234 Əдістеме №4 Кластың психологиялық климатын анықтау (А. Н. Лутом- кин) Мақсаты: топтағы психологиялық климат қасиетін зерттеу жəне
ұжым сапасын анықтау.
Материал: əлеуметтік-психологиялық климаттың полярлы
қасиетті баланкісі. Үш бөлікке бөлінеді, парақтау сол жағында
жағымды психологиялық климатты сипаттайтын ұжым қасиеті жа-
зылады, оң жағында – керісінше. Осы қасиеттердің көшу деңгейін
парақтың ортасында орналасқан жеті балдық шкала көмегімен
анықтауға болады (+ 3 тен - 3 ке дейін). Сызбаны пайдалана отырып,
алдымен, сəйкес бағаны таңдау керек. Бағалар мəні:
+ 3 - сол жақтағы қасиет ұжымда үнемі кездеседі;
+ 2 - бұл қасиет көп жағдайда кездесіп отырады;
+ 1 - қасиет өте жиі кездеседі;
0 - ешбір анық байқалмайды;
- 1 - қарама-қайшы қасиет жиі көрінеді;
- 2 - көп жағдайда көрінеді;
3 - үнемі кездеседі.