104
4-БӨЛІМ. ЖЕКЕ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ЖЕКЕЛІК
ҚАСИЕТТЕРДІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
4.1 Жалпы жəне арнаулы қабілеттер диагностикасы
4.2 Инттелектуалды дамудың психологиялық-педагогикалық
диагностикасы
4.3 Жекелік қасиеттердің психодиагностикасы
4.1 Жалпы жəне арнаулы қабілеттер диагностикасы
Жеке адамның жалпы жəне арнайы қабілеттерін дамыту мен
оның диагностикасын талдау, ең алдымен, «қабілет» ұғымының
мəнін терең түсініп алуды талап етеді.
Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір əрекетті
орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері қоғамдық-тарихи
іс-əрекеттердің нəтижесінде қалыптасып, əрі қарай дамып отыраты-
нын атап көрсетеді.
«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны
өте көп. «Қабілеттер» деп əрекеттің талаптарын қанағаттандыратын
жəне үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін
атайды» (А. Н. Леонтьев).
«Қабілеттер» – білім алуға қажетті адамның психологиялық
ерекшеліктері» – дейді А. В. Петровский.
«Қабілет» – іс-əрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нəтижелі
орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті», – деп жазады акаде-
мик Т. Тəжібаев .
Психологтар қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын
дəлелдейді.
Репродуктивті (өнімсіз) – іс-əрекетті не білімді берілген үлгі бой-
ынша қабылдау жəне меңгере алу деңгейі.
Шығармашылық – жаңа нəрсе ойлап табуға бағытталған
қабілеттер деңгейі.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басында қазіргі психодиагно-
стика əдістерінің қалыптасу кезеңінде ақыл-ойдың даму деңгейін
зерттеудің статистикалық мəліметтері қарастырыла бастады. 1877
жылы Гальтон математиктер Пирсон мен Фишерді психологияда
корреляция əдісін қолдану мүмкіндігін жолға қою мақсатында көп
еңбек етті. Фишер дисперсиондық талдауды, Пирсон факторлық
105
талдауды ғылымға əкелді. Гумбольдттың оқыту мен ғылыми зерт-
теу идеясы неміс университеттерін нағыз ғылыми орталықтарға ай-
налдырды. Психологтарды даярлаудың халықаралық орталығына
айналған В. Вундттың лабораториясында тəжірибе алған ол 1883
жылы АҚШ-та алғашқы психологиялық лабораторияның негізін
қалады.
1884 жылы Гальтон адамның қабілетін жан-жақты зерттеуге
бағытталған антропометрикалық лабраторияны ашқан болатын. Ла-
бораторияда 1000 адам эксперименттен өткізіліп, психологияда ста-
тистиканы қолданудың тиімділігін арттыра түсті жəне алғаш рет
корреляция əдісін қолданды.
Я. А. Пономарев, Ж. Пиаже, Л. Терстоун жəне басқа да зерт-
теушілер интеллект өзгеріске ұшырағанымен өмір сүру жолында
тапсырмаларды шешу қабілеті бірдей өзгермейді жəне адам өмірінің
алғашқы жиырма жылында ақыл-ой дамуының негізі қалыптасады
деген тұжырымын жасайды. Адамның ақыл-ойының дамуы 19-20
жасқа дейін жетеді, тұрақтылық фазасы 30-34 жасқа дейін интеллек-
туалды қызметтің өнімділігі төмендейді. Жалпы ақыл-ой қабілеттері
мен айналысатын іс-əрекет (оқу жəне кəсіби) түрлерінің дамуы
адамның жас ерекшелігіне байланысты болады.
Қабілеттердің дамуы оқушылардың жекелік айырмашылықтар
мəселесі болып табылады. Барлық адамдардың əрекет түрлерін
орындау мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз ет-
пеуге де болар еді. Мүлдем еш нəрсеге қабілеті жоқ адам болмай-
ды. Əр адамның бойында бір нəрсеге деген қабілет болады, бірақ ол
қабілеттер дəрежесі əр адамда əртүрлі деңгейде болады. Олардың
іс-əрекетінің белгілі бір түрлеріне қабілеті жоғары немесе төмен бо-
лып келеді. Бұған қарап, мысалы, музыкаға, хореографияға немесе
математикаға қабілеті төмен оқушыларды дарынсыздар қатарына
жатқызу дұрыс емес. Қабілеттің басқа салада жатқандығының
белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында
іс-əрекет арқылы дамып отырады.
Психологтар бірауыздан ақыл-ойы дұрыс, дені сау баланың
оқуға қабілеті орта білім алу мүмкіндігі бар деген көзқарасты
қуаттайды. «Мектеп курсында оқылатын пəндердің бір де бір
тарауының бала үшін қолайсыз екендігін кездестірген емеспін»
– деп жазды В. А. Кру тецкий. Ал академик А. Н. Калмогоровтың
тұжырымдамасы былай дейді: «Математиканы меңгеру үшін
баланың айрықша қабілеті болуы керек деген ұғымдар артық ай-
106
тылады...». Айтылғандарды қорытындылай келе, «қабілет» термині
адамның белгілі бір істі орындап, одан нəтижеге жеткізетін қасиетін
білдіреді деуге болады. Демек, əр баланың бойындағы табиғи
нышандардың, жоғарғы қабілеттер деңгейіне көтерілуі, тек баланың
белсенділігіне жəне дұрыс ұйымдастырылған оқу-тəрбие жұмысына
байланысты.
Қабілеттілік нəтижесінің теориялық жəне практикалық негізін
қалауда С. Л. Рубинштейн еңбектерінің маңызы зор. Ең алдымен,
қабілеттің дамуы мен қалыптасуының психологиялық құрылымын
ашып берді. С. Л. Рубинштейн қабілетті нақты бір іс-əрекетке деген
икемділік деп түсіндіреді. Оның айтуы бойынша, қабілетті жаңа бір
іс-əрекетті жеңіл меңгеру жəне бір іс-əрекеттен екінші іс-əрекетке
көшу, қабылдау тəсілдерін терең меңгеру болып табылады, қабілеттің
негізі – туа біткен нышан, тұқымқуалаушылықтың белгісі, яғни
адамның жүйке, бас миының анатомия-физиологиялық ерекшелігі.
Осыған орай, ғалым «қабілет нышандарының негізінде дами оты-
рып, нышанның өз бетінше функциялануы емес, тек дамудың негізгі
кезеңі, алғышарты» деп жазды.
С. Л. Рубинштейн іс-əрекет барысында қабілет пен ептіліктің
өзара байланысы ерекше рөл атқаратынын, бұл екеуінің бір-
бірімен тығыз байланысты екендігін еске ала отырып, бір жағынан
ептілік, білім т.б. меңгеру қабілеті бар екенін білдірсе, қабілеттің
қалыптасуы сол іс-əрекеттің ептілігі мен білімдерді меңгеру арқылы
іске асатындығын түсіндіреді.
Б. М. Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық
психологиялық өзгешелік деп қарастырады. Б. М. Теплов
қабілеттілікке анықтама бере отырып, оның үш белгісін көрсетеді:
біріншіден, қабілеттілік бір адамды екінші адамнан ажыратуға
негіз болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік; екіншіден,
қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқыза беру-
ге болмайды, тек қандай да бір немесе бірнеше іс-əрекетті орын-
дау барысында нəтижесі табысқа сəйкес жететін ерекшеліктерді
қабілет деп атауға болады; үшіншіден, «қабілет» түсінігі адамда бар
білім, ептілік жəне дағдымен ғана шектеліп қоймайтындығын айта-
ды, яғни тек ептілік, білім, дағды ғана бар деп айтуға болмайды,
керісінше, сол ептілік, білім, дағдыны меңгеруге қабілетті деп
санайды. Б. М. Теплов: қабілеттіліктің дамуы – бір жақты ғана
болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың күресі
деп көрсетеді.
