Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдарының магистратураға түсу емтиханына арналған ағылшын тілі пәнінен тест Спецификациясы
1. Мақсаты: Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ағылшын тілі пәнінен магистратураға түсу емтиханы үшін құрастырылған.
2. Міндеті: Жоғары оқу орындарында алған білім бағдарламалары көлемінде тілдік деңгейлерін анықтау.
І.Тест мазмұны. Кешенді тест азаматтардың гуманитарлық және жалпы техникалык салалар бойынша түрлі жағдаяттардағы (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-саяси, ғылыми-кәсіби) коммуникативтік тілдік құзыреттілік қалыптасу деңгейлерін анықтайды. Тестке А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінің тест материалдары енген. Тест үш бөліктен тұрады:
Блок I – Тыңдалым (Мәтін тыңдау) Талапкердің шеттілдік сөзді фондық қабылдау кезінде ауқымды және түбегейлі түсінуі «Тілдік, әлеуметтік-мәдени, компенсаторлық, оқу- танымдык құзыреттіліктері меңгерілген тілдік материалдар негізінде тексеріледі.
Бұл бөлікте тыңдауға 4 мәтін және әр мәтінге 8 тест тапсырмасы беріледі. Тыңдалымға ұсынылған материал 1 минуттық үзілісті сақтай отырып, 2 қайтара жазылған. Әр мәтінді тыңдап болған соң, оған арналған тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі.
Бөлікте төмендегідей тақырыптар қамтылған:
№
Тақырыптар
№
Тақырыпшалар
1
Адам, коғам және рухани құндылық
1
Мен және менің достарым. Менің үйім
2
Неке және отбасы. Отбасы өмірінің құндылықтары. Отбасы-тәрбиенің негізі
3
Мамандық. Жұмыс. Еңбек тәртібі. Әріптестер
4
Саяхат. Демалыс индустриясы. Бос уақыт жәнеқызығушылық
5
Салауатты өмір салты. (Денсаулық. Дұрыс тамақтану. Спорт және спорттық өмір)
2
Білім және ғылым
1
Университет. (Университет өмірі, жетістіктері, оқытушылары, студенттері және т. б.). Қазақстандағы және ағылшынтілді елдердегі студенттердің оқуы мен өмірі
2
Ғылыми жұмыс: жаңалық ашу, ғылым мен қоғам қайраткерлері мен олардың өмірі
3
Ғылым саласындағы жаңалықтар. Жастар-еліміздің болашағы. Жастар саясаты
4
Әлемдік атағы бар ғалымдар мен зерттеушілер, олардың өмірбаяны
5
Экологиялық мәдениет. Техникалық прогресс және адамзаттың жаһандық мәселелері
3
Қазақстан және ағылшын тілінде сөйлейтін елдер
(Ұлыбритания, Ирландия, АҚШ, Канада, Аустралия және Жаңа Зеландия)
1
Географиялық орналасуы. Ауа райы және климаты
2
Мемлекеттің тарихы. Астанасы және негізгі қалалары
3
Мемлекеттің саяси жүйесі, экономикасы.
4
Тіршілігі, ұлттық таным. Салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтар
5
Тіл және мәдениет. Өнер. (Музыка және музыкалық шығармалар. Би өнері. Кино өнері және т. б.)
6
Өнеркәсіп салалары
7
Сәулет және құрылыс
8
Әдеби жанрлар. Танымал ақын, жазушылар және олардың шығармалары
9
Салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар. Ұлттық мейрамдар мен (спорт) ойындары
Мәтіндерде төмендегідей қатысымдық -жағдаяттық домендер қамтылған:
- әлеуметтік-тұрмыстық салаға қатысты жағдаяттар;
- әлеуметтік-мәдени салаға қатысты жағдаяттар;
- әлеуметтік-саяси салаға қатысты жағдаяттар;
- әлеуметтік-кәсіби және өндірістік салаға қатысты жағдаяттар;
Тыңдалым бөлігінде үш түрлі мәтін беріледі: монолог, диалог, интервью.
Мәтін тақырыбын түсіну деңгейі төмендегідей тапсырмаларды ашуға бағытталады:
A-фрагментарлы;
B-детальді;
C-ауқымды.
Мәтіндер мен тапсырмалар келесі бөлімдерден таңдалынады: