Сабақ. Липидтер алмасуы. Асқ түзілуі жолдары. Май қышқылдарының, холестеролдың және кетон денелерінің синтезі. Аралық бақылау «Липидтер алмасуы» Сабақтың соңында студенттер қабілетті болады



Дата15.11.2023
өлшемі18,93 Kb.
#123520
түріСабақ

9 САБАҚ. Липидтер алмасуы. АСҚ түзілуі жолдары. Май қышқылдарының, холестеролдың және кетон денелерінің синтезі. Аралық бақылау «Липидтер алмасуы»
Сабақтың соңында студенттер қабілетті болады:

  1. Ацетил-КоА-ның пайдаланылу жолдарын атап шығуға

  2. БМҚ, кетон денелерінің биосинтезі туралы түсініктерді білу

  3. Кетон денелерін атап шығуға

  4. Кетон денелерінің организмдерде неге және қандай тіндерде қолданылатынын түсіндіру.

  5. Липидтер алмасуының соңғы өнімдерін атап кетуге

  6. Биохимия және постреквизиттің басқа да тақырыптарын зерттегенде осы тақырып бойынша білімдерін пайдалануға.

  7. Тақырып бойынша тест тапсырмаларын шешу және жаттығулар орындауға.

Әдебиеттер
1. Биохимия: Оқулық /РҒА корр.-мүшесі, проф.Е.С.Севериннің редакциялық басшылығымен; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.х.ғ.д., проф. А.Ж.Сейтембетова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- 283-318, 321-339 б.
2.Kaplan USMLE ,Biochemistry and Medical Genetics,2013, p147-158
Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
1) АСҚ-ң пайдаланылу жолдарын қарастыру (схема түрде).
2) БМҚ биосинтезінің негізгі сатылары.
3) Пальмитин қышқылы синтезіне жұмсалған АТФ санын есептеңіз
4) Кетон денелерінің синтезі, гиперкетонемия мен кетонурия себептері, аштық және қантты диабет кезіндегі даму механизмі.
5) Кетон денелерінің тотығуы. Ацетосірке және -гидроксимай қышқылдарының тотығуының энергиялық балансы.
6) Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан бөлінуі.
Сабақты өткізу форматы:
1) Кесте толтыру және ауызша сұрақтарға жауап беру
2) Тест талдау
3) Глоссарийді талдау
4) Аралық Бақылау. «Липидтер алмасуы» Сұрақтар берілген:

  1. Тағам липидтері, олардың жіктелуі, маңызы.

  2. Тристеариннің химиялық табиғаты, ТАГ маңызы, қорытылуы, ТАГ-тың гидролиз өнімдерінің сіңірілуі.

  3. Фосфолипидтердің химиялық табиғаты, жіктелуі, маңызы, қорытылуы, ФЛ-ң гидролиз өнімдерінің сіңірілуі.

  4. Стериндердің химиялық табиғаты, жіктелуі, маңызы, холестериннің сіңірілуі.

  5. Холестеридтердің химиялық табиғаты, қорытылуы, гидролиз өнімдерінің сіңірілуі, холестериннің маңызы.

  6. Көп қанықпаған май қышқылдары (КҚМҚ), өкілдері, маңызы. Ағзадағы эссенциалды май қышқылдарының атқаратын ролі.

  7. Ішек қуысында жүретін үрдістер.

  8. Мицелла, түзілетін орны, құрамы, сіңірілгеннен кейнгі өзгерістері.

  9. Өт қышқылдарының химиялық табиғаты, маңызы. Жұп өт қышқылдары, өкілдері, маңызы. Өт қышқылдарының энтерогепатикалық айналымы, оның маңызы.

  10. Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының, өкпенің, бауырдың, май тінінің ролі.

  11. Хиломикрондар, түзілетін орны, құрамы, маңызы, ағзадағы өзгерістері.

  12. Липопротеидтер, түрлері, құрамы, ағзадағы өзгерістері мен маңызы.

  13. Липидтердің тасымалдану түрлері, олардың бір-бірінен айырмашылықтары. ТТЛП мен ЖТЛП – ның құрамы мен липидтер мен холестеринді тасымалдауындағы ролдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  14. Хиломикрондар және ЛП, құрамы мен қызметтеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  15. БМҚ мен глицериннің анаболикалық реакцияларға пайдаланылуы.

  16. ТАГ пен ФЛ биосинтезі, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  17. Фосфатид қышқылының химиялық табиғаты, оның пайдаланылу жолдары.

  18. ФЛ-дің липотроптық әсері.

  19. Липогенез, липолиз, липонеогенез, түсініктер, бұл процестердің маңызы, қандай мүшелерде бұл процестер көп жүреді.Қандай жағдайларда және қалай липонеогенез жүреді? Липидтердің гидролиз өнімдерінің бауырға түсу жолдары (кестемен көрсетіңіз).

  20. Ағзадағы глицериннің өзгерістері. Глицерин тотыққанда түзілетін АТФ санын есептеңіз.

  21. Глюкозаның бір молекуласының синтезіне қанша глицериннің молекуласы жұмсалады (глицериннен глюконеогенезді кестемен көрсетіңіз).

  22. Жасушадағы БМҚ өзгерістері: пальмитин, олеин, стеарин, С19Н39СООН қышқылдарының тотығуы, бұл қышқылдар тотыққанда түзілетін АТФ санын есептеңіз.

  23. Қан тамыр ішілік липолиз, маңызы.

  24. БМҚ, жіктелуі, әр түрлі БМҚ-ың тотығу әдістері.

  25. КҚМҚ-ның пероксидтік тотығуы.

  26. Антиоксиданттық қорғаныс жүйесі, оның негізгі компоненттері, маңызы.

  27. Тристеарин, трипальмитин, дистеаропальмитин тотыққанда түзілетін АТФ санын есептеңіз..

  28. Ацетил-КоА-ның түзілу және пайдаланылу жолдары.

  29. Липидтер алмасуындағы ҮКЦ, БТ, ТФ ролі.

  30. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері, қандай процестер нәтижесінде олар түзіледі.

  31. БМҚ синтезі, реакциялардың жүйелілігі. Қанша АТФ пен НАДФН2 пальмитин, капрон қышқылдарының синтезіне жұмсалады?

  32. Кетон денелерінің биосинтезі, химиялық табиғаты, ағзадағы пайдаланылуы.

  33. Кетогенездің күшеюінің себептері, ол неге әкеледі.

  34. Холестеринніңсинтезі, сатылары (1 сатысын формуламен жазыңыз).

  35. Кетон денелері мен холестериннің синтезіндегі ортақ реакциялары, ортақ аралық өнімінің пайдаланылуы неге байланысты?

  36. Холестериннің алмасуы және ағзада тасымалдануы.

  37. Холестериннің алмасуындағы бауырдың ролі.

  38. Липидтер алмасуының бұзылуы (атеросклероз, өт-тас ауруы, стеаторея, семіздік, бауырдың майлануы, гиперлипопротеинемия түрлері).

Сабақты бақылау: бағаланатын оқыту нәтижелері – білім (чек –парақша бойынша бағаланады).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет