Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


ІХ. Психологтың кəсіби əрекеттерінің моральдық



Pdf көрінісі
бет171/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   215
ІХ. Психологтың кəсіби əрекеттерінің моральдық 
жағымды құндылығы
а)  психолог  тексеріс  реттеу  жұмыстарына  дайындық  кезінде 
қолданылатын  құрал-жабдықтардың,  оларды  қолдану  немесе 
қолданбау, пайдалануға шектеу қоятын тұстарын мұқият орнала-
стыруы  қажет.  Əсіресе,  бұл  құрал-жабдықтардың  кəсіби  маман 
емес адамдардың қолына түспеуі. Зерттеу кезінде клиенттің жеке 
басының ерекшеліктері, жасы, жынысы, ұлты, нəсілі, діни таны-
мы, секстік қасиеті, дене-психика ерекшеліктері, тілі, əлеуметтік-
экономикалық деңгейі ескерілмеу керек;
ə)  өз  жұмысы  туралы  психологиядан  арнаулы  білімі  жоқтарға 
ақпарат бергенде оның тілі түсінікті жəне сұраныс беруші күнделікті 
тəжірибеде еркін пайдалана алатын түрде болуы тиіс;
б)  БАҚ  беттеріне  жариялағанда  психолог  өз  пікірін  психоло-
гия  ғылымының  тəжірибе  жетістіктеріне  негіздеуі  тиіс.  Жария 
материалдарының  мазмұны  қоғамдық  пікір  мен  клиенттің  көңіл 
күйіне сəйкес болуы керек;
в) психология ғылымына нұқсан келтіретін ізденіс, тексеріс, зерт-
теу жұмыстарына психолог қатыспағаны жөн. 
Барлық  жағдайда  психодиагностикамен  айналысатын  адам 
міндетті түрде моральдік этикалық нормаларды сақтауы тиіс: 
1.  Адамды  еріксіз  зерттеуге  болмайды  (Тек  қана  заңға  сүйеніп, 
сот немесе медициналық тəжірибеде). 
2.  Психологиялық  тестілеу  кезінде  алдындағы  адамға  зерт-
теу  процесі  кезінде  ол  еріксіз  өзі  туралы  ақпарат  беретінін 
түсіндіру. 
3. Əрбір адам (заңға қарсы келмесе) өз зерттеуінің нəтижесін біле 
алады. 
4. Тестілеу ұғынықты формада өтеді. 


256
5.  Кəмелетке  толмаған  балаларды  зерттеуінің  қорытындысын 
ата-анасы немесе басқа олардың орнындағы ересек адам алады. 
6.  Егер  тестілеу  адамның  психологиялық  дамуын  анықтау  мақ-
сатында, конкурстық талдауға, жұмысқа алуға арналса, адам тестілеу 
мақсаты мен қорытындысын ала алады. 
7.  Психологиялық тестерді қолдану жауапкершілігі психологтарға, 
оларды қолданатын ұйымдарға тəн.
Практикалық  психология – бұл  психологтардың  кəсіби  іс-
əрекетіндегі  күрделі  жəне  жауапты  облысы  болып  табылады.  Ол 
сəйкес білімді жəне кəсіби шеберлікті талап етеді жəне адам өмірін 
жоюы мүмкін, мысалы, оның негізіне медициналық немесе соттық 
психологиялық  диагноз  қойылса,  конкурстық  сұрыптау  неме-
се  жұмысқа  қабылдауда  жүзеге  асырылады.  Бұл  байланыста  яғни 
психодиагностикаға  жəне  психодиагностқа  əлеуметтік-этикалық 
талап  ету  қатары  көрінеді.  Енді  бұл  талап  етуді  психодиагностика 
принципі түрінде қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет