Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


Жасөспірімдер мен жеткеншіктер жасын диагностикалау



Pdf көрінісі
бет135/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   215
Жасөспірімдер мен жеткеншіктер жасын диагностикалау
Əдістеме №1
Мақсаты: Адамның мазасыздану деңгейін анықтау.
Əдісі: Джаннет Тейлордің сұрақтар жиынтығы.
Нұсқау:  Сізге  өзіңіздің  тəртіп  ерекшеліктеріңізге  жауап  қайыру 
мəнеріңіз  денсаулығыңыз  жағдайына  сай  сұрақтар  беріледі.  Бұл 
сұрақтарға көп ойланып жатпай қысқа «иə» немесе «жоқ» деп жа-
уап беріңіз.
Сұрақтар:
1.  Мен жалықпай ұзақ уақыт жұмыс істей аламын.
2.  Жүрегім жиі айниды (құсқым келеді).
3.  Менің жүйке жүйелерімнің жұмысы жақсы.
4.  Басым сирек ауырады.
5.  Жұмыс көп күш жұмсауымды қажет етеді.
6.  Бір нəрсеге бар назарымды салып ұзақ отыру маған қиынға 
түседі.
7.  Жұмысым мені көп алаңдатады.
8.  Аса  жауапты  жұмыс  жасаған  кезде  қолымның  қалтырап 
кететінін жиі аңғарамын.
9.  Басқаларға қарағанда мен сирек ұяламын.
10.  Ішім жиі бұзылады.
11.  Менде қиындық болып қалар-ау деген ыңғайсыз жағдайларға 
байланысты ойлар жиі алаңдатады.
12.  Мен əдетте қызармаймын.
13.  Мен  жиі  ұяламын,  бірақ  мұны  басқаның  байқағанын 
ұнатпаймын.
14.  Қорқынышты түстерді жиі көремін.
15.  Қолдарым көбіне жылы болып жүреді.
16.  Мазасызданамын, терлегендей болып кетемін.
17.  Əдетте ентікпеймін.
18.  Жүрегім жиі қақпайды. 
19.  Тамақты жақсы жеймін.


228
20.  Ішім жиі ауырады. 
21.  Ұйықтай алмайтын кездерім жиі болып тұрады.
22.  Тынымсыз жəне мазасыз ұйықтаймын.
23.  Менің кемшіліктерімді жұрт байқап қояр деп қауіптенемін.
24.  Ашушаңмын.
25.  Қорқыныш сезімі жиі билейді.
26.  Қорқыныш сезімім бір минутқа да ұзамайды.
27.  Алаңдаушылық сезімі жиі бейлейді.
28.  Басқалар тəрізді менің де бақытты болғым келеді.
29.  Жер қозғалса да, қозғалмаймын.
30.  Көз жасымды жиі тия алмай қаламын.
31.  Мен жиі елегізіп қоқамын.
32.  Денсаулығым көбіне жақсы.
33.  Тосқанды(күткенді) жаратпаймын.
34.  Мазаланған жағдайда бір орында отыра алмаймын.
35.  Ойыма бір нəрсе келсе, ұйықтай алмаймын.
36.  Алдағы асулар мен қиыншылықтарды ойланып, өзіме-өзім 
сенуден қаламын.
37.  Болмашы нəрсеге бола мазам кетеді.
38.  Басқаларға қарағанда мен өзімді батылмын деп есептеймін.
39.  Мен онша үрке қоймаймын.
40.  Мен кейде өзімнің қолымнан не келмейтінін байқаймын.
41.  Қорқыныш  жəне  алаңдаушылық  сезімі  маған  дұрыстап 
ойлануға немесе жұмыс істеуге мұрша бермейді
42.  Жаңа іс бастау маған қашан да қиынға түседі.
43.  Денсаулығымды жиі ойлаймын.
44.  Жүйкем қатты тозған.
45.  Өмірім ауыр.
46.  Өз күшіме өзім сенбеймін.
47.  Соңымнан адамның жақындап келе жатқанын жиі сеземін.
48.  Қиыншылықтарға кездесуден қорқамын.
49.  Өз күшіме сенемін.
50.  Мен өзімді-өзім жиі билей алмай қаламын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет