229
Джаннет Тейлор анықтамасына орай 34-тен астам балл адамның
мазасыздану деңгейінің биік екенін, ал 24-тен 34-ке дейінгі балл
орта нормаға тəн, одан аз 14-тен төменгі балл адамның адекватты
емес паталогиялық бейтараптылығын көрсетеді.
Алынған нəтижелер негізінде мазасыздану деңгейіне қоры-
тынды жасалып, сынаққа түскен адамның қасиеті ретінде
қаралады. Жеке адамның мазасыздануымен белгілі бір си-
туацияға тəн əбігерліктін арақатынасындағы теория мəселелері
талқыланады. Сондай-ақ, жоғарғы деңгейдегі мазасызданудың
жұмыс кезінде оқуға тигізе алатын ықпалын азайту жолдары
қарастырылады.
Əдістеме №2
Мақсаты: Адамның иланымпаздық деңгейін анықтау.
Əдісі: Тест - сұрақтар жиынтығы.
Зерттеушінің аты-жөні:
Жасы:
Зерттеу мерзімі:
Тапсырма реті: /1,2,3/
Əр сұраққа жазбаша жауап.
Нұсқау: Берілген сұрақтарға мұқият ойланып, тез жəне жазба
түрде жауап қайыруға тырысыңыздар.
1 - тапсырма: Ал бастадық деген сөзден кейін сіздер əрқайсыңыз
кез келген бір сан жазыңыздар: айталық 5..... немесе ...... . Ал
бастадық...... .
2 - тапсырма: Енді кез келген бір фразаға сөз тіркестерін жазыңыз.
Не туралы жазғың келсе, сол туралы; мысалы: күз туралы, өзіңіз ту-
ралы өзіңіз біліңіз..... Ал бастадық..... .
3 - тапсырма: Кез келген жазушының фамилиясын жазыңыз; мы-
салы: С.Мұқанов..... немесе басқаны..... . Ал кеттік..... .
Достарыңызбен бөлісу: