Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет169/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   215
VII. Кəсіби қоғамдастық 
а) психологтың жұмысы құқықтық жəне міндеттілік негіздерінде 
өзінің  теориялық  білім  деңгейі  мен  əдіс-тəсілдерін  сырт  қойып, 
білімнің басқа салаларының мамандарын, олардың білімі мен əдіс-
тəсілдеріне құрметпен қарауы абзал;


254
ə)  психолог  қызмет  бабында  зерттелінушілердің  көзінше 
қызметтес  əріптестерінің  əдіс-тəсілдері  туралы  ой-пікірлерін 
білдіруден  сақ  болу  шарт.  Егер  қызметтестерінің  іс-əрекеттерінде 
кемшіліктер  байқалса,  ол  туралы  тек  əріптес  мамандар  арасында 
сөз болу дұрыс. Егер екінші бір психологтың жұмысында этикалық 
нормаларды  бұзушылық  байқалса,  оған  əріптестік  ескерту  жасап, 
құпиялылық сақталып қалуы тиіс;
б)  егер  этикалық  норманы  бұзушылық  əріптестік,  жолдастық, 
үйлесімділік таппаса, психолог бұл мəселені əдістемелік бірлестікте, 
облыстық  ғылыми-əдістемелік  кеңестің  этикалық  комиссиясының 
талқысына салуына мүмкіндігі бар;
в)  грант  үшін  жариялауға  не  басқа  мақсатпен  дайындалған 
материалдарға рецензия-пікір айтып, жазғанда, психолог автордың 
құқығын жəне құпиялылықты сақтау шараларының алдын алуы тиіс;
г)  тексеріс-зерттеулердің  қорытындысы  жарияланғаннан  кейін 
психолог  ол  қорытындылардың  негіздерін  басқа  қызығушылық 
білдірген  мамандардан  жасырмауы  керек,  өйткені  ол  мамандар 
жарияланған қорытындыларды қайта тексеріп зерттеуге мүдделі бо-
луы мүмкін. Психологиялық деректерді жинаған адамның авторлық 
құқы сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет