Үлкен əлеуметтік топтар психологиясын зерттеу принциптері Мақсаты: Студенттердің үлкен əлеуметтік топ классификаци-
ясы, үлкен əлеуметтік топтар психологиясының құрылымы, үлкен
топтарды зерттеудің ерекшеліктері, əлеуметтік кластардың психоло-
гиясы, этникалық топтардың психологиялық ерекшеліктері туралы
білімдерін бекіту.
Практикалық тапсырма Мақсаты: Топтар құрылымына талдау жасау.
Төменде салынған шеңберді – шеңберлік диаграмма деп
елестетіңіз. Бұл сіз оқитын тобыңыздың мүшелерін көрсетеді жəне
оны бөліктерге бөліңіз. Əрбір бөліктің көлемі əрбір адамның топтық
іс-əрекетке салған қорының көлеміне сəйкес келуі тиіс. Мұндай
бөлікті өзіңізге жəне оқытушыға да (куратор) кесіңіз жəне əрбір
бөліктің кімге арналғандығын, аты-жөнін белгілеңіз.