254
ə) психолог қызмет бабында зерттелінушілердің көзінше
қызметтес əріптестерінің əдіс-тəсілдері туралы ой-пікірлерін
білдіруден сақ болу шарт. Егер қызметтестерінің іс-əрекеттерінде
кемшіліктер байқалса, ол туралы тек əріптес мамандар арасында
сөз болу дұрыс. Егер екінші бір психологтың жұмысында этикалық
нормаларды бұзушылық байқалса, оған əріптестік ескерту жасап,
құпиялылық сақталып қалуы тиіс;
б) егер этикалық норманы бұзушылық əріптестік, жолдастық,
үйлесімділік таппаса, психолог бұл мəселені əдістемелік бірлестікте,
облыстық ғылыми-əдістемелік кеңестің этикалық комиссиясының
талқысына салуына мүмкіндігі бар;
в) грант үшін жариялауға не басқа мақсатпен дайындалған
материалдарға рецензия-пікір айтып, жазғанда, психолог автордың
құқығын жəне құпиялылықты сақтау шараларының алдын алуы тиіс;
г) тексеріс-зерттеулердің қорытындысы жарияланғаннан кейін
психолог ол қорытындылардың негіздерін басқа қызығушылық
білдірген мамандардан жасырмауы керек, өйткені ол мамандар
жарияланған қорытындыларды қайта тексеріп зерттеуге мүдделі бо-
луы мүмкін. Психологиялық деректерді жинаған адамның авторлық
құқы сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: