылыстану ғылым теориясының саласында тарихи екі жаңа гипотеза

ұсынды:
а) күн жүйесінің табиғи жолмен пайда болуы (ғылымға бұл Кант-Лаплас гипотезасы болып кірді). Күн жүйесінің газ тектес тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан үлесі емес, жалпы дүниетанымдық, әдістемелік маңызы бар жаңалық болды. Оның космогониялық ілімі неміс философиясына үлкен әсер етті. Бұл ілім дүниеге деген қалыптасқан метафизикалық көзқарасты жеңді.
б) тасқындар салдарынан жердің айналуының бәсеңдеуі.

  1. «Дүние жаратылды» деген пiкiрдi жоққа шығарып, жаратылыстану туралы еңбегінде оны материализм тұрғысынан шешті. Планеталардың алғашқы газға ұқсас тұмандардың қоюлануы арқылы, өзіне тән тартылыс және серпіліс секілді қарама-қарсы күштердің арқасында өздігінен, ешқандай сыртқы күштердің әсерінсіз, пайда болатынын айтты. Хайуандардың пайда болуы, бүкіл дүниеге қалай таралғандығы жайлы, адамның табиғи жолмен шыққандығы туралы идеялар ұсынды.

  2. Кант философиясының тарихы, маңызы, оның диалектикалық ойлауды дамытуында болды.

Кант екінші кезеңде өзінің философиялық жүйесінің орталық мәселесі етіп адамды, оның тану мүмкiндiгiн қойды. Адамға керегі бостандық, бірақ ол адамда жоқ. Адамда бардың бәрі табиғи қажеттіліктің арқасында қалыптасты. Адамның рухани тілегі мына философиялық сұрақтарға байланысты:

  1. Нені біле аламын? (Метафизика немесе философия). «Таза ақыл-ойды сынау». (1781 ж.)

  2. Нені білуім керек? (Мораль, этикалық ілім). «Практикалық ақыл-ойды сынау» (1788 ж.)

  3. Неге сенуге болады? (Дін) «Ақыл шеңберіндегі дін» (1793 ж.).

  4. Адам деген не? «Антропология» (1798)

Кант философиясы болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерді қарастырмастан бұрын, танып-білу мүмкіндігінің шегiн белгілеп алуды ұсынады.
«Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде таным мәселесін талдайды. Канттың пікірінше, таным процесі үш сатыдан өтеді: 1. Сезім-түйсік сатысы. 2. Сараптаушы ақыл-ой. 3. Таза ақыл-ой. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь-в-себе) – заттар мен құбылыстардың мәнi, біздің санамызда берiлген «біздік зат» (вещь-для-нас) - заттар мен құыбылыстардың сыртқы көрiнiсi немесе табиғат, деп екіге бөледі. Бұл дуалистік көзқарас. Өйткені, ол материалдық заттардың объективтік өмір сүруін мойындайды, алайда мәнін танып - білуге болмайтын «өзіндік зат» бар деп агностиктік ұйғарымға келеді. Зат ішіндегі мәнді ешуақытта таза ақыл-оймен анықтауға болмайды. Бұл трансцендентальдық, яғни логикалық ойлаудан, тәжірибиеден тыс.
Агностиктік білімнің пайда болуына байланысты, заңды сұрақ туады: егер жеке заттарды және тұтас әлемді тану мүмкіндігі жоқ болса, ғылыми білімнің тегі мен мәні қандай? Кант осыған өзінің гипотезасы мен теориясын жасады? Осы мәселелерді түсіндіру үшін, ол өзінің таным теориясына априорлық білім түсінігін енгізді, бұл ─ тәжірибеге дейінгі және тәжірибеден тыс алынған білім болды. Априорлық ─ ақыл-ойда әуел бастан бар және дәлелдеуді керек етпейді. Мысалы, «Адам өмірі уақытпен өтеді», «Барлық дененің ұзындығы бар». Тек априорлық білім дәлелді және сенімді, жалпылық және қажеттілік қасиетіне ие бола алады. Ол априорлық білім түрлеріне біздің кеңістік пен уақыт туралы түсінігімізді жатқызды. Бірлік, көптік, тұтастық, нақтылық, терістеу категориялары тәжірибеге дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олар «бiздiк заттардың», табиғаттың ретсiздiгiн жоюға, жүйеге келтiруге қолданылады, яғни соңғыларды бiздiң санамыздың өзi жасайды - бұл Кант философиясының субъективтiк идеализмге ауытқуы.
Априорлық білімге байланысты адамның өзінің жеке эмпириялық тәжірибесінен шығу қабілеті туады. Осыдан, ол өзінің философиясын ─ транцендентальдық деп атады. Канттың априорлық формаларынан адамзат мәдениетінде қалыптасқан (заттандырылған) дағдылық, іскерлік және қабілет тыс қалған. Атап айтқанда, мәдениеттің негізінде ғылым, техника, өнер бар, біздің білім жеке адамға көп тәуелді емес. Бұлар шынында да жеке адам тәжірибесінен бұрын, қалыптасқан және олар үшін априорлық болады. Бірақ таным субъектісі адамзат болғандықтан, бұл білім апостериорлықтан, яғни тәжірибеден алынған.
Апостериорлық білім ─ тәжірибеге негізделген, әрі қолда бар материалдардың деректеріне сүйенген. Мысалы, адам тәжірибеден білетіні барлық металдар балқиды, бірақ теория жүзінде балқитынын дәлелдеуге болмайтын металдар бар. Сондықтан тәжірибеден алынған білімнің (эмпириялық, апостериорлық) дұрыс және толық болмауына байланысты, ол жалпылық болуға таласпайды.
Кант ілімінде танымдық қабілеттің негізгі мәселесі: ақыл-ой мен антиномиялар туралы, осы ілімнің ықпалы ерекше еді. Бұл жаңа заман философиясының ең маңызды, әрі терең жетістіктерінің бірі болды. Әр ойдың кері түрі бар деген диалектикалық заң ретіндегі антиномияға мыналар жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет