Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет164/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   215
І. Құпиялылық 
а)  зерттеу  барысындағы  деректер  еш  жерге  жарияланбайды. 
Қажет болған жағдайда ғана зерттелінушінің намысына, құқығына 
нұқсан келтірмейтіндей етіп жария етіледі;


251
 
ə)  психологиялық  тексеріс-зерттеу,  тренинг  жəне  басқа 
əрекеттерге  қатысты  адамдар  бұл  жұмыстың  мақсаты,  көлемі, 
қорытынды-тұжырымдар  туралы,  олардың  мүдделі  адамдар  мен 
білім мекемелеріне баяндалатыны туралы хабар болуы қажет;
б)  оқушылардың,  тəрбиеленушілердің,  педагог-мұғалімдердің, 
ата-аналардың психологиялық əрекеттерге (диагностика, кеңес беру, 
түзету жұмысы, психотерапия) қатысуы өз еркімен, ынтасымен бо-
луы шарт;
в)  психологтың  зерттелінуші  туралы  жинаған  мəліметтері, 
қолданған əдіс-тəсілдері тек іс жоспарының шеңберінде, өзі қызмет 
жасап жүрген мекеменің ерекшелік көлемінде ғана болуы керек;
г) егер психологты аттестациялау мақсатында, оның білім деңгейі 
мен біліктілігін айқындау үшін зерттелінеді. Осы мақсатта берілген 
хабарлама  хаттары  тіркеліп,  оның  құпиясы  жарияланбайтындай 
сақтықты қамтамасыз ету;
д)  тындырылған  жұмыс  туралы,  зерттеу  қорытындылары, 
зерттелінушінің  қоршаған  ортада  ешкімге  ұқсастығын  тудырмай-
тындай етіп жазылуы шарт;
е) диагностика, кеңес беру, зерттеу үстінде зерттелінушімен пси-
хологтан басқа бөгде адамның болу, болмауы алдын ала келіседі (16 
жасқа  толмаған  болса,  ол  бала  үшін  жауапты  адамдардың  келісімі 
керек);
ё)  психологиялық  тексеріс-зерттеу  жүргізуге  тапсырыс  бер-
ген  мекеме  басшысы  кəсіби  құпияның  сақталуына  міндетті  екені 
ескертілу  керек.  Басшылыққа  зерттеулердің  қорытындысы  мен 
тұжырымдарын хабарлай отырып, психолог білім жүйесіне қатысы 
жоқ, зерттелінушіге кесірі əсерін тигізбейтін деректерді таратпағаны 
жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет