Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет54/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   215
 субтест «типология» – күрделілігі өсу ретімен орналасқан 8 
тапсырмадан тұрады.  Тестілеуді  ұйымдастыру  алдында  психолог 
зерттелушіге жауаптар парағын жəне тест дəптерін береді. Психолог 
тест дəптерінің 1-ші бетін ашып, жалпы нұсқауымен таныстырады.
Одан  кейін  психолог  нұсқауды  оқып,  дұрыс  түсіндірілгеніне 
көзін  жеткізгеннен  соң, «парақтың  келесі  бетін  ашыңдар  да, 


120
субтесттің 1-ші  бөлімімен  жұмыс  жасауды  бастаңдар»  дейді.  Əр 
субтест зерттелушіге орындалынатын тапсырма логикасын түсінуге 
мүмкіндік  беретін 2-3 мысалдардан  басталады.  Қалған 2 мысал  өз 
бетінше  шешіліп,  ол  жауаптар  парағында  белгіленеді.  Психолог 
жауаптардың  дұрыстығын  тексеріп,  зерттелушімен  бірге  қателерін 
дұрыстайды. 
Жауап  парағы  тесттің  екі  бөліміне  сəйкес  келетін  екі  бөлімнен 
тұрады.  Жауап  парағының  əр  бөлімі 4 субтестке  сəйкес  келетін 4 
қатардан қаралады. Қатар жолының саны əр субтесттегі тапсырмалар 
санына сəйкес келеді. Мысалы, тапсырмаларды орындап болғаннан 
кейін  психолог  «парақты  аударып,  келесі  беттегі  тапсырмаларды 
орындаңдар» дейді де, уақытты белгілейді. «Тоқта» командасымен 
жұмыс аяқталады. Тесттің екі бөлімдердің арасында аздаған үзіліс 
жасауға  болады.  Екі  бөліммен  жұмыс  жалпы  нұсқаудың  негізгі 
моменттерін қайталаудан басталады. Бірінші бөлімнің ерекше болып 
табылатын  себебі,  екі  бөлімде  де  мысал  тапсырмаларға  ешқандай 
вербалды түсініктемелер берілмейді.
Зерттелушінің  жауаптар  парағындағы  нəтижелері  арнайы 
«кілтпен  өңделеді».  Əр  дұрыс  жауапқа 1 балл  беріледі. «Шикі, 
аяқталмаған» ұпайлар жиынтығы субтесттің 1 жəне 2 бөлімдері бой-
ынша бөлек жəне бірге есептелінеді. «Шикі» балдар шкалалы балы-
на аударылады. Тесті жеке жəне топ бойына өткізуге болады. Топқа 
жүргізгенде əр зерттелушінің тест дəптері мен жауаптар парағы бо-
луы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет