ІІІ. Жауапкершілік а) психолог қоғам-жұртшылық алдында өзінің кəсіби жəне адами
жауапкершілігін жете түсінуі шарт;
ə) тексеру, зерттеу процесінде психолог, ең алдымен,
адамдардың (клиенттердің) жеке басының қауіпсіздігін, тексеріс
қорытындыларының оған зиянсыз болуын қамтамасыз етуі тиіс;
б) психолог тексеріс-зерттеу жұмыстарын өзі жүргізсе де, осы
жұмыстарды атқарушыларға басшылық етсе де, этикалық Кодекстің
мүлтіксіз орындалуына жауапты;
в) психолог көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде тексерілмеген,
көз жетпеген деректер келтіріп, өзінің білімі мен білгірлік деңгейі
туралы айтып, оқырмандар мен тыңдаушыларға жалған ақпарат
бермеуі тиіс;
г) тексеріс-зерттеу жұмыстарының шынайы мақсатына жетудің
баламасы болмаған жағдайда психолог зерттелінушіге бұл
ізденістердің мақсатын түсіндірмеуіне болады. Бүкіл психологиялық
əрекеттердің құпияларын зерттелінушіге жұмыс аяғына дейін
мəлімдеме берілмейді.