Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


VII. НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ АЛМАСУЫ



Pdf көрінісі
бет82/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   153
169
VII. НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ АЛМАСУЫ
7.1. Нуклеин қышқылдарының ыдырауы жəне сіңірілуі
Нуклеин қышқылдарының алмасуы жоғары дəрежелілігі-
мен сипатталады, себебі олардың əрекетімен белоктік заттардың 
биологиялық түзілуі тығыз байланысқан.
Азықта нуклеин қышқылдары нуклеопротеидтер түрінде бо-
лады.
Құрамында нуклеопротеидтері бар азық ауыз қуысында ме-
ханикалық тұрғыдан ұнтақталады, сілекеймен шыланады да, 
өңеш арқылы асқазанға түседі. т-РНҚ-ның бірен-сараны сілекей 
рибонуклеазасымен (РНК-азасымен) олиго- жəне мононуклео-
тидтерге ыдырайды.
Асқазанда пепсин жəне тұз қышқылының əсерімен нуклео-
п ротеидтердің көпшілігі нуклеин қышқылдарына жəне қарапа-
йым белоктарға ыдырайды.
Нуклеопротеидтердің алмасуы ащы ішекте аяқталады. Қал-
ған нуклеопротеидтерді трипсин нуклеин қышқылдарына 
қарапайым белокпен ыдыратады. Қарапайым белоктар (прота-
миндер жəне гистондар, альбуминдер жəне глобулиндер) ұйқы 
безінің жəне ішек сөлі ферменттерінің əсерімен амин қыш-
қылдарына дейін ыдырайды да, ащы ішекте сіңіріледі.
Нуклеин қышқылдарының ағзада алмасуы үлкен жылдам-
дықпен өтеді. Мысалы, тышқандар молекуласында ДНҚ молеку-
ласының жарты өмірі 1 тəуліктен 5-тəулікке дейін, ал көптеген 
мРНҚ-ның жарты өмірі эукариоттарда бірнеше тəулікті құраса, 
прокариоттарда бірнеше секунд болуы мүмкін.
Нуклеин қышқылдары ағзада нуклеаза ферменттердің əсерінен 
ыдырайды. Бұл ферменттер нуклеотид аралық фосфодиэфирлі 
байланыстарды үзеді. 
Полинуклеотидтердің ішкі байланыстарын – эндонуклеаза 
ферменттері ажыратады, нəтижесінде олигонуклеотидтер түзі-
леді. Нуклеин қышқылдары молекуласын тізбектің шетінен үзіп 
ажырататын нуклеазалар – экзонуклеазалар. Бұл кезде нуклеин 
қышқылдары мононуклеотидтерге дейін ыдырайды.


170
Нуклеаза ферменттерін субстраттың түріне қарай: рибону-
клеаза жəне дезоксирибонуклеаза деп те бөледі. Рибонуклеазалар 
– РНҚ молекуласының ыдырауын, ал дезоксирибонуклеаза ДНҚ 
молекуласының ыдырауын тездетеді.
Мұндай бөліну шартты түрде ғана жүреді, қазіргі заманда 
ДНҚ-ға да РНҚ-ға бірдей əсер ететін арнайы талғаушылық қасиет 
жоқ эндо- жəне экзонуклеазалар да бар.
Нуклеин молекуласының фосфодиэфирлі байланыстары-
на əсер ететін нуклеазалардың сипаты екі түрлі болып келеді: 
бірінші түрі 3′-көміртек атомымен рибоза немесе дезоксирибоза 
арасындағы күрделі фосфодиэфирлік байланысты (р-3′С - бай-
ланыс) гидролиздейді, ал екінші түрі 5′-көміртек пен рибоза мен 
дезоксирибозаның фосфодиэфирлік байланысын ыдыратады. 
(Р-5′С - байланыс).
Р-5′С байланысты үзетін нуклеазаны 3′-нуклеаза деп, ал Р-3′С 
байланысты үзетін нуклеазаны 5′ - нуклеаза деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет