Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


13 Розенцвейгтің суреттік тесті



Pdf көрінісі
бет29/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   215
50
13
Розенцвейгтің суреттік тесті
Əдістеме – адам қапыда болған қолайсыз жағдайлардан шығу не-
месе  тұлғаның  мұқтаждықтарының  қанағаттануына  кедергілерге  де-
ген реакциясын зерттеуге арналады. Фрустрация – тұрақты жағымсыз 
эмоциялық  күйге  душар  ететін  шектен  асқан  қанағатсыздықты,  сана 
мен  əрекеттің  бұзылуын  білдіретін  ұғым.  Адамның  мақсатына  жету-
де кездесетін көптеген кедергілердің əсерінен пайда болатын өте күшті 
нервтік-психикалық күйзеліс.
Əдістеменің көмегімен апатия, ызалану, жабырқау реакцияларын 


51
 
зерттеуге  болады.  Мазмұнына  қарай  əдістемені  проективті  тестер 
бөлігінде жатқызуға болады. Əдістемеде 16 жағдай беріледі. Оның 
8-і адамға кедергі келтіру, адамды біреу тоқтатады, ренжітеді, ал 8-і 
адамды белгілі жағдайда айыптайды. 
Əдістемеде 24 схемалық  сурет  ересектерге, 24 балаларға 
арналған  суреттер  беріледі  жəне  топ  бойынша  немесе  жеке  дара 
түрде  жүргізіледі.  Жеке  дара  түрде  жүргізілген  кезде  зерттелуші 
жауаптарды  дұрыс  оқуы  керек.  Жүргізуші  оқу  барысында  дауыс 
тембріне  жəне  мимикаға  көңіл  аударуы  керек.  Кейде  зерттелуші 
жағдайларды дұрыс түсінбейді. Егер зерттелуші жауабын өзгерткісі 
келсе, алғашқы жауап үстінен сызылады, бірақ өшірілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет