Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет118/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   153
10.6. Май қышқылдары синтезі
Май қышқылдарының синтезі басталуы үшін ацетил-Коа 
қажет. Ацетил-КоА митохондрий матриксінде көбінесе пиру-
ваттың декарбоксилдене тотығуы нəтижесінде пайда болады. 
Май қышқылдар синтезінің бірнеше ерекшеліктері бар. Ол:
1. cинтез цитоплазмадағы эндоплазмалық торда жүреді; 
2. cинтезге ацетил-КоА-дан түзілетін малонил-КоА жұм 
са-
лады; 
3. aцетил-КоА-синтез тек синтездік реакциялардың басталуы-
на ғана қажет, яғни «ұйытқысы» болып табылады (затравка);
4. май қышқылдарының синтезіндегі аралық заттарды то тық-
сыздандыру үшін глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыды-
рауы кезінде түзілетін НАДФН · Н
+
жұмсалады; 
5. май қышқылдарының синтезін жүргізетін ферменттерді бір 
мультиферменттік комплекске біріктіреді, оны жоғары май қыш-
қылдарының синтетазасы деп атайды;
6. малонил-КоА май қышқылдар синтезіне қатысады. Мало-
нил – КоАсинтезі екі кезеңнен тұрады:
1) карнитиннің жəне ацетил-КоА карнитин-трансфераза фер-


255
ментінің көмегімен митохондрийден цитоплазмаға өтуі ацил-
карнитинді механизмі деп аталады (39-сурет).
39-сурет. 
Ацетил-КоА транспортының карнитинді механизмі
митох. 
Ацетил–SКоА + карнитин
Ацетил – карнитин 
Цитоплазма 
2) цитрат-транспорттық жүйе, бұл:
Реакция іс жүзінде қайтымсыз. Ацетил-SKoA май қыш қыл-
дарының синтезіне төмендегідей жолмен түседі (40-сурет).


256
Малат митохондриде оксалоацетатқа дейін тотығады. Тотық-
сызданған НАДФН, ацетилКоА жəне СО
2
май қышқылдарының 
синтезіне қатысады. 
Май қышқылдары синтезіне қатысатын барлық ферменттер 
бірігіп, май қышқылдарының синтетазасы атты мультиферментті 
комплекс түзеді. 
Жануарлар ұлпаларының синтетазасы - екі ұқсас мономер-
лерден тұратын димер. 
Ферменттің əр мономерінің алты активті орталығы жəне 
ацил-тасымалдаушы белогі (АТБ) болады. Ацил-тасымалдаушы 
белок (АТБ) құрамында фосфорилденген пантотен қышқылы (ви-
тамин В
3
) жəне диэтиламин коваленттік байланыс арқылы АТБ 
полипептидтік тізбегіндегі амин қышқылының HS-қалдығымен 
байланысқан. Сондықтан ацил-тасымалдаушы белокты HS – АТБ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет