Табиғи құқыққа теңдік, еркіндік, әділеттілік жатады. Олар адам, қоғаммен бірге пайда болады.Олар объективті және ешкімге тәуелді емес. Позитивтік құқық- құқықтық нормалар, заңдар мен нормативтік актілер.Оны мемлекет үнемі қолдап, қорғап, дамытып отырады.
Позитивтік құқықинституциональдық тұрғыда дамыйды. Нормативтік құқық мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты. Позитивтік құқық жазба түрінде нормативтік акт, заң түрінде өмір сүреді. Адам - құқы мен бостандығын мемлекеттен сұрап алады, Мемлекет адамның бостандығын, құқықғын шектеп,керек болса тартып алады. Позитивтік құқық мәдениеттің емес, өркениеттің атрибуты.