Ақыл-ой (интеллект) – индивидтің ақыл-ой қабілеттері
құрылымының салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы. Ақыл-ойдың
мазмұндық құрылымы жəне өлшем құралдарының қолданылуы
индивидтің тиісті қоғамдық маңызды белсенділігінің (оқу, өндіріс,
саясат ж.т.б.) сипатына тəуелді.
Аутизм – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен–өзі бо-
лып іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күй.
Афазия – сөйлеу қабілетінен толық немесе ішінара айырылу.
Аффилиация – адамның басқалармен қарым–қатынас жасауды
қажетсіну.
Əлеуметтену- қарым-қатынаста жəне іс-əрекетте жүзеге асатын
əлеуметтік тəжірибені индивидтің меңгеруі жəне белсенді қайта
жаңғырту үрдісі мен нəтижесі.