107
Б. Г. Ананьев қабілет мəселесін жетілдіре отырып, қабілет
тек индивидтің белсенді іс-əрекетінде тəжірибені меңгерудегі
психологиялық аспектісі ретінде ғана көрсетпей, сонымен қатар,
психологиялық құрылым ретінде жеке адамның қабілетке бай-
ланысын көрсетеді. Оның айтуынша, қабілеттілік – ақылдың
шығармашылық дамуының көрінісі. Тек білімдердің жинақталуы,
əрі бұл білімдерді шығармашылық көрсетуінде ғана емес, жаңа бей-
не, жасампаздық əрекет құра алуы деп көрсетеді.
Кеңес психологиясында, ең алдымен, С. Л. Рубинштейн жəне
Б. М. Теплов өз еңбектерінде іс-əрекеттің нəтижелігі бойынша
«қабілеттілік», «дарындылық» жəне «талант» ұғымдарына жіктеу
жасауға тырысқан.
Қабілет, дарындылық, талант мəселесін шешудің эмпирикалық
негізін салушы, əрі осы күнге дейін қолданып жүрген оның зерт-
теу əдістері мен əдістемелерін ұсынған Гальтон болды. Оның айтуы
бойынша, қабілеттің детерминациясы – тұқымқуалаушылық пен
ортаның сəйкестігі жəне жалпы қабілет пен арнайы қабілеттің өзара
байланысы – қабілеттің дамуының негізі болып табылады.
Дамудың жас кезеңдері барысында, əсіресе, соның ішінде – жал-
пы қабілеттің алғышарттарының əр түрлі жақтары - əрбір балалық
шақта - өзіне тəн нақты жақтары болатындығына негіздеме бар.
«Жалпы қабілеттің қалыптасуы үшін, тек ақыл-ой деңгейі ғана аса
қажет емес, сондай-ақ оқу-тəрбиелік əсердің де, жас кезеңдерінде де
мəні зор», - деп көрсетеді Н. С. Лейтес.
Психология ғылымында қабілеттің үш концепциясы қалыптасқан.
Оның бірі – қабілет толығымен əлеуметтік орта жəне тəрбиеге байла-
нысты анықталады. Біршама дұрыс концепция – қабілеттің үшінші
концепциясы. Оның өкілдері: Б. М. Теплов, В. А. Крутецкий, Я. А.
Пономарев концепцияларында кез келген адам белгілі бір нышан-
мен туылады, дегенмен табиғи күштер мен нышан, қабілеттің да-
муы үшін əлеуметтік қолайлы жағдай қажет деп көрсетеді. Үшінші
концепция табиғилықтың мəнін жоққа шығармайды, сонымен
бірге, қабілеттердің əлеуметтік тарихи сипатын ашып көрсетеді.
Біз өзіміздің жұмысымызда осы концепцияны басшылыққа ала от-
ырып, бастауыш мектеп оқушыларына əлеуметтік қолайлы жағдай
құру арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамытуға болаты-
нын дəлелдеп отырмыз.
Ж. Аймауытов өз еңбектерінде «жақсы қойылған сұрау жақсы
жауап тілейді» дей отырып, балалардың шығармашылық қабілетін
108
дамытуға байланысты жақсы тапсырмалар мен жақсы сұраулар
қойылса, соған сəйкес бала қабілеттіліктің жан-жақты əрі мəнді
көрінуіне əсерін тигізетіндігін дəлелдейді. «Оқыту адамдардың
табиғатына қарай болсын» деп айтылған ойы бар бала бойындағы
қабілет құрылымы, бағыты, жүйесіне орай тапсырмалар беру –
баланың білімді тез əрі жеңіл меңгеруіне, қабілеттің ақындылығына
себепші болады.
Психология ғылымында қабiлеттiң үш конценциясы қалыптасқан.
Оның бiрi – қабiлет – жеке адамның биологиялық басым қасиеттерi,
олардың көрiнуi мен дамуы тұтастай тұқымқуалаушылықа байла-
нысты деп дəлелдейдi жəне қабiлеттiң тұқымқуалаушылықпен
анықталу кезқарасын терiске шығарады. Қабiлеттiң бiрiншi кон-
цепциясына қарама-қарсы екiншi концепция – қабiлет толығымен
орта жəне тəрбиеге байланысты анықталады деп көрсетедi.
Өмiрлiк бақылаулар жəне арнайы зерттеулер қабiлеттiң табиғи
алғышарттарын терiске шығаруға болмайтындығын делелдейдi.
Арнайы iс-əрекеттерде олар ерекше орын алады. Ғылыми
тұжырым бойынша адам миының анатомиялық қалыптасуы
даралық ерекшелiктерiн көрсетедi жəне оның функциясы-
на əсер етпей қоймайды деп көрсетедi. Сондай-ақ, физиолог-
тар қабiлеттiң қалыптасуы мен көрiнуiнде жүйке жүйесiнiң
туа бiткен типтiк ерекшелiктерi бар екенiн делелдейдi. Жеке
адамда жағымды үйлесiмдiлiкте болатын көптеген қабiлеттер
болуы керек. Қандай да бiр iс-əрекеттi нəтижелi орындауға
мiндеттi түрде қажеттi қабiлеттердiң сапалы өзiндiк ерекшелiкте
үйлесiп келуi дарындылық деп аталады. Жеке қабiлеттер сияқты
дарындылық та арнайы (нақты iс-əрекетке) немесе жалпы (iс-
əрекеттiң əрқилы түрлерiнде) болуы мумкiн. Іс-əрекеттiң əрбiр
түрi үшiн ең негiзгi қандай қабiлет екендiгi туралы сұрақты зерт-
теу аса маңызды нəрсе. Бұл адамдарда қалыптасатын қабiлеттердiң,
жалпы мəдениеттiң жоғарылауын жəне еңбектiң нəтижелiгiн
жоғарылатудың бiрқатар тиiмдi əдiстерiн табуға көмектеседi.
Адамның дарындылығының сапалы өзiндiк ерекшелiгiн мiндеттi
түрде оның iс-əрекеттi орындауынан керуге болады. Дарындылық
адамға өмiрге бейiмделуiнiң тəжiрибелi алдынала анықталатын
мүмкiншiлiктерi мен генетикалық өлшемi болып табылады.
Дарындылықтың негiзгi функцияларына – қоршаған ортаға, өмiрге
бейiмделу, шығармашылық сипатты талап ететiн жаңа, күтпеген
жағдайларда туындаған барлық жағдайлардан шешiм табуға болады.
109
Арнайы дарындылық – субъектiде мəселенi шешу мен жоспар-
лау стратегиясын функциялау арқылы көрiнетiн нақты (iс-əрекетте
көрiнетiн) ой, пiкiр, дағды, бiлiмдердiң жылдам жəне нақты жүзеге
асыру мүмкiншiлiктерiнiң болуымен сипатталынады. Қабiлеттгiң
сезгiштiк қасиетiнiң материализациясы үш түрден тұрады:
1. Табиғаттың бөлiгi ретiнде өзiн жəне сыртқы ортаны бейнелеу
қабiлетi (бiз естимiз, көремiз, сеземіз т.б. бұл процесте барлық сезiм
мүшелерi жұмыс iстейдi).
2. Өзiн сыртқы ортамен байланыс жасай алу қабiлетi (жаңа нəрсенi
құру, табиғатқа ойша əрекет жасау, киялмен жұмыс, болжам құру).
3. Өзiнiң iс-əрекет барысында заттар мен өнiмдердi құру қабiлетi
жəне үйлесiмдiлiк өлшемi бойынша өзiн iштей өңдейді (ойдың iске
асуы, нақты заттармен, құбылыстармен нақты əрекеттi жүзеге асыру).
Адамдағы өзара байланысқан барлығы табиғаттан берiлгендiгiн
айта кету керек. Кез келген iс-əрекеттiң ең негiзгi тұтастығы жəне
оның технологиясы – адамдағы сезгiштiк қабiлеті мен механизмдері
ешқашанда бiр-бiрiнен ажырамайды. Механизмдер бұл адамның
бейнеленгендерiн əртүрлi мазмұнда жүйелейтiн жəне оны бiртұтас
етіп ұстайтын өзара байланысқан қабiлеттердiң бiрiгуi. Қабілеттілік
іс-əрекетте байқалады, анықталады, дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |