Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет24/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   215
Өткізілу барысы
Əрбір суретке əңгіме құру керек.
А) Зерттелінушінің пікірі бойынша дəл осы кезде суретте не бо-
лып жатқанын түсіндіру.
В) Бұл ситуация қандай себептен болғанын сипаттау.
С) Бейнеленген адамдар сезімі мен уайымы туралы айту.
Д) Адамдар ойын елестету, түсіну.
2-ші сеанстың өткізілу барысы қайталанады жəне əңгіме шынайы 
өмірлік оқиға ретінде қабылданып, қиялға ерік берілген кезде жақсы 
ұйымдастырылады. Тест материалында тапсырмадағы жағдайларға 
байланысты зерттелінуші мүмкіндігінше өзі сезіне отырып, суреттің 
ешқандай  заттық  бейнелерін  қалдырмай  елестету  керек  жəне  бос 
орынға  сол  бойынша  əңгіме  құрастыруы  қажет.  Тəжірибе  кезінде 
жалпы кестеге əңгіме айта бастаған аралықтағы ұзақ уақыт бойғы 
тоқтаулар,  жаңылысулар,  өзіндік  сөздер  тіркеледі.  Зерттеу  бары-


41
 
сында  сұрақтар  зерттелінушіге  көріністер  мен  жаңалықтар  туралы 
толығырақ мəліметтер алу мақсатында қойылады.
Тақырыптық  апперцивті  тестті  тек  тұлға  жобасын  жасап  қана 
қоймай,  сонымен  бірге  тұлға  жауаптары  ерекшелігі  көрсетіледі. 
Тақырыптық  апперцивті  тесткинофильм  түрінде  беріледі,  өмірдің 
əр  түрлі  жағдайларындағы  тұлға  мінез-құлқына  байланысты 
бейнелері ашық көрсетіледі. Практикалық Тақырыптық апперцивті 
тесттің нұсқасында 28 сурет бар. Басқа тесттерден айырмашылығы 
тұлғаның  динамикалық  құрылымының  даралық  ерекшеліктерін 
зерттеуде  жəне  əрекет  ету  бағытын  таңдауда  шексіз  ерік  беріледі. 
Мысалы,  Р.  Роршах  тестінде  анықталмаған  қоздырғыш  «Дақ»,  ал 
тақырыптық  апперцивті  тест  жүйесінде  анықталмаған  стимул – 
ерікті жауап. Тақырыптық апперцивті тест бойынша жауап беру еркі 
шектеусіз, бейне жəне суретті өңдеудің нəтижесінде алынған мате-
риалмен түрлі принциптер бойынша тəжірибиелер жүргізілуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет