V. Психологияны жоғары кəсіби деңгейде насихаттау а) психологиядан хабарсыз адамдарға əдістеменің тілі түсінікті,
қарапайым болғаны дұрыс.
ə) əр хабарламада психолог іс жүзіндегі психологияның
əдіс-тəсілдерінің мүмкіншіліктері туралы, оның нақ болмысқа
байланыстылығын мəлімдеп отыруы керек.
б) психолог ғылымның бүгінгі деңгейіне сəйкес психологияның
жетістіктерін дəріптеуші болу керек.
VІ. Клиенттің амандығын қамтамасыз ету а) психолог өзінің ізденіс, зерттеу жұмыстарында зерттелінушінің
қауіпсіздігін сақтау, оның құқықтарын бұзбау шарттарын естігені
дұрыс. Психологтың міндеттері этикалық нормаларға қайшы болса,
психолог «бүлдіріп алма, кесірі тимесін» принциптерін ұстанғаны
жөн;
ə) ізденіс əрекеттерінің мақсаты мен орындау жоспарын,
диагностикалық зерттеудің мінездемесін анықтау зерттелінушінің
мүддесін жоғары қоя отырып, адами қасиеттерін бағалап, оған
ешқандай психологиялық нұқсан келтірілмеуі тиіс;
б) қызмет бабында психолог зерттелінушінің жасын, жынысын,
ұлтын, ой-өрісін, білім деңгейін, басқа да жеке басының қасиеттерін
ескеріп, бөлектеу мүмкіндіктеріне жол бермеу керек.