Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


  Коммуникативтілік  мотивтерін  зерттеу



Pdf көрінісі
бет119/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   215
3.  Коммуникативтілік  мотивтерін  зерттеу.  Мұнда  диагнос-
тиканың,  негізінен,  əдістеме  алынды.  Эксперименталды  жұмыс 
мазмұны  екі  түрлі  жағдайдағы  баланың  инициативалық  жəне 
белсенділік  əрекеттерін  анықтап,  қарым-қатынастағы  танымдық 
жəне жеке бастық мотивтерінің арақатынасын зерттеуге негізделеді.
Бірінші  жағдайда,  балалармен  «Бес  тас», «Үй  тігу»  ойындары 
ұйымдастырылды. Мұнда оқушы ойыншық заттар жəне басқалармен 
(экспериментаторлар жəне балалар тобы) өзара əрекеттестік жасау-
ына мүмкіндік берілді. Ұсынылған ойын түрлерінде əрбір оқушыға 
ересек  адамның  немесе  басқа  балалардың  бірлескен  əрекеттестігі 
үшін өзара жəрдем беру қажеттілігі пайда болды. Бұл жағдай арқылы 
оқушының  қарым-қатынастағы  танымдық  жəне  іскерлік  мотивтері 
зерттелді 
Екінші  жағдай  баланың  ересектермен  жəне  басқа  балалар-
мен  əңгімелесуіне  негізделген.  Бұл  жағдай  оқушының  қарым-
қатынаста басқаларды білуге, түсінуге бағытталуын анықтайды. 
Ол үшін «егер мен...», «егер сен...», «бес саусақ неге бірдей емес» 
метафорасы жəне мақал-мəтелдер қолданылды. Мұндағы жағдай 
таза  вербалды,  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауға  негізделген 
жəне  де  əрбір  баланың  қарым-қатынас  жасаудағы  жеке  бас 
мотивтерінің дамуы анықталды.
Əрбір  жағдайдың  ұзындығы 30 минут.  Байқау,  бақылау  хатта-
масына əрбір баланың экспериментатордан жəне басқа балалардан 
сұрақ сұрауының саны тіркеліп, жалпыланды.


207
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет