Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,3+Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы «Мектеп оқушыларының даму физиологиясы» пәні оқушылар ағзасындағы тіршілік әрекеттерін оқытады. Өсу мен даму барысындағы органдар, жүйелер, ағзаның тұтас қызметтерінің ерекшеліктерін оқытады. Олардың қалыптасу заңдылықтарын, әрбір жас кезеңдері барысындағы жеке даму ерекшеліктерін және физиологиялық функцияларының педагогикалық әсерлерге реакцияларының ерекшеліктерін оқытады. Білім алушылардың қоршаған ортамен өзара әсерлері олардың денсаулығын қорғау мен күшейту үшін, дамуына әсерлерін зерттейді. Гигиеналық талаптарын білім алушылардың оқу-тәрбие жұмыстарын, күн тәртібін, тамақтануын, демалысын, әрі мектеп құрал-жабдықтарын және білім беру мекемесінің гигиенасы мен құрылымын қалыптастыруды ұйымдастыруға қолданады. Білімалушыларды өздерінің денсаулығын сақтау, қорғау негіздерінде жататын жас ерекшеліктерімен таныстырады. Бұл пән педагогикалық білім берудің басты маңызды компонентерінің бірі.
Оқу курсының түрі: (БК ЖК) Пәннің мақсаты білім алушылардың тұтас оқушылар өсуі мен дамуының ерекшеліктері және жалпы биологиялық заңдылықтары туралы, әрі жеке органдары мен жүйелері бойынша ғылыми-педагогикалық көзқарастарын қалыптастыру және педагогтар үшін оқушылардың физиологиялық дамуын оқу нәтижесіне сүйене отырып, әрі гигиеналық нормалар мен талаптардың негізінде оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру.
«Мектеп оқушыларының даму физиологиясы» пәнінің негізгі міндеттері білім алушыларда ББ бағдарламасы бойынша бірқатар оқыту нәтижелерінің (ОН) пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады, олар:
өсіп келе жатқан ағзадағы тіршілік үдерістері туралы ақпараттарды жинақтайды;
жеке дамудың әрбір кезеңдеріндегі заңдылықтардың ерекшеліктері туралы ойларды жіктейді;
қоршаған ортамен балалар мен жасөспірімдердің ағзасының арасындағы байланыстар туралы ойларын бағалайды;