Гиперболизация– заттың жеке сипаттары мен белгілерін
үлкейтіп не кішірейтіп көрсетуде қолданылатын қиял бейнелерін
жасайтын əдістерінің бірі.
Гипноз – арнайы əсерлердің салдарынан адам санасының белгілі
уақыт көлемінде ұйқыға жуық күйі.
Гипнопедия – ұйқы кезінде адамды оқытудың ерекше бір əдісі.
Девианттық мінез-құлық (ауытқу) – қоғамда қалыптасқан
құқықтық жəне адамгершілік нысандарға қарама-қайшы келетін
əрекеттер. Д.м.қ. негізгі түрлері – құқық бұзушылық жəне қылмыстық
жауапкершілікке тартылмайтын моральға қайшы мінез-құлық.