261
Соңғы фазада
α, β диацилглицеролдың соңғы бос тұрған – ОН
тобы ацилденеді. Катализді диацилглицерол-ацилтрансфераза
жүргізеді.
10.8. А-ацетилкоферменттің түзілуі жəне
биологиялық маңызы
Сірке қышқылының активті түрі – А-ацетилкоферменті кө-
мірсулар, липидтер жəне ішінара белоктар
метоболизмінің өзек ті
тізбегі.
А - ацетилкоферменті əртүрлі органикалық заттардың кө-
міртегі қаңқасы ыдыраған кезде түзіледі, сонымен қатар,
сол зат-
тар синтезі үшін құрылыс бірлігі болады. Жануарлар жəне адам
ағзасына барған барлық қоректік заттар А - ацетилкоферментіне
айналады, бұдан кейін басқа заттарға айналып өзгереді.
Ацетил-КоА-ның бай көзіне май қышқылдары жатады. Мы-
салы, стеарин қышқылы (С18) β – тотығу процесі нəтижесінде
9 молекула ацетил ~ КоА береді. Глюкозаның бір молекуласы
екі
молекула, ал глицерин бір молекула ацетил ~ КоА береді.
Көптеген амин қышқылдары (аланин, серин, цистеин, лейцин,
валин, тирозин, фенилаланин жəне басқалары) тотығу арқылы А
- ацетилкоферментіне айналады.
Ацетил ~ КоА-ның биологиялық маңызы мынадай: біріншіден,
жасуша митохондриясында лимон
қышқылының циклі бойын-
ша СО
2
мен Н
2
О дейін тотығады да, энергия бөліп шығарады.
Бұл кезде бөлініп шығатын энергияның шамамен 40%-ы АТФ
молекулаларында жиналады. Екіншіден,
ол көптеген маңызды
262
биологиялық заттардың синтезі үшін түйінді затқа жатады. Аце-
тил-КоА-дан мынадай заттар синтезделеді:
1) май қышқылдары (май қышқылдары жасушаларда май,
фосфолипидтер түзілу үшін жұмсалады);
2) глицериннің активті түрі 3-фосфоглицерин (ол липидтер
синтезінің құрамдас бөлігі);
3)
ауыстырылатын амин қышқылдары;
4) стеролдар, мысалы, холестерол,
одан жыныстық, стероид
гормондары, өт қышқылдары түзіледі;
5) ацетилхолин (ол жүйке қозуының медиаторы - делдалы);
6) мукополисахаридтер, ацетилгексоаминдер, олар
гликопротеидтердің
құрамына кіреді, гликопротеидтер
жануарлардың жəне адамның, қан тобын анықтау үшін
қажетті зат.
Достарыңызбен бөлісу: