205
11) Мақтау, мадақтау формаларының негізінде оқушылардың
белсенділігі артады.
12) Балалар басқалардың назарына іліккен сөздер мен əрекеттерді
қайталайды.
13) Балалар вербалды еместен гөрі, диалогтік-тілдік қарым-
қатынас жасайды.
14) Балалар мақтанғанда ерекше позада болып, əдеттегіден мүлде
бөлек жеңісті білдіретін дыбыс шығарады.
Балаларды байқап, бақылау схемасы бойынша қарым-қатынас
қажеттілігінің «жоғарғы» деңгейіне тəн сипаттар «төменгіден» ба-
сым болса, балалардың коммуникативті іс-əрекетте белсенді бола-
тынын көрсетеді.
Ал балаларға қарым-қатынас қажеттілігінің «жоғарғы» жəне
«төменгі» деңгейлерінің сипаттары тең дəрежеде байқалса,
коммуникативті іс-əрекетке балалардың əр кезде даяр бола
бермейтінділігін көрсетеді. Балаларға «төменгі» деңгейдегі қарым-
қатынас қажеттілігі тəн болса, оның коммуникативтік іс-əрекетке
енжар болатындығы белгілі. Егер 1 мен 7 аралығындағы сипаттар
8 бен 14 аралығындағы сипаттардан басым болса оқушылар қарым-
қатынасты басқаларды бағалай білу үшін, ал керісінше болғанда өз-
өзін білу, бағалау үшін қажетсіну болатындығы шығады. Сонымен
қатар, 8-14 сипаттар басым болғанда 5-6 жастағы балалардың қарым-
қатынас қажеттілігіне тəн ерекшелік көрінеді. Ол оқушылардың өзін
басқалардың түсінуін, өзімен бірге сезімдік күй кешуін (эмпатия),
жанашырлық танытуын қажетсінуінен қарым-қатынас жасайтынын
білдіреді (М. И. Лисина ).
Достарыңызбен бөлісу: