40
мерзімі бір күндік үзілістен тұрады. Өткізілу кезіндегі атмосфера
жайлы, ыңғайлы, тыныш болуы керек.
Жұмысты ең қарапайым əдістемеден бастаған дұрыс. Ол нақты
тақырыпта сурет салу. Бұл суретте зерттелінуші туралы негізгі
мағлұматтарды тізген дұрыс (əулеметтік орны, жанұя құрамы, білім
деңгейі, мамандығы).
1-ші күні 1-ден 10-шы кестеге дейін беріледі 2-ші күні əдеттегідей
11-ден 20-ға дейін. 1-ші сеанс кезінде зерттелінуші жас ерекшілігіне
жəне мəдени деңгейдің өзгеруіне қарамастан стандартты нұсқау
беріледі.
Экспериментті өткізу барысы;
Тесттегі баға беру жəне көрсеткіштер жүйесі туралы ешқандай
мəліметті зерттелінуші білмеуі керек. Тесттік сурет бейнелен-
ген парақтарын кезекпен кезек жеке нөмірлер арқылы белгілеп,
зерттелінушіге қатар көрсетілгені жөн. Зерттелінушіге 5 бөліктен
тұратын, нұсқау беріледі;
1) Сіз мына суретте не көріп тұрсыз? Жағдайды баяндап беріңіз.
2) Сіздің пікіріңіз бойынша, бұл жағдайдың туындауына не се-
беп болды?
3) Енді əрі қарай не болады?
4) Суретте бейнелеген адамдардың ойы қандай?
5) Бейнеленген суреттегі адамдардың сезімі қандай?
Бастапқы хаттамада барлық жауаптар жазылады жəне
мүмкіндігінше толық жазылады. Бағалаусыз таза параққа жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